Жалпы білім беретін мектептің алгебра курсындағы «параметрмен берілген теңдеулерді» оқушыларға оқытудың әдістемесі

Математика әлемінде теңдеулер негізгі тақырыптардың бірі болып табылады, өйткені олар шамалар арасындағы қатынастарды көрсетеді. Олардың ішінде «Параметрмен берілген теңдеулер» деп аталатын арнайы есептер кездеседі. 8-сыныптың алгебра оқулықтарын қарастыра келе, бұл есептердің с деңгейіндегі тапсырмаларда кездесетінің байқадық. С деңгейіндегі есептердің оқушыларға оқыту әдістемесі мұғалімдер үшін маңызды болып саналады. Сондықтан мақалада, параметрмен берілген теңдеулерді түрлі тәсілдермен шығару ұсынылады. Көбіне оқушылар теңдеуде параметр кездесетін болса, есепті қиын деп есептейді. Оқушылардың бойындағы қорқынышты жою үшін теңдеулердің шешу тәртібін оларға ұсыну және есепке байланысты мысалдар беру. Төмендегі мақалада 8-сынып алгебра курсындағы «квадрат теңдеулер» бөліміндегі параметрі бар теңдеулерді «көбейткішке бөлу», «квадратты аяқтау», «квадрат формула», «Виет теоремасы» арқылы шығару әдістері ұсынылады. Кілт сөздер: параметр, көбейткіш, квадрат теңдеу, Виет теоремасы, рационал теңдеулер, формула, толымсыз, коэффициент, түбір, шарт.

Автор: Молыбай Жанаргүл Қыиясқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №1(81) (январь 2024 г.)