Мұғалім - экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға

Экологиялық білім беру адамзат қауымы мен қоғамның үйлесімді нәтижесінде жүзеге асатын білім берудің тиімді жолдарын көрсету. Сабақта экологиялық білім беруді ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың рухани дамуына зор ықпал жасау. Экологиялық білім мен тәр

Автор: Серикова Карлыга Ергешовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі кезде экологиялық білім беру білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Заман талабына сай экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі. Экология - организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы, өзара қарым-қатынасты зерттейтін дербес ғылым ретінде XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптасты. «Экология» терминін алғаш рет неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы»., еңбегінде ұсына отырып, оның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердің эволюция процесінде өзгеруі деген ұғымнан құралғандығын дәйектейді. Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету. Экологиялық білім беруді жалпы мектептердің әрбір кластар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек. Бұрынғы уақытта жалпы экологиялық білім көтеріле қоймағаны өздеріңізге мәлім. Ал қазіргі уақытта яғни бүгінгі таңда нақты және маңызды бөлек пән ретінде немесе пән аралық байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті және керек. ҚР Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап,қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздейді» делінген. 15. 07. 1997 жылы қабылданған ҚР «қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейілігі, үздіксіз болуы қарастырылған. Бұл ережелер ҚР-ның «Білім туралы» заңында да көрсетілген. Экологиялық тәрбие және оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын, экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, қарым-қатынасын қалыптастыру. Экологиялық тәрбиенің міндеттері: – жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту; – табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну; – адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту; – қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. Экологияландырудың басты жолдары: экологияның білім жүйесі үздікіз жетілдіру, оқушыларға экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру; оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу; іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту, экологиялық мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау; жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерін дағдыландыру. Мектепте экологиялық мәселелерді танып білуде тиімді әдіс түрі экологиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, танымдық ойындар, ғылыми конференциялар өткізу, эколог мамандармен кездесу, экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдарды жинау т. б. Мұғалім оқушылардың әрқайсысының табиғатты қорғауға тәрбиелеуде дәрістер, этнографиялық әңгімелер,сол сияқты табиғатқа саяхат,экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық),факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Қазіргі кезде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде көбірек қолданылатын сыныптан тыс жұмыс түрлеріне ашық тәрбие сағаттары мен тақырыптық кездесу кештері жатады. Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,жастарды табиғатты сүюге,олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады. Экология тәрбие беруде, табиғатты қорғауға баулуда, халықтық педагогиканың ролі ерекше және оның саласы мол. Олар-табиғатты қорғау дәстүрі,оған сену,сыйыну ырымдары,жан-жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдеп-ғұрыптар т. б. Қазақ халқының табиғатты тануы,оған көзқарасы ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылыстану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат жемісін пайдалану әдістерін,дағдыларын ғана емес,оны қорғау дәстүрлерін де дамытты,оларды жетілдіру жолдарында жөн-жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. Сол ереже-ырымдар арқылы жас буындарды сергектікке, байқампаздыққа баулып, қатерлерден сақтандырады. Халық табиғат жүдеуіне жол бермейтін тыйым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген. А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері оны табиғат заңдылықтарын терең пайымдай алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығын баласының аузына таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз» деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді. Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл жер кезуі туған жерге, туған жер табиғатына деген ұлы сүйіспеншіліктің белгісі. Ақындардың халақаралық «ХХ ғасыр, әлем және экология» қозғалыстарының төрағасы болған Мұхтар Шаханов өзінің «Аралға жол» мақаласында «... бізде экологиялық тәрбие болған жоқ, ол қазір де жоқ. Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда, біз адамдардың экологиялық санасын оятуымыз қажет, ертең кеш болады» деп айтқан болатын. Сонымен қатар,оқушы бойына экологиялық тәрбиені сіңіруде ескеретін жағдайлар: А) Адамның,қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қолдану; Ә) Тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу; Б) Экологиялық іс-әрекетте білім,тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты факторлар қарастыру. Сыныптан тыс жұмыс сабақтан бос кезінде жүргізіледі. Тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуде мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады. 1. Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары: – табиғатқа бақылау жүргізу; – табиғат көріністеріне суреттер салу; – табиғат сырын түсіндіруге байланысты әртүрлі баяндамалар, рефераттар жазу, альбомдар шығару. 2. Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары: – табиғат аясында істелінетін іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар; – әртүрлі бағыттағы серуендер, жорыққа шығу. 3. Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары: –табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар; – табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу; –табиғат қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру. 4. Қоғамдық пайдалы еңбек: – жасыл жасақшылар тобын құру; – табиғат қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік, айлықтар өткізу. 5. Оқушылардың экологиялық білімдерін тексеру: – экологиялық олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру; – табиғат қорғауды жақсарту мақсатында тесеру жұмыстарын ұйымдастыру. 6. Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар: – табиғат қорғау күнін (5 маусым) атап өту; – Наурыз мерекесі, т. б; 7. Оқушылардың өлкетану жұмыстары: – этнографиялық-экологиялық мұражай ашу; – мектепте «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу; – ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу. Мектепте жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасын қамтыған абзал. Мектепте пән мұғалімдері пәнді жүргізу барысында өз мамандығына қоса экология мәселесін алдыңғы орынға қойса, оқушылардың табиғатты қорғау мәдениеті қалыптасып, көзқарасы дұрыс жолға түсер еді. Осы айтылғандарды негіздей отырып, экологиялық мәдениетті ұстаздың қандай болуын жобалап көрейік: Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған мәселе. Табиғатымыз қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм беру керек екендігі анық. «Табиғаттың - әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» - деген И. Гёте. Олай болса, мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді. Әдебиеттер: 1. Сәтімбаев Р. С. Табиғатты қорғау. – Алматы;Рауан, 1992. 2. Бейсенова Ә. С.,Шілдебаева Ж. Б. Экология -Алматы:АлМУ,1999. 3. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004 4. Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы – 2001 5. Қалыбекова А. Қазақ тәрбиесінің асыл мұрасы. -Алматы:БАУР, 2011.