Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы

Бастауыш буында пайдаланылатын технологиялар туралы жазылды

Автор: Давлеткалиева Салтанат Сагиновна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Бастауыш саты-бұл оқушы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.. Президенттің жолдауында «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог -зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалықжаңалықтарды енгізу 4 кезеңнен тұрады: 1. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру; 2. Жаңалықтарды ұйымдастыру; 3. Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану; 4. Жаңалықтарды бекіту. ҚР “Білім туралы” Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану үлкен шеберлікті талап етеді. Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіпқалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулауда. Заман талабына сай технологиялардықолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологиялар: Жобалау технологиясы Саралап даралап оқыту Дамыта оқыту технологиясы Модульдік оқыту технологиясы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту Деңгейлеп оқыту технологиясы Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы Ойын технологиясы.... Инновация технология нәтижелері: 1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтыңнақты мәнін терең ашуға көмектеседі; 2. Оқушылардың барлығын сабаққақатыстыруға мүмкіндік туады; 3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтайды; 4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді; 5. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алады; 6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады; 7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: 1. Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы; 2. Тиімділігі, жүйелігі және басқа жақтары. Білім берудің басты мақсаты – білім алып білік пен дағды-машыққа қол жеткізу емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі -функционалдық сауаттылық. Үшінші мыңжылдық – құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс – педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, яғни білім алушының қандайда бір іс-әрекетке құзіреттілін дамыту. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялардың алатын рөлі зор. Бастауыш сатыдағы оқытуда ойын технологиясын сабақ барысында қолдану тиімді әрі жеңіл. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Түйінді Баланы оқытуға итермелейтінүш күш бар: тыңдату, қызықтыружәне мақсат қою. Тыңдату итермелейді, мақсат жетелейді, ал қызығушылық алға тартады. Тағы бір себебі ұстаз болса керек. Ұстаз баланы ең алдымен қызықтыру арқылы құштарлығын ашады. С. Соловейчик Қолданылған əдебиеттер тізімі: 1. Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 2014ж. 2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007. 3. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010 ж 4. Нағымжанова Қ. М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2014ж