Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару

Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару.

Автор: Натенова Роза Қасымбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Жақындау жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру, есептеу дағдыларын жетілдіру. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру; Күтілетін нәтиже: Жақындау жылдамдығы туралы біледі. Жылдамдыққа байланысты есептерді шығара алады. Есепті өздігінен талдай алады. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері қалыптасады; Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтыңәдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу. СТО, АКТ, «Детальдарын қосу», «Лездеме- конверт», “Түйінді сөз” Сабақтың көрнекілігі: Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер, суреттер. Тапсырмалар: Сыныптажағымдыатмосферақалыптастырутопқабөлу. Топ«Алтынережені» ескетүсіріп, жылдамдық, теңдеулер, квадраттар, шеңбер, болып топқа бөлінеді. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз. ІІ. Өткенді пысықтау: Оқушыларға карточкалар көрсету арқылы жауап алу. Оқушылар жауапты карточкаға жазып көрсетіп отырады. Тақырып ашу: Слайдтан суреттер көрсетіледі. Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс» III. Жаңа сабақ. 1. Жаңа сабаққа дайындық ретінде жылдамдықты, уақытты, қашықтықты табуға арналған тапсырмалар беру. Кесте толтырту. 2. Жаңа сабақты түсіндіру. Суретке анықтап қара. Автокөліктер бір-біріне жақындап келеді. Олардың арасындағы бастапқы қашықтық 400 км. Әр сағат сайын машиналардың арасындағықашықты қанша уақытқа қысқарады? Бір-біріне қарама –қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады. 60+40=100 км/сағ. -автокөліктердің жақындау жылдамдығы. V1 + V 2 = V жақ. Автокөліктердің қанша уақытта кездескенін білу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу керек. t=s: ѵ 400: 100=4сағ. 1 слайд. №1а. Есеп талданады. Оқушылар сызба бойынша ауызша есепті түсіндіреді. Cызып көрсетеді. Содан соң екі тәсілмен шығарылады. Тиімді тәсіл таңдалады. 2 слайд №1 а. Оқушылар өз бетімен орындайды. Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша км болады ? Оқушылардың жауабы арқылы кесте толтырылады. 3 слайд Топтық жұмыс. Постермен жұмыс «Детальдарын қосу» Оқушылар берілген суреттерді пайдаланып және жетпеген деталінің суретін толықтыру арқылы сызба салады. Есеп құрастырып оны шығарады. Cызып көрсетеді. Содан соң екі тәсілмен шығарылады. Тиімді тәсіл таңдалады, қорытынды жасалады Топ спикері жұмысын қорғайды. Басқа топтар бағдаршам көзін жағып бағалайды. 1топ 25+40=65 (км/сағ) 25*3=75(км) 75+120=195 (км) 65*3= 195 (км) 40*3=120 (км) 1 топ 60+12=72 (км/сағ) 60*2=120(км) 120+24=144 (км) 72*2=144 (км) 12*2=24(км) 3топ 40+60=100 (км/сағ) 200: 100=2 (сағ) 4топ 12+4=16(км/сағ) 16*2=32 (км) Сергіту cәті Қимыл- қозғалыс жаттығу IV. Бекіту. «Лездеме- конверт» Жадыны дамытуға арналған ойын Топтың оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: Конверттен бір суретті, бір рет алу. Суретін атамай түсіндіру қажет. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді. Конверт ішіндегі суреттер. Оқушылардың жауабы смайликтермен бағаланады. №8. Теңдеу құрастыру. Топтық жұмыс Дәптермен жұмыс Қызығушылығын ояту ЖОЛ + Х = ЖОЛБАРЫС Х= ЖОЛБАРЫС - ЖОЛ Х = БАРЫС ЖОЛ + БАРЫС = ЖОЛБАРЫС ЖОЛБАРЫС = ЖОЛБАРЫС а.) 150 саны 50-ден қанша артық болса, 70-тен сонша артық болатын санды тап. X - 70 = 150 - 50 Х + 70 = 100 Х = 100 + 70 Х =170 170- 70 =150 - 50 100 = 100 Жеке жұмыс Дәптермен жұмыс № 6 Кестелердің қайсысы радиус болып табылады ? Қайсысы диаметр ? V. Сабақты қорытындылау Нені үйрендік? Жақындау жылдамдығы неге тең? “Түйінді сөз” Топтық жұмыс Соңғы 1 сөз дауыстап оқылады. Әр топ оқушылары бүгінгі сабаққа байланысты негізгі сөздерді електен өткізіп жазады. 1) 6 сөз 2) 4 cөз 3) 2 сөз 4) 1 сөз Кері байланыс Оқушылар стикерге жазады. VI. Үйге тапсырма. 100 бет №7 Бағалау критерилері: 1 «Детальдарын қосу»3-балл 2. Теңдеу шешу. 2-балл 3. Шеңбер сызу. 2-балл 4“Түйінді сөз” 3. -балл 3-5 балл «3» 6-8 балл «4» 10-12 балл «5»