Бердібек Соқпақбаев. Шал мен бала

Әдебиеттік оқу пәнінен «Шал мен бала» тақырыбына 3-ші сыныпқа арнап жазған сабақ жоспары.

Автор: Мырзакасымова Айжамал Конысболатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Жалпы мақсаты Автор жайлы, еңбегі жайлы деректермен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып, негізгі идеясын ашу. Міндеттері - Оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, сауатты оқуын, сөздік қорын дамыту. - Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі Жаңа сабақ Күтілетін нәтижелер - Ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай туғыза отырып, шығармашылық қабілеттерін дамиды. - Өз бетінше берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді. Сөздік қорлары молаяды. - Мәтінді түсініп оқып, негізгі идеясын түсінеді. - Топтық жұмысты пайдалану кезінде, көшбасшы балалар анықталады. Сабақтың түрі Аралас сабақ Қолданылатын модульдер 1. Сын тұрғысынан ойлау 2. Акт пайдалану 3. Бағалау 4. Көшбасшылық 5. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану 6. Дарынды, талантты балаларды оқыту 7. Жас ерекшелігіне сай оқыту Қолданылатын құралдар А4 форматты ақ қағаз, түрлі түсті маркерлер, суреттер; Қолданылатын техникалық қүрал Компьютер, проектор Тапсырмалар wікі беттерінен жүктелген дереккөздер 1. «Бірлік»тренингі 2. «Конверттер» әдісі 3. «Болжау» әдісі 4. «Үзінді. Дәлел. Проблемалық сұрақ. Сұрақ-жауап» 5. Ой қозғау, әдістері 6. Бағалау. «Табыс ағашы», «Бағдаршам» Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ұйымдастыру кезеңі «Бірлік»тренинг ұйымдастыру Психологиялық дайындық Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады Оқушыларды топқа бөлу 1- топ. "Зейін" тобы 2- топ. "Ақыл" тобы 3- топ. "Білім" тобы 4- топ. "Алғыр" тобы Мақсаттар мен күтілетін нәтижені айқындау жұмысы. «Бірлік» тренингіне қатысып, ойы шоғырланады, ұйымшылдыққа бағытталады.. Күн жарығын алақаныма саламын. Жүрегіме басып, ұстай қаламын Сыныбым жарық, достарым мейірімді, Шуағына толып кетер жан-жағым. 1, 2, 3, Сыныбымыз тыныш. Сабақты біз бастаймыз, Жалқаулықты тастаймыз. Оқушылар топқа бөлінеді. Сабақ барысында орындалатын тапсырмалармен, оны бағалау түрлерімен танысады. «Алтын ережені» қайталайды. Үй тапсырмасы "Конверттер" әдісі. Үлестірмелі қима қағаздарды пайдалану арқылы сұрақтарға жауап алу. «Ақ шаш» (В. Сухомлинский), "Ана" Ғ. Орманов 1. «Ақ шаш» мәтінінде кімдер туралы айтылған? 2. «Ақ шаш» мәтініндегі баланың есімі кім? 3. Мишаның байқампаздығын неден аңғардың? Сұрақтарға жауап береді. 1. "Зейін" тобы- "Ақ шаш" мәтіннің мазмұның әңгімелеу 2. "Ақыл" тобы- "Аяулы ана" эссе 3. "Білім" тобы - "Ана" туралы мақал -мәтелдер 4 "Алғыр" тобы - "Ана" өленің жатқа айту Білу Кинофильмнен үзінді "Менің атым Қожа" - Балалар сендерге осы фильм таныс па? - Ендеше оның авторы туралы не білесіңдер? "Менің атым Қожа" кинофилмнен үзінді көреді, талдайды - Ия - Б. Соқпақбаев (балалар білгендерін айтып береді.) Түсіну Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы. Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған. 1. Электрондық оқулықтан әңгімені тыңдату "Болжамдау әдісі" Мәтінді бөлімге бөліп болжау Б. Соқпақбаевтың өмір баянымен танысады. Эл. оқулықтан әңгімені тыңдайды. Мәтін бөлімдерін болжамдап, айтады. «Қолдану». 1-тапсырма. Мәтінді өз беттерінше оқуға тапсырма беріледі. Әр топқа мәтіннен үзінді таратылады. "Түртіп алу" әдісі Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру. 1. Бүкірлеу – еңкейген адам. 2. Қоба сақал – қалың сақалды. 3. Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ. 4. Ілгері лықсып – алдына қарай жүру. 5. Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз. 6. Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді. 2-тапсырма. Сұрақ - жауап Атай қайдан келе жатыр еді? - Мәтіндегі тақырбас баланың аты кім еді? -Трамвайда кімдер келе жатты? -Қарт балаға не үшін рахмет айтты? -Бала мен қарт кісі арасында не туралы әңгіме өрбіді? -Оқиғаға тағы кім қосылды? -Бала неге қысылды? Мәтінмен жұмыс жасайды. Өз бетінше оқып, сұрақтарға жауап береді. Мәтінде кездескен қиын сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Дәптермен жұмыс: қиын сөздерді түсініп, дәптерге орындайды. Қойылған сұрақтарға белсенді жауап береді? «Талдау». 1. "Зейін" тобы- Суретпен жұмыс 2. "Ақыл" тобы- Мәтіннен кездескен нақыл сөздерді теріп жазу 3. "Білім" тобы - "Орнын тап" тапсырмасы. Жоспарды ретімен қою 4 "Алғыр" тобы - "ВЕНН диаграммасы" 1. «Орнын тап» тапсырма Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне қарай орналыстыр Атаның әңгімесі – 3 Трамвайдан түскенде – 1 Атаның немересі – 4 Атаның балаға риза болуы – 6 Бейтаныс баланың көмегі – 2 Ата мен немересінің әңгімесі – 5 "ВЕНН "диаграмма «Жинақтау» - Балалар, сонымен бүгінгі тақырыптан не түсіндік? - Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсыңдар ма? -Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме? -Біреудің бауынан жеміс ұрлауға бола ма екен? -Үлгілі оқушы болуға тырысамыз ба? -Өте жақсы балалар, сендердің мәтінді түсінгендеріңді көріп тұрмын. Оқушылар білімдерін жинақтап, сұрақтарға жауап береді. «Бағалау» Бағалау парағы арқалы бағаланады. Топ басшылары оқушылардың сабақ барысындағы жинаған баллдарын есептеп қорытынды бағасын шығарады. Кері байланыс "Табыс" ағашы Жапырақ, гүл, жеміс стикерлер арқылы оқушылар аттарын жазып, "табыс" ағашына іледі. Үйге тапсырма Шығармашылық жұмыс. 1. Мәтінді оқу, әңгімелеу 2. Шал мен балаға мінездеме беру Күнделіктеріне жазып алады.