Олимпиада тапсырмалары бойынша дарынды оқушылардың білімін, дағдысын бағалаудың критерийлері

І. «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» деп санала

Автор: Мендыбаева Нагима Саукеновна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

І. «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі». Орыстың ұлы ойшылы Максим Горький: «Адамдағы тұқымқуалаушылық қасиет өсіп те кететін, өшіп те қалатын үрдіс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса, өшіп қалуы да ғажап емес» деген екен. Жүсіпбек Аймауытов: «Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспеншектелуге болмайды…» дейді. Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғатпен берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі. Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы ма? Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П. Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді. Дегенмен, П. Торранстың пайымдауы бойыншамұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығынкөрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн. ІІ. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша оқушылардыңбілімі олардың қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгеруін сараптаумен бағаланады. Оқушылар қазақ тіліндегі мәтінді тыңдаған немесе оқыған кезде мазмұнын түсініп, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе біліп, грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сауатты жаза білуі шарт. Биыл олимпиадада оқушыларға лексикалық-грамматикалық тест, сөйлесім әрекетінің 5 түрі: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім, бойынша тапсырмалар ұсынылды. 1. ЛГТ 20 сұрақтан тұрады (лексика, грамматика, елтану). Әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады (20 ұпай) 20 минут. 2. Тыңдалым тапсырмалары 2 бөліктен тұрады (барлығы 20 сұрақ). Тыңдауға 2 мәтін ұсынылады. Тыңдамас бұрын оқушылар алдын ала тест сұрақтарымен танысып шығады. Бір мәтінге 10 сұрақ берілген. Мәтін 2 рет тыңдалады. Парақтағы дұрыс жауапты белгілеуге 3 минут уақыт беріледі. Дәл осындай жұмыс екінші мәтін бойынша да жүргізіледі. Барлық тапсырмаларды орындауға 25 минут бөлінеді. Бірінші мәтін диалог түрінде, ал екінші мәтін –монолог түрінде ұсынылады. Әр дұрыс жаупқа 1 ұпай беріледі (20 ұпай). 25 минут. 3. Оқылым тапсырмалары 3 бөліктен тұрады: 1/мәтінді оқып, мәтін үзінділерінің ретін жазу, мәтіннен кейінгі тапсырмаларды орындау: антоним есесін белгілеңіз, қай сөз жағымпаздықты көрсетеді, «құйрық үзу» фразеологизмінің мағынасы, қай сөйлем дұрыс емес, дереу сөзінің синонимі); 2/ мәтінді оқып, бос орындарды толтыру (сөздермен, әріптерді орнына қою); 3/ мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындау қай сөйлем жағымсыз? Дәмдес болған адамдар бір-біріне не істемейді?синонимдерді табыңыз, дәм таттыру қазақтар үшін не? Мәтінде кездеспейтін сөз тіркесі) (20 ұпай). 45 минут. 4. Жазылым (эссе жазу) тапсырмасын орындау барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуі, тілдік құралдарды пайдалана білуі, сөздік қоры, тіл мәдениеті бағаланады (20 ұпай) 50 минут. Көлемі -1-1, 5 бет. 5. Айтылым мен тілдесім барысында оқушылар кездейсоқ жұптарға бөлінеді, тапсырма парағын алады. 5 минут дайындалады. Кейін олар таңдаған тақырыптары бойынша өз пікірлерін айтады, бір-біне сұрақтар қояды. Монологке 2 минут беріледі (20 ұпай). 6. Сонымен, жалпы олимпиадада оқушы 100 ұпай жинайды. Олимпиадаға қатысатын оқушыларды алдын ала дайындау керек. Бұл күрделі жүйелі жұмыс. Көп сабақтан тыс уақыт алады. Сонда ғана оның нәтижесі оң болады. Олимпиадаға оқушыларды даярлау жолдары: • ЛГТ / ЕНТ • Тыңдалым, оқылым, жазылым – Ж. Т., Д. К. ІІІ. Айтылым және тілдесім әрекеттерін қалыптастыру жолдары. Айтылым және тілдесім әрекеттерін меңгерту үшін, ең алдымен, мұғалімнің өзі осы екі әрекеттің мән-дайын жақсы білуі тиіс. Сондықтан Сіздерге айтылым мен тілдесім жайында шағын ақпарат беруге рұқсат етіңіздер. Тілдік қатысым әрекетінің бір түрі – айтылым. Айтылым әрекеті арқылы сөйлеуші бір хабарды, ақпаратты ауызша баяндап, екінші біреуге түсінікті етіп жеткізеді. Оқушының қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету үшін, ең алдымен, өмірде оны екінші адаммен түсінісе біліп, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала біліп, ұғынысып, тілдік қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету керек. Айтылым әрекетінің жүзеге асуы үшін маңызды шарт бұл – тіл мен сөздік қордың болуы, байланыстырып сөйлеу мәнері. Айтылым әрекеті кезінде жазуда қарастырылмайтын интонация, дикция, сөйлеу мәнері секілді тілдік амалдар ескеріледі. Айтылымда сөйлем құрылысы, өрістетіп айтылу жақтарына қатаң талап қойылмайды. Яғни инверсия – айтылымға тән құбылыс. Айтылым 2 түрлі формада жүзеге асады: монолог және диалог. Монолог – (гр. monos – дара, logos - сөйлеу) – сөйлеушінің өз ойын ауызша жеткізетін сөйлеу әрекеті. Монологты келесідей түрлерге бөлуге болады:  Мазмұндау;  Баяндама жасау;  Дайындықсыз сөйлеу;  Сурет бойынша сөйлеу;  Өз ойын, пікірін жеткізу, баға беру. Мазмұндау кезінде оқушы оқыған мәтіннің тіл, стиль ерекшеліктерін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, басты ақпаратты ауызша жеткізеді. Мазмұндауда мәтіннің негізгі детальдарын (кейіпкерлері, орны, уақыты, т. б.) білу шарт. Баяндама – нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама. Жан-жақты ақпаратқа және ғылыми талдауларға, тәжірибе қорытындыларына негізделеді. Баланың байланыстырып сөйлеуін дамытуда сюжеттік суреттердің маңызы зор.