Арнайы техникалық пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс

Қазіргі таңда болашақ мамандарға білім беру барлық пәндерді өзара, біріктіре, сабақтастыра оқыту арқылы арнайы кәсіптік білім беріп, білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жеке бас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілікті, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр.

Автор: Мангитов Ақтөре Бегімқұлұлы

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі таңда болашақ мамандарға білім беру барлық пәндерді өзара, біріктіре, сабақтастыра оқыту арқылы арнайы кәсіптік білім беріп, білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жеке бас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілікті, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста техникалық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара сәйкестігін қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелікті керек етеді. Ғылымның әр саласындағы білімнің мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде осы бір міндеттердің жүзеге асуы білім алушылардың танымдық қызығуының артуына тікелей байланысты. Арнаулы мамандық беру қоғамдағы дамытуда, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерді жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Жеке адам дамуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде құбылыстар мен дәйектерді талдай білуде, шығармашылық түрде тез арада ойланып шешім қабылдауында. Мұндай қабілетті меңгеру өзекті мәселелердің бірі. Соған орай оқу үрдісінде пәнаралық байланыстарды орнату - маңызды да күрделі міндет. Оның мәні білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кешенді келу тұрғысында ерекше артады. Педагогикалық әдебиетте пәнаралық байланыстың тұтас алғандағы психологиялық-педагогикалық және дүниетанымдық маңызын негіздейтін материалдарды көптеп табуға болады. Пәнаралық байланысты іс жүзінде орнату әдетте пән оқытушыларына жүктеледі. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер әлі толық ашылған жоқ. Пәнаралық байланыстардың екі тобын бөліп көрсетуге болады. Біріншісіне арнаулы орта оқу орындарында бағдарлама бойынша оқытылатын мазмұндас пәндер (техникалық механика негіздері, математика мен физика, электротехника негіздері) арасындағы байланыстар жатады. Мұндай байланыстар тиісті пәндердің оқытушылары үшін түсінікті болғандықтан ондай байланыстар орнату алып бара жатқан қиыншылық туғызбайды. Екіншісі - пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды байланыстытыру. Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылыққа ықпал ету, білім алушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, өндірісте қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелерді дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді. Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл білім беру ісін, мамандық алуға арналған барлық жұмыстарды бір арнаға салуға және әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы кәсіп беруге арналған жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара байланысуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Әртүрлі жалпытехникалық және арнаулы пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыс - оқу-тәрбиелік жұмысты жақсартудың және мамандарға білім беру үрдісінің тиімділігін көтерудің басты құралы. Арнайы техникалық пәндерді пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады: Арнайы техникалық пәндерде білім беруде жалпытехникалық және жалпы білімдік пәндерімен байланысында нені оқыту керек; Пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады; Пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек.