Разработка урока по теме «Аңыз әңгімелер»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың аңыз әңгімелер туралы түсініктерін толықтыру; аңыз әңгімелердің түрлері,ерекшеліктері туралы түсіндіру; теориялық материалды дұрыс пайдалануға үйрету; аңыздарды мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту; тіл байлықтарын, шыға

Автор: Шаймерденова Асемгуль Мухаметалиевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: оқушылардың аңыз әңгімелер туралы түсініктерін толықтыру; аңыз әңгімелердің түрлері, ерекшеліктері туралы түсіндіру; теориялық материалды дұрыс пайдалануға үйрету; аңыздарды мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту; тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық мұрасын аялауға баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, салыстыру, топпен жұмыс, баяндау. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, қосымша материалдар. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі II Сабақтың мақсат-міндкттерін түсіндіру III Жаңа сабақ: 1. «Аңыз әңгімелер туралы не білесіңдер?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың 5-сыныпта алған білімдерін өзектендіру. 2. Оқулық мәтінімен жұмыс. Мәтін мазмұнымен танысу. 3. Сөздік жұмысы. Лексикалық жұмыс: 4. аңыз – легенда нақтылы – конкретный шыққан тегі – происхождение географиялық нүкте – геогра фическая точка тарихи шындыққа негізделген – основан на реальных событиях өмірін құрбан ету-пожертвовать жизнью ру – родЖаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмаларын орындау («Білу», «Түсіну» қадамдарының тапсырмалары). 1-қадам: «Білу» 1. Аңыз дегеніміз не? 2. Аңыз әңгімелердің қаңдай түрлері бар? 3. Тарихи аңыздар дегеніміз не? 4. Тарихи аңыздарға қандай аңыздар жатады? 5. Топонимикалық аңыздар дегеніміз не? 6. Топонимикалық аңыздарға қандай аңыздар жатады? 7. Батырлар туралы аңыздарда не туралы баяндалады? 8. Ғашықтық туралы қандай аңыздарды атап бере аласыңдар? 9. Қазақ аңыздарының көбі кімнің есімдерімен байланысты? 2-қадам: «Түсіну» Неліктен аңыз әңгімелер тарихи, топонимикалық, батырлар жыры немесе ғашықтық аңыздар деп бөлінеді? IV Cабақты бекіту: 3 – қадам «Талдау» Аңыз әңгімелер мен ертегілердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсету: Р/с Аңыз әңгімелер мен ертегілер Кейіпкерлері Ұқсастықтары Айырмашылықтары Ұқсастықтары Айырмашылықтары 4- қадам: «Жинақтау» Мәтін мазмұны бойынша тірек сызба құрастыру. V Сабақты қорытындылау: «Араның ұясы» техникасын пайдалану. Мұғалім екі оқушыдан тұратын әр жұпқа кім не білгендігі жөнінде ойларымен бөлісіп, өздері қойғысы келетін екі сұрақ дайындау жөнінде тапсырма береді. Әрі қарай әр жұп кезекпен сұрақтарын қояды. Бұл сұрақтарға жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. VI Үйге тапсырма: 1. Хрестоматияда берілген аңыздарды оқу, мазмұндау. 2. Өздерінің тұратын жерлеріне, сол жердің атақты адамдарына байланысты туған аңыздарды біліп келу. VII Оқушылар білімін бағалау: Оқушының аты-жөні Сөздік жұмысы «Білу», «Түсіну» қадамдарының тапсырмалары Тірек сызба құрастыру «Араның ұясы» техникасы Қорытынды баға VIII Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу