Болашақтың автокөлігі - электромобиль

Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде автомобиль өндірісімен айналысатын компаниялар жанармай негізінде жүретін көліктердің шығарылымына себепсіз көп қаржы бөліп келеді. Өйткені, соңғы бес-он жыл көлеміндегі электромобильдер өндірісінің дамуы қарқынды.

Автор: Маха Бақберді

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде автомобиль өндірісімен айналысатын компаниялар жанармай негізінде жүретін көліктердің шығарылымына себепсіз көп қаржы бөліп келеді. Өйткені, соңғы бес-он жыл көлеміндегі электромобильдер өндірісінің дамуы қарқынды. Дәл қазіргі уақытта тұтынушылардың көп бөлігі дәстүрлі принциппен қозғалатын көліктерді сатып алғысы келеді. Ал өндіруші компаниялар тек сатылымның жоғары болуын ғана қалайды. Ешкім электромобиль жасауға қаржы жұмсағысы келмейді. Себебі, ішкі жану қозғалтқышымен жүретін көліктердің электромобильдерге қарағанда әлдеқайда арзан болары анық. Бір жағынан электрокарды 100-150 шақырым жол жүргеннен кейін қуаттап отыруға тура келеді. Ал бұл бірнеше сағат уақытыңызды алады. Егер кешке көлігіңізді қуат көзіне қосуды ұмытып кетсеңіз, таңертең жаяу қалып қоясыз. Оған қоса, электромобильдер тек қалада жүруге ыңғайлы. Сондықтан, компаниялар бұндай көлікті сатылымға шығаруды тиімсіз деп біледі. Электромобиль — сәнді, экологиялық таза, мүлде шу шығармай қозғалатын көліктің түрі. Көлікті электрмен қуаттау жанармайдан 3 есе арзанға түседі. Экологиялық тазалыққа аса мән беретін мемлекеттерде электрокар сатып алған азаматқа сыйақы беріледі. Себебі, электромотор негізінде қозғалатын көліктер түтін шығарып айналаны ластамайды Мұнай бағасының қарқынды өсуі заводтарды альтернативті энергия көзімен жұмыс істейтін машиналар жасауға итермелеуде. Осыған орай Жапондық Генепакс атты завод су және ауамен жүретін машина жасауды іске асырды. Сумен, токпен, күн энергиясымен жүретін машина жасау пікірі осыдан 10 жыл бұрын түс секілді көрінетін. Бірақ бұл түс ендігі шындыққа ұлсаты. Судың электролизі арқылы су тегінің бөлінуі нәтижесінде пайда болатын электр энергиясының акумуляторда жиналып электрлі мотор арқылы дөңгелектерді айналдыру жүзінде жұмыс істейтін бұл машина кез келген су түрімен жұмыс істей береді. Болашақтың автокөліктерін қазірдің өзінде кейбір дамыған әлем елдері жүзеге асырып, қолданысқа еңгізіп жатыр. Жапондық Генепакс заводының шығарған көлігінің қазіргі кезге дейін жеткен ең үлкен жылдамдығы 80 км/сағ. Автомобиль 1 литр сумен жарты сағат тоқтаусыз жүре алады. Көлік электрлі мотормен жұмыс істегендіктен өте үнсіз келеді. 2008 ж шілде айында болған үлкен сегіздіктің жиналысында завод басшылары осы көлікті таныстырды. Автомобильдің патенті үшін ұсыныс жасаған Генепакс басқа да Жапондық машина шығаратын заводтармен бірлесіп өндіріс жұмыстарын бастауды көздеп отыр. Мұнай қорларынан кірісін қаматамасыз етіп жүрген күшті мемлекеттер тобы жолын қаншама бөгемек болса да экологияның нашарлап жаһандық ысыну қауібі артуымен бұл өзгерістің қолданысқа өтетіні сөзсіз. 2020 жылға дейін біздің автокөлігімізде пайда болуы тиіс 8 нәрсе: 1. Жол апатының алдын алатын жүйе. Жақын арада бұл жүйе радар мен сигнал арқылы сіздің жол апатына түсуіңізге мүмкіндік бермейді. Флагмандық Lexus пен Mercedes модельдеріне қолданылып үлгерген жүйеде өздігінен тоқтайтын тежегіш те бар екен. 2. Жан - жақтан орнатылатын көз. Жақын арада артқы жақта орнатылған көз стандартты жабдыққа айналады. Бұл жабдық бүгінде премиум-класс автокөлігінде қолданысқа еніп үлгерді, мамандардың айтуынша, бірнеше жылдардан соң, ортанқол автокөліктерде қолжетімді болуы үшін оның құны 50 $-дан да төмен болмақ. 3. Қараңғыда көріп, жаяулар жүретін жолдарды (пешеход) анықтай алатын камера. Volvo S60 көлігінде бар құрал жаяулар жүретін жолды көріп қалса, бірден тоқтай қалады. Қымбат BMW мен Mercedes-терде бар камера жолдағы кез келген кедергіні көре алады екен. 4. Қарапайым жүргізу. Бейімделген круиз-бақылау алдыңыздағы автокөлікпен ара-қашықтықты сақтауыңызға көмектеседі. Бүгінде БМВ мен Ауди-ға ғана орнатылғанымен, 2020 жылға қарай барлық көлік құралдарында болады деп күтілуде. 5. Автокөліктермен байланыс. Автокөліктер сәтсіз оқиғаларға ұрынып қалмау үшін бір-бірімен тілдесе алса ғой! Болашақта бұл да мүмкін болмақ. Ford қатынас құралдары үшін Wi-Fi көмегімен жұмыс істейтін интеллектуалдық жүйені ойластыру үстінде. Бұл жүйе автокөлігіңіздің орнын анықтап, айналадағы жағдайларды өз бақылауында ұстамақ. Сондай-ақ қауіпті аймақтарда белгі береді деп күтілуде 6. Автокөлікпен сөйлесу. Автокөлік жүйелерін басқару мейлінше қарапайым болмақ. Bluetooth-ды пайдалану мен дауыстап басқару арқасында тура кинолардағы автокөлік айдайтын боламыз. 7. Автөкөлікке қажетті қосымша. Қазірдің өзінде General Motors компаниясы бірнеше жүз долларлық Wi-Fi-дың жаңа моделін жетілдіру үстінде. Осының арқасында болашақтың автокөліктері нағыз ойын-сауық һәм ақпараттық орталыққа айналып шыға келмек. Дауыспен басқару арқылы Фэйсбук пен Туиттердегі парағыңызды жаңартып отыратын боласыз. 8. Жылу жүйесін үнемдеу технологиясы. АҚШ автокөлік құрастырушылардың алдына 2025 жылға дейін 100 шақырымға 4 л. жобасын қойып отыр. Бұл жоба бойынша жүргізушілердің қалтасына барынша жеңілдік жасалмақ.