Мәтінді проблемалық тұрғыдан талдау арқылы оқушыларда саналы оқу дағдысын жетілдіру

Бағдарлама бойынша ұсынылған тақырыптар, бір қарағанда, балаларға қызықсыз, қиын, көлемді болып көрінеді де, бірден оқуға деген ынтасы өшіп қалады. Әрбір оқушы мәтінді оқығаннан кейін, оның не туралы екенін, негізгі ойдың не екенін анықтай білмесе, берілген тапсырманы да орындай алмайды. Ал оқушы мәтінді мұғалімнің айтқанын орындау үшін емес, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеруін қаласаңыз, проблемалық оқыту стратегияларын қолдануға кеңес берер едім. Себебі бұл технологияның ерекшелігі: сабақта дұрыс қолданылған технология арқасында оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артады, оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе болады, оқушы шығармашылық жұмысқа дағдыланады, сабақ басында оны қызықтырған сұрақтың жауабын тапқанша бала ізденіс үстінде болады.

Автор: Ережепова Айша Хамитовна

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск 25 (114) (январь 2024 г.)