Биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділіг

Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.

Автор: Балгабаева Аяулым Болатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатынталаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі блюм берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізі ғана емес, солардың негізнде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқытылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері- дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім берудің мақсаты – қарқынды өзгертіп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс-әрекеттерін жұмылдыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс-тәсілдеріне ұйымдастыру формасынаөзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Ол үшін тиянақты, әрекетті және берік білім алуға мүмкіндік беретін тиімді оқыту құралдарының мазмұны қайта ой елегінен өткізілуі тиіс. Себебі, олар қоғамдағы ақпараттар ағымының жедел қарқынмен артуы жағдайында оқуышының аз уақыт ішінде берік, әрі әрекетті сапалы біліммен қарулануына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстардың білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу- әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ беру үрдісінде қолдану өте тиімді жолдардың бірі. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып білім алуы арқылы оқушы өз қажеттігін біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Ал, мұғалім әрбір оқушыны жеке қызығуын және қабілеттерін ашуға көмектеседі. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, еркімен ұсыныс жасауы, т. б.) бағаланды. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының түпкі мақсаты: білімге құштар, ой өрісі еркін дамыған, ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Ұстанатын қағида: Оқушымен оқытушы арасындағы тепе-теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер; Оқушымен оқытушы арасындағы сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегінің маңыздылығы; Оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу; Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру; Сабақта шешуші роль атқаратын оқытушы емес, керісінше оқушы екендігі туралы пікір қалыптастыру. Әрбір оқушыны білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгң нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру. Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия: Оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып», одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс. Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызбанұсқалық бейнелеу, әртүрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөлініп орналастыру арқылы кез-келген нәрсені есімізде сақтаймыз. Мысалы: «Металл» сөзін естігенде көз алдына не елестейді? Алдымен әр оқушы өз ойымен дәптерге жазады, жұппен, топпен талдайды. Әр топпен бірнеше сөздерді тақтаға жазып, соңынан оны топтайды. Жигсо стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелік топсыз ақ өздері оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Түртіп алу жүйесі (инсерт) – оқушыларға дайын мәтін беріледі, оқып отырып «білетінім сәкес келмеді», «мен үшін жаңа» деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады. Кестені толтырып болған соң, оқушылар топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз жерін мұғалім түсіндіреід немесе кітапханадан, ақпарат құралдарынан іздеуге үйге тапсырма береді. Оған адамға аз таныс, әрбіреуін қызықтыратынакадемиялық мәтіндер, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар жайлы мәліметтер алуға болады. Педагогикалық теория тек қана мұғалімнің әдістемелік шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесімен амалдарды әр оқытушының олардыіс жүзінде асыруын, игеруін және оған сай болатын іскерлікті керек етеді. Мұғалім ретінде сын тұрғысынан ойлау жобасы бойынша берілген сабақты оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей алатын және «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 6-сыныпта биология пәнінен СТО технологиясының әдістерін қолданып, бірнеше сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес жолды өлең,топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, жұптық, рлльдік ойын жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын «үндемей қалмау» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп, сол топ жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып «үндемей» қалаған баланы назардан тыс қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оғантоптағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Сол сияқты СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін 7-11 сыныптарда пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО стратегиясын қолданамын. ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек: Оқушылардың барлығы жұмыс жасайды; Ойын ашық айтуға, жеке пікір айтуға дағдыланады; Оқушы өзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді, ой түйеді; Оқушы өзін-өзі тексереді және бағалайды; Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізеді; Оқушылар арасында достық, ұжымдық қарым-қатынас орнатады; Бәсекеге түсу қабілеті дамиды; Пән аралық байланыс болады. Ауқымды материалдан қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншіктерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақыл-парасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын, танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың бірден-бір көзі. Сонымен, жаңа педагогикалық технологияның әдістерін тиімді пайдалану арқылы «Білімді адам» парадигмасын, «өзін-өзі дамытаын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгертуге болады. Әдебиеттер тізімі: 1. «Білім беру мекемелері қызметкерлерінің ақпараттық – коммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемлік негіздері». - Алматы – 2006 2. «Химия мектепте» ғылыми педагогикалық журналы 3. 12 жылдық білім 4. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 5. Мектептегі психология 6. Ғылыми-әдістемелік журнал №4 2007 ж