Әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектептің 5-6 сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлауға арналған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес әртүрлі тақырыпты қамтитын олимпиадалық логикалық, шығармашылық, қызықты және қиындатылған есептер мен олардың шешу жолдары қарастырылған.