Зияткер – 2017

Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету. Студенттерді ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Автор: Оспанова Акниет Ұғыбайқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету. Студенттерді ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өткізу формасы: интеллектуалдық сайыс Сыныптан тыс жұмыс барысы: (Шығуға арналған музыка ойналады) Кіріспе бөлім: Оқытушы: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі валеология пәні бойынша «Зияткер - 2017» сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейін: 1. Әдіскер Конырова Рзагул Жолболдиевна 2. Химия пәні оқытушысы Рисбаева Раушана Бидуллаевна 3. Биология пәні оқытушысы Келимбердиева Сапаргул Матсалаевна Сайыс кезеңдері: № 1 кезең. Таныстыру (Топтың аты, ұраны, эмблемасы) № 2 кезең. «Мың бір мақал!» № 3 кезең. «Бейне сұрақ» № 4 кезең. «Капитандар сайысы» № 5 кезең. «Ой толғау» №1 кезең бойынша топтар сәлемдесіп, өздерін таныстырады. №2 кезең бойынша топтарға кезекпен-кезек мақал-мәтелдердің бірінші жолы айтылады, екінші жолын топ мүшелері жалғастырады. 1 топқа – «Отбасы» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер беріледі. 2 топқа – «Достық» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер беріледі. «Иммунитет» тобы «Отбасы» туралы мақал-мәтелдер 1. Отбасы жоқ адам ................... (тамырсыз ағашпен тең) 2. Әке – асқар тау, шеше - .................... (бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ) 3. Әке көрген оқ жонар, ............... (шеше көрген тон пішер) 4. Ағасы бардың жағасы бар, ....................(Інісі бардың тынысы бар) 5. Ұлым – қолымдағы қуатым, ................. (Қызым – асыл қазынам) 6. Жалғыз түйе бақырауық, ................ (Жалғыз бала жылауық) 7. Ана алдында - құрмет, ................(ата алдында - қызмет) 8. Балалы үй базар, .................... (баласыз үй қу мазар) 9. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, .............. (Атадан тағылым алмаған ұл жаман) 10. Ананың сүті - бал, ............... (Баланың тілі - бал) «Денсаулық» тобы «Достық» туралы мақал-мәтелдер 1. Досы көпті жау алмайды, ............... (Ақылы көпті жау алмайды) 2. Дос егіз, ........ (дұшпан сегіз) 3. Дос жылатып айтады, ............ (дұшпан күлдіріп айтады) 4. Аз қайғыны ас басады, ................. (Көп қайғыны дос басады) 5. Жаман туғаның болғанша, ................... (Жақсы жолдасың болсын) 6. Біреу жаныңа жолдас, .............. (Біреу малыңа жолдас) 7. Досы жоқ адам, ............. (тұзы жоқ тағам) 8. Ағаш тамырымен, .............. (адам досымен мықты) 9. Жаман ждс – көлеңке:.......................( басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың) 10. Досыңа өтірік айтпа, .................... (дұшпаныңа сұрыңды айтпа) №3 кезеңде тақтада бірнеше суреттер көрсетіледі. Топ мүшелері суреттерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 1. Жұқпалы аурулардың топтарын және түрлерін атаңыз? 2. Отбасы дегеніміз не? Отбасының құрылымы қандай? 3. Салауатты өмір салтын ұстанудың ережелері? 4. Тәуелділік дегеніміз не? Есірткіге тәуелділіктің түрлері? 5. АИТВ – ның берілу жолдары қандай? 6. ЖЖБЖ-ның репродуктивті денсаулыққа әсері? №4 кезеңде топ басшыларына сұрақтар қойылады. 1 минутта 15 сұрақ қойылады. «Иммунитет» тобы 1. Репродуктивті денсаулық дегеніміз не? (Биологиялық жаңғыру, табиғаттың қалауымен бала сүю) 2. