Болашақ мамандардың құқықтық құзіреттіліктерінің маңыздылығы

Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделг

Автор: Бошкаев Ержан Тансыкович

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің даму қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне тез бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1]. Сондықтан да ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді: жүйелі ойлау; экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет; кәсіпкерлік мәдениет; өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну; өз қызметін білімді талдау; кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу; жаңа білімді өз бетімен меңгеру; әр іске жауапкершілікпен қарау. Осыған орай, Құқық негіздері пәні бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, электрондық оқулықтар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін туғызуға бағытталуы қажет. Өйткені соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Дегенмен біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге әбден болады. Құқық негіздері пәнінің оқу барысында білім алушылар бекітілген базалық нақты білімді білуі қажет: 1. Рухани құндылықтар жүйесін тану және адамгершілік құлықтың ізгілік ережелер жиынтығын түсінуді негізге алуға. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Жеке тұлғаның ізгілік – құқықтық қасиеттерін тұрақты түрде қалыптастырудағы мораль және құқықтың ықпал етуін; Білетіні: Құқықтық мәдениеттті қалыптастыруда құқықтық ережелердің құндылықтарын талдай алуы; Дағды қалыптастырады: Құқық және мемлекет дамуының кезеңдерінде заңнама нормаларын салыстыру; Құзырлы: Заңнамаларға салыстырмалы – құқықтық талдау жүргізу. 2. Өзін тәрбиелеуде әр түрлі жағдайларда туындаған мәселені анықтай алу және шеше алуы. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Ең көп таралған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелер мен құқықтық инстуттардың талабын; Білетіні: қолданыстағы заң негізінде өз ұстанымын жүзеге асыра алуы; Дағды қалыптастырады: Заңды негізге ала отырып әр түрлі құқықтық жағдайларға талдай жасай алуы; Құзырлы: Құқықтық жағдайды шешу 3. Еңбек заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғауға қабілетті болуы. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің құқықтары мен міндеттерін; Білетіні: Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы материалдық және тәртіптік жауапкершілікті ажырата білуі; Дағды қалыптастырады: Еңбек дауларын реттеуге; Құзырлы: Еңбек дауларын реттей алуға. 4. Күнделік қарым – қатынаста еркін түрде ауызша және жазбаша құқықтық түсінігінің болуы. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Сөйлеу және жазу кезінде құқықтық актілер мен құқықтық баптарды қолдана алады; Білетіні: Келісім – шарт жасалғанда немесе басқа да азаматтық – құқықтық актілерді пайдаланғанда даулы мәселелерде өз ұстанымын қорғайды; Дағды қалыптастырады: Ауызша және жазбаша қарым – қатынастағы еркіндік; Пікірталас, дебатқа түсуі; Құзырлы: Құқықтық актідегі терминдер мен нормативтік актілерді пайдалануы, қолдануы. 5. Ақпаратты сақтау және қолдану барысында интернет, АКТ – ны, электронды почтаны пайдалануы. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Интернеттен ақпаратты іздеу мен сақтаудағы жинақтау әдістерін; - Электронды оқулықтармен жұмыс істеуі Білетіні: Құқық туралы ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу; Интернеттен керек ақпаратты таба алуы; Дағды қалыптастырады: Құқықтық оқуда қол жетімді оқыту құралдарын пайдалана отырып білімді бақылау; Құзырлы: Интернеттен ақпаратты іздеуге; Жеке тақырыпты зерттеу барысында ақпаратттық – коммуникавтік технологияларды пайдалану. 6. Өндірістік немесе басқа да қызмет ету барысында заңнаманы тәжірибеде жеткілікті қолдана алуы, құқықтық мемлекеттің әлеуметтік даму тарихын түсіну, заңды жағдайларда шынайы бағдар жасауы. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар біледі: - Мемлекет пен құқықтың пайда болуына әлеуметтік – тарихи жағдайлардың ықпалы; - ҚР Конституциясы, ҚР заңдары; - ҚР сайлау жүйесі жәен сайлауға қатысу; - Әкімшілік құқықбұзушылық және жазалар; - Еңбек шарты және ұжымдық шарттар, жұмыспен қамту және жалақы, еңбек тәртібі туралы; - Қоғамның демократиялануы, құқықтық мемлекеттің құрылуы. Білетіні: Азаматтық құқық мен бостандықты пайдалану; Құқық бұзушылық фактілелін талдау; Қылмыс құрамын және категорияларын сипаттау; құқықтық ережелерді пайдалану. Дағды қалыптастырады: Заңнамалық актілерін өмірлік тәжірибеде пайдалану; Құзырлы: Құқықтық позиция жағдайда нормативтік – құқықтық актілер арқылы шешу. Қолданылған әдебиеттер: 1. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж. 2. Қ. Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». 3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы 2008 ж. 4. Нұрмашқызы А. Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім. Образование. 2008 №6 б. 32-33 5. Н. Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана, 2006. 6. Шилова О. Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать // Информатика и образование. 2004 №3 с. 96-100 7. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002.