Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар атты баяндама.

Автор: Хасенова Камшат Ризабековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың алдында: 1. Сабақтың маңыздылығы: • Оқушылар бұл сабақтан не алады? • Бұрынғы бар білімін қалай пайдалана алады? • Өмірден алған тәжірбиесінің әсері? • Сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? 2. Оқушының ойлауы үшін қандай мүмкіндіктер: • Оқушы еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды? • Оқушы өздігінен қандай мүмкіндіктер жасалады? • Оқушы білімін, ақпаратты жүйелеуге қалай үйретемін? 3. Сабақтың мақсаты неде? • Оқушы нені білдіру қажет? • Алған білімі оқушының дамуына қандай пайда береді? • Өмірде, адамдармен қарым-қатынаста қолдана ала ма? 4. Алдын –ала баға беру (күтілетін нәтеже) • Оқушының алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады? • Білмегенін жеткізе аламыз ба? • Мүмкіндіктер мен уақытты жеткізе аламын ба? • Басқа амалдар 5. Қолданылытын әдістер: • Қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) Мұғалім немесе оқытушы үшін төмендегідей 2 мақсат маңызды: • 1) оқушы белсенділігі • 2) оқушының ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау 2. Сабақ барысында: 1. Қызығушылықты ояту • Оқушыны ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу • Осы тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу • әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту • алатын білімнің пайдалылығына көздерін жеткізу • 2. Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат) жаңа мазмұнды ашу жолдары • оқушыны белсене қатыстыру • әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (мысалы: сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру) • оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау • оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу Толғаныс (рефлекция) • сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру • жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу • жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру • сабақты қалай аяқтауды жоспарлау 4. Бағалау (түрлері) • оқушының өзін-өзі бағалауы • топтың өзін-өзі бағалауы • оқытушының бағалауы • жалпы бағалау • критерийлер арқылы бағалау 5. Сабақты аяқтау түрлері • бір пікірге келу... • өз пікірін дәлелдеу... • үйде жалғастыру... Өз сабағымызды талдаудың 12 жолы 1. Аталған тақырыптың курс бойынша алатын орны, маңызы қандай, әрі сабақтан кейін бұдан менің оқушым нақты нені үйренді? 2. Сабақтың мақсатына жетудегі оқушы және мұғалім үшін жетістіктері. Ал, жетіспеушілігі не болды, оның себептері неде? 3. Сабақ кезінде білімнің қалыптасу деңгейін анықтау (материалдың логикалық байланысы, ғылымилығы, ақпараттық берілуі, қиыншылықтар 4. Менің сабағым оқушыма жаңадан не бере алады? деген сұраққа жауап іздеңіз. Мұнда төмендегі қандай инновация қалыптасты дегенді ойлаңыз: a. Ойының дамуы b. Есте сақтау қабілеті c. Досын ықыласпен тыңдауы d. Зейін қойып тыңдауы e. өз ойын, идеясын айтуы f. өз көзқарасын білдірмеуі g. басқаларды мақұлдап отыруы h. мүлдем қарсы пікір айтуы 5. Сабағыңыз қаншалықты деңгейде оқушылардың темпераментіне сәйкес келді ме? Алға қойған мақсаттарыңызға (үш мақсат) жетуде қаншалықты тиімді болды. 6. Оқушыларды бағалау деңгейін қалай жүзеге асырдыңыз. Мұнда кейбір оқушылар неге сөйлемей қалды, ал керісінше неге кейбірі сөйлей береді, бұлардың себебі не деп ойлайсыз? 7. Сабақтың өту екпіні (темп) қалай жүрілді, барлық оқушының қызығушылығын тудыра алдыңыз ба? Іс-әрекетіңіздің үйлесімділігі қаншалықты нәтижелі шықты, оқу ақпаратын (материал) қандай деңгейде ұйымдастыра алдыңыз? 8. Бұрынғы білетін біліміне сүйене отырып, қаншалықты деңгейде оқу ақпартын игерді? 9. Оқушылар ісіне қандай деңгейде бақылау орната алдыңыз, берілген тапсырмалар қаншалықты тексерілді, барлығын қарау мүмкін бе, себеп не? 10. Үй тапсырмасы қалай берілді, оның маңызы не, қайткен күнде тапсырма беру дұрыс болды ма? 11. Сабақтың психологиялық аурасы қалай болды, барлығы қызығушылықта болды немесе қатысушылардың өзара араласуы болды ма? 12. Сабақтан кейін өзіңіздің көңіл-күйіңіз қандай болды, бұған дейін қандай болды, не себептен өзгерді деп ойлайсыз, өзіңіздің «әттеген-ойларыңыз» бар ма?