Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы

Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететінлатын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Әліпбиімізді өзгерту арқылы тілдік ерекшелігімізді сақтап қала аламыз, бұған қоса Интернет желісінде ақпарат алу мүмкіндігіміз артады. Бәріміздің электрондықпоштамыз бар, ол поштамыз латынмен жазылған. Куәлігіміз бен төлқұжатымыз латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес, ол біздің қоғамға кеңінен енгені сөзсөз. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі.

Авторы: Сулейменова Айсулу Багитжановна, Маматқадыр Гүлнара Мирзакаримқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №11(31)