Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі

География пәнінен қысқа мерзімді сабақ оспары

Автор: Жарылкапова Жанбота Куралбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Африка материгі бойынша картамен жұмыс істеу арқылы тақырыбтың маңыздылығын анықтау, танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың міндеті: 1. Оқушылардың топпен, өз бетімен жұмыс жасауына ықпал ету. 2. Африка материгі туралы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс жасай отырып, оқушылар Африка материгінің географиялық орны, зерттелу тарихы жайлы түсінеді. Сілтеме Оқулық: Б 38, 7– сынып Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова, Алматы «Атамұра» баспасы 2012, электронды оқулық Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Қолданылатын модуль 1) Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдері 2) СТО 3) АКТ 4) Оқыту мен оқу үшін бағалау 5) Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кім жылдам?, миға шабуыл, идеялар тақтасы, әлемді шарлау, Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Дүниежүзінің физикалық картасы, стикерлер, атлас, кескін карта. Сабақтың кезеңі: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті А В С Ұйымдастыру: (2 мин) 1. Сәлемдесемін; 2. Қима қағаздар арқылы топқа бөлемін 1-топ «Мозамбик шығанағы» 2-топ «Мадагаскар аралы» 3-топ «Сахара шөлі» 4-топ «Ніл» өзені Оқушылар сәлемдеседі; Топ атауларына байланысты жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді. Бағалау парақшаларымен танысады. ІІ. Үй жұмысын тексеру: (7 мин) «Кім жылдам?»ойыны. Оқушыларға сұрақтар қойылады. 1. Географиялық зоналық дегеніміз не? 2. Қанша дүние бөлігі бар? 3. Материктің алып жатқан аумағына қарай атап шығыңдар? 4. Табиғат кешені дегеніміз не? 5. Географиялық зоналардың аттары неге байланысты қойылады? 6. Ең ірі табиғат кешені? 7. Антропогендік табиғат кешендеріне мысал келтіріңдер. 8. Мұхиттарды атап ең терең шұңғымаларын картадан көрсетіндер? Үй тапсырмасына байланысты сұрақтарға нақты, толық, дұрыс жауап береді. Сұрақтарға жауап береді. Жеңілдетілген сұрақтарға жауап береді. ІІІ. Жаңа сабақ жоспары: Қызығушылығын ояту Білу: (2-мин) «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын. 1. Дүние жүзіндегі Еуразиядан кейінгі екінші материк? 2. Ең ыстық материк? 3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен, кай материкте ? «Идеялар тақтасы»әдісі. Африка материгі туралы не біледі соны жазады. Бейне таспа көрсетіледі. Бүгінгі тақырыпты ашып аламын. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Африка материгі жайлы білетіндерін жазады. Бейне таспаны көреді. Бүгінгі тақырыпты ашады Түсіну: (7-8 мин) «Әлемді шарлау» әдісі. Әр топқа мәтінмен жұмыс жасауды тапсырамын. 1- топ – Географиялық орны 2- топ – Жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты. 3- топ – Жағалауын шайып жатқан Үнді мұхиты. 4-топ – Зерттелу тарихы Әр топтан бір президент сайлайды, топта қалады қалған топ мүшелері әр топқа барады президенттің түсіндіргенің тыңдайды. Мәтінмен жұмыс жасайды, тақырыпты оқиды түсінеді. Тақырыпты оқиды түсінуге талпынады. А, В деңгейіндегі оқушылардын көмек сұрайды. Қолдану: (7 мин) Картамен жұмыс. Африка материгінің 10 градус ш. б. 10 градус с. е. координатасы бойынша солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейін қанша киллометрге созылып жатыр? (43 000 000 масштаб бойынша). Кескін картаға Африка материгінің «ең» деп атауға болатын жерлерді белгілеңдер. Оқушылар картамен жұмыс жасайды берілген координата бойынша Африка материгінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі арақашықтықты өлшейді, есеп шығарады, «ең» деп аталатын географиялық нысандарды табады. Картамен жұмыс жасайды, есепті шығарады. Географиялық нысынадарды табуғы тырысады. Картамен жұмыс жасайды. Талдау: (5 мин) Сөйлемдерді оқы, қандай геогрфиялық нысан жайлы айтылып тұрғаның физикалық карта бойынша анықта және оны кескін картада көрсет. 1. Бұл бұғаз Үнді мұхитының батыс бөлігінде, Африка мен Мадагаскар аралын бөліп тұрады- Мозамбик бұғазы 2. Бұл теңіздің суы Африканың солтүстік жағалауын шайып жатыр- Жерорта теңізі 3. Бұл теңіздің ерекшелігі сол бірде- бір өзен құмайды, суы мөп-мөлдір, тап –таза. Оның суы материктің шығыс және солтүстік –шығыс жағалауларын шайып жатыр- Қызыл теңіз 4. Бұл шығанақты әлемнің кіндігі деуге болады, өйткені экватордың нөлдік меридианмен қиылысу нүктесі осы жерде, бұл- Гвинея шығанағы 5. Бұл канал туңіз көліктеріне Африканы айналып өтпей – ақ, Еуропадан Азияға тіке шығуға мүмкіндік береді, ол- Суец каналы. 6. Африканың шығысындағы түбек-Сомали түбегі. Картамен жұмыс жасайды. Картамен жұмыс жасайды. Ойланады. Жинақтау: (3 мин) «Семантикалық карта» әдісі. Сөйлемнің дұрыс, бұрыс екенің анықтайды. Сөйлем дұрыс болса-true, бұрыс болса- false. 1. Madagascar is the largest is land in the world. 2. Bictoria is the largest lake in Africa. 3. Africa is the coldest continent. 4. Indian ocean is in the north of Africa. 5. The Red sea is the most saltiest. 6. Africa is the secand continent afte the Europe. 7. Tugela is the largest water fall in the continent. 8. Tongonica is the largest lake in Africa. Aғылшын тілінде түсінеді, сөйлемнің дұрыс бұрысын анықтайды. Тапсырманы орындауғы тырысады. А, В деңгейінен көмек сұрайды. Бағалау: Топтағы оқушыларды белсенділігене және жұмыс жасауына қарай бағалау парағы арқылы бағалаймын. Оқушылар өз-өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды. Үй тапсырмасын беру: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі. Күнделіктеріне жазып алады. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек» жаңа тақырып бойынша өз әсерлерінді стикерге жазуларынызды тапсырамын. Жаңа сабақтан алған әсерлерін көрсетеді