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді зат? (Гормон) 3. Тоқ ішектің шырышты қабатының бұзылуынан пайда болатын ауру? (Дизентерия) 4. Жасөспірімдерге тән ерекшеліктер? (Ересек болу сезімі. Ақыл ойының дамуы. Көңіл – күйдің құбылмалылығы. Оқшаулану т.б.) 5. Валеология қандай ғылым? (Денсаулықты зерттейтін ғылым) 6. Иммунитет дегеніміз не? (Организмнің ауруларға қарсы тұру қабілеті) 7. Жыныстық жетілу ұлдарда неше жаста басталып неше жаста аяқталады? (10-11 жаста басталып, 17-21 жаста аяқталады.) 8. Мерез, хламидиоз, соз ауруы, трихомониаз қандай аурулар тобына жатады? (Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар) 9. АИТВ қандай жағдайда берілмейді? (Қол ұстағанда, құшақтасқанда, киім, төсек, жәндіктер шаққанда, сүйісу кезінде) 10. Жұқпалы ауруларға тән ортақ белгілер? (Бөртпе, жоғары температура, қышыма, нәжістің өзгеруі т.б.) 11. Демографияға кері әсер ететін факторлар? (Суицид, көші-қон, өлім-жітім, түсік тастау т.б.) 12. Жасөспірімдерде жыныстық байланысты ерте бастаудың себептері? (Махаббатты сақтап қалу үшін. Ата-анаға тәуелсіз екендігін көрсету үшін. Қызығушылықтан немесе барлығы сондай әрекетке барады деген оймен) 13. Отбасындағы экономикалық – шаруашылық міндет? (Отбасы мүшелерін киім – кешекпен, тамақпен, тұратын жермен қамтамасыз ету) 14. Патриархалды отбасы қандай отбасы? (Отбасындағы шаруашылықты әке басқарған отбасы) 15. Жұқпалы аурумен ауырған науқастың барлық заттарын және пәтерін өңдеу? (Дезинфекциялау) «Денсаулық» тобы 1. Психикалық денсаулық дегеніміз? (Бас миының жағдайына байланысты, ол ойлау сапасымен және оның деңгейімен, есте сақтау қабілетінің дамуымен сипатталады) 2. Халық санының көбеюі, аумақтың кеңеюі қалай аталады? (Демография) 3. Ауа тамшылары арқылы берілетін тыныс алу жолының жұқпалы ауруы? (Тұмау) 4. Иммунитеттің қандай түрлері бар? (Туа және жүре пайда болатын иммунитет) 5. Гормон дегеніміз не? (Ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді заттар) 6. Жыныстық жетілу қыздарда неше жаста басталып, неше жаста аяқталады? (9-10 жаста басталып, 16-17 жаста аяқталады) 7. Жеке гигиена дегеніміз не? (Адам денсаулығының сақталуы мен күшеюіне үлес қосатын гигиеналық ережелердің жиынтығы) 8. Жыныстық жолмен берілетін жұқпаларға қандай аурулар жатады? (Соз ауруы, хламидиоз, трихомониаз) 9. АИТВ – ның берілу жолдары қандай? (Парентералды(қан немесе оның компоненттері арқылы), жыныстық жол арқылы, вертикальді – анадан балағаөтуі) 10. Эндокриндік жүйе дегеніміз не? (Әр түрлі органдар мен ұлпаларда, орталық жүйке жүйесінде орналасқан ішкі секреция бездерінің жиынтығы) 11. Салауатты өмір салтын ұстанудың жолдары? 12. Репродуктивті кезең дегеніміз не? (Ағзаның физиологиялық мүмкіндіктері трғысынан баланың туылуы мүмкін болатын 15 пен 49 жас аралығы) 13. Отбасындағы репродуктивті міндет? (Салауатты өмір салтын ұстана отырып, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу) 14. Эгалитарлық отбасы қандай отбасы? (Отбасында шаруашылықты міндетті тең құқықта басқару) 15. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары? (Вирус, бактерия, микроб) №5 кезеңде Топтарға «Зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі. Әр топ қорытынды шығарады. Жүректен – жүрекке. Барлығымыз орнымыздан тұрып, бір – бірімізге жақсы тілек айтайық! ӘН АЙТУ. Сайыс қорытылып, жеңімпаздар анықталады.