Өткенді пысықтау. Бөлме өсімдіктері

Кіріктірілген сабақ Пәндер: Математика-дүниетану Сынып: 2 «А» Күні: 10.02.2017ж. Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Бөлме өсімдіктері

Авторы: Айдаркулова Светлана Жуненовна, Курманова Раушан Оразбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаттары: Мемлекеттік стандарттағы білім, білік, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру; қосу және азайтудың ауызша, жазбаша тәсілдерін есептеу туралы білімдерін пысықтау; өсімдіктер және бөлме өсімдіктері маңызы туралы білімдерін тиянақтау. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттері, тапқырлықтарын дамыту Күтілетін нәтиже: Жеке, топтық жұмыс жасауға үйренеді, білгенін, түсінгенін салыстыруға, талқылауға, ой елегінен өткізуге дағдыланады, есеп құрастыру, шығаруды меңгереді, өсімдіктің маңызын біледі. Модульдері: АКТ, СТО, ОЖЕ, ТжДОЖ , ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту) Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (математика-дүниетану) Бағалау: Өзін -өзі, жұптық, топтық, жиынтық Деректер: тақта, слайдтар, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары Әдіс тәсілдер: Мозайка, Кім жылдам? Жеңіс тұғыры, Фишбоун, Не бірінші? Буриме Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Білім Қызығушылық ояту 3мин Психологиялық дайындық Топтарға бөлу Топтық ережені еске түсіру Сабақтың мақсатын анықтау Оқушылардың сабаққа деген ықыластарын ояту Мозайка арқылы топтарға бөліну Топ басшыларын сайлау Топтарын қорғау үшін оқушыларға сұрақ беріледі: - Кактусқа метр сөзін қолданып қорғайды. -Фикусты артық сөзін қолданып қорғайды. - Алоэні грамм сөзі арқылы қорғайды. БЕЛСЕНДІЛІК ДҮНИЕТАНЫМ БІЛІМ Сабақтың мақсатын анықтау үшін сөздер беріледі, одан оқушылар сабақ мақсатын ашады. Бағалау критерийлері топ басшыларына беріледі Оқушылар жұптасып тұрып,, қимыл -әрекетпен көрсетеді. 1. Күлім қағып қолымды, Бір-екі деп соғайын. 2. Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. 3. Жылы-жылы жүзбенен Маңдайынан сипайын. 4. Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын. 5. Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын. 6. Амандасып сіздермен, «Қош келдің!»- деп айтайын. 2. Оқушылар қима бөлшектерден алып, тұтас сурет жасап, үш топқа бірігеді. Топ мүшелері басшыларын сайлайды. Болжам жауаптар: Кактус –тікенекті, сабағы шар, жұмыртқа, жапырақ пішінді, болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. . Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдаланады. Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Артықшылығы ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын басып, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймаған абзал. АЛОЭ - биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні селитрамен 1 л суға 1 грамм қосып қоректендіру керек Сабаққа белсенділікпен қатысу, шапшаң әрекет ету Бірін-бірі тыңдау, өзгенің пікірімен санасу Дүниетанымымызды кеңейту, ойын ашық айту Білімімізді тереңдету, алған білімді өмірде қолдана білу АКТ Түсіну 5мин Ой қозғау «Кім жылдам?» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірнеше тапсырмалар беру а) «Кім жылдам?» ойыны: 80, 60, 77, 69, 84, 48, 56 Өрнектер: 45+15 60+17 70-14 40+44 50-2 92-12 100-31 Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. «Кім жылдам?» ойыны Оқушының таласып өрнектің мәнін- жауабын көтереді. ЖТ ЖЕ Қолдану 6 мин «Жеңіс тұғыры» Қосу мен азайту тәсілдері туралы деңгейлік жұмыс «Жеңіс тұғыры» - Кеше біздің елімізде қандай әлемдік дейгейдегі дүбірлі дода аяқталды? - Универсиадада спорттың неше түрінен жарысты? - Қазақстандықтар қандай жетістіктермен аяқтады екен, білесіңдер ме? - Олай болса біз де өз білімімізді қандай дәрежеде білсек, сол тұғырдан тапсырма алып, өзіміздің жетістігімізді көрсетейік. Баған түрінде орындап есепте және тексеріп жаз: Оқушыларға түғыр көрсетіледі, тұғырда үш түрлі конверт болады, оқушы келіп өзі қалаған тапсырмасын ала алады. (оқушыларға тапсырмалар құндылығына қарай күрделенітіні ескертіледі). - Қосу амалы қалай тексеріледі? -Азайту амалы қалай тексеріледі? Қола тапсырмалар: 59-45 43+24 Күміс тапсырмалар: 75+23 98-65 Алтын тапсырмалар: 78+12 60-13 Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту - «Алматы -2017» студент жастардың 28 -інші халықаралық қысқы спорттық ойындардан жарысы өтті. - Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 12 түрінен жарыстар жоспарланған. - Универсиадаға 57 елден спортшылар келіп қатысты. - Қазақстан құрамасы 36 медаль алып, ІІ орынды иеленді. Алтын -11, күміс -8 , қола -17 Оқушылар тақтадағы жасыл(алтын), сары(күміс), қызыл(қола) конверттерден тапсырмаларын алып, орнында шығарады. Қола, күміс және алтын тапсырмаларды бір оқушыдан оқып тексереді. (жазбаша тақтаға орындайды) Қола тапсырмалар шешуі: 59-45 14+45 59-14 43+24 67-24 67-43 Күміс тапсырмалар шешуі: 75+23 98-23 98-75 98-65 33+65 98-33 Алтын тапсырмалар шешуі: 78+12 90-12 90-78 60-13 60-47 47+13 СТО АКТ Сергіту сәті 1 мин «Біз гүлдерше өсеміз» атты жаттығу Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған АКТ Талдау 20мин Мағынаны тану Өткен тақырыпты талдау, ойларын жеткізу «Фишбоун» әдісі Жұмбақ: Қысы-жазы жасыл боп, Терезе алдында тұрады. Шаңды өзіне жұтып ап, Тазартады ол ауаны. Ол не балалар? Бірлескен жұмыс 1-топ үшін: Есепті оқып, қысқаша шартын құрастырып, оны Фишбоунға салады. Гүлдер дүкенінде 80 гүл бар. Олар 36 қазтамақ, 21 алоэ гүлі, қалғаны эухарис гүлі болды. Дүкенде неше эухарис гүлі болды? 2-топ үшін: Берілген есептің сызбасы бойынша есеп мазмұнын құрастырып, шешуін жазып, есепті шығарады. 3-топ үшін: Берілген өрнек бойынша есеп құрастырып мәтінін, шартын жазады, мәнін табады. Өрнек: 96-(32+40) «Бағдаршам»1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ -1-топты бағалату. Жұмбақ: Қысы-жазы жасыл боп, Терезе алдында тұрады. Шаңды өзіне жұтып ап, Тазартады ол ауаны. Ол не балалар? Ой толғау: Бөлме өсімдіктері туралы шығармашылық тапсырмалар беріледі. Топтардың қолданатын тірек сөздері: І –топқа: Әңгімешілер тобы -Егер ұзақ уақыт үйде болмай, бөлме гүлдері қараусыз қалса, онда бұның шешімі бар, ....... ІІ-топқа: Фармацевтер тобы Сурет бойынша дәрілік тұнба жасау ретін сурет арқылы түсіