Еркін күреске қызығушылықты арттыруда белсенді оқытуды және белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану

«Еркін күреске қызығушылықты арттыруда белсенді оқытуды және белсенді әдіс –тәсілдерді қолдану»

Автор: Джекенбаев Сейткул Тулегенович

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Ең алдымен сабақ бастамас бұрын мен оқушылардың жалпы дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында сабаққа қажетті жаттығулар жүргіземін. Жаттығу жүргізуден басталады дененің төрт мүшесі қызғаннан соң сабақ тақырыбына лайық жаттығуларды жүргіземін. Қойған мақсатым: оқушыларға дене сабағында жүгірту арқылы дене құрлыстарының дұрыс өсіп жетілуіне қадағалау және жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке,төзімділікке баулу. Міндеттерім:Күнделікті сабақ барысында оқушыны дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру және сабақа жаңа технологяларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа жалпы қамти отырып қалыптастыру. Сабақтың өткізілу тәсілдеріне тоқталар болсам: Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қолзғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ,дене аркылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады ол «қарапайым қозғалыс» деп аталады. Күрес шартта қозғалыстар былайша бөлінеді: • Қолдардың қозғалысы- ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жулқу, тұю, тарту, тіреу,басу т. с. с. • Аяқтардың қозғалысы- қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бұғу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т. с. с. • Дененің қозғалысы- еңкею, тік көтеріліу, иілу, бұрылу, қысу-тіреу, кұлату,т. с. с. Осы тәсілдерді дұрыс қолдана білген оқушы әрдәйім болашақта ел намысын қорғайтын еліміздің күрестестен тұңғыш рет Қазақ спорт шеберлері атанғандар- Есімов, Сыдыков және Оразбеков болатын. Ал олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. Әрине, денешынықтыру сабағында ең алдымен басты назар қояатынымыз техника қауіпсіздік ережелері. СҚО облысы, Мамлют ауданында өткізілген Халықаралық еркін күрес турнирінде оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Әрбір өткізілген жарыстарды оқушылармен бірге отырып талқылаймыз. Және әрбір иеленген орындарымен өз ұжымымыздың атынан құттықтаймыз. Мен өзімнің жоғарғы санатты өз әріптестерімнің сабақтарына үнемі қатысып, сабаққтардан өзіме қажетті мағұлматттар аламын. Светлана Арапбаевнаның топтық әдіс-тәсілдерін пайдалансам,Олег Ивановичтің әр оқушымен жекелей тапсырма бере отырып жүргізген қозғалмалы ойындарын, Досан Сакенұлының волейбол,баскетбол,футбол т. б. сабақтарындағы ереже әдіс- тәсілдерін жетілдіруге өз сабағымда қолданамын. Жибек Балтабайқызның сабақтарына да қатысып біраз тәжірбие алдым. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақыстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін,терезесі тең ететін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып жатыр. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жаттқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу үлкен міндет. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар тәжірбиесі бар екені даусыз». Ал Ғұлама Абай атамыз айтқандай «баланың бойына қасиет пен үш асыл мінез -құлық сіңіру парыз»- деген. Ұстаз тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда осындай ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені бойына дарытады. Мен өз сабағымда ғаламторды қолданамын бұның тиімді жағы: сабаққа қажетті материалдар, оқушыларды машықтандыру практикалық және тәжірбиелік фильмдер, үлкен жарыстағы спорт шеберлерінің өнерін талқылаймыз. Газет журналдардан көптеген ақпараттар аламын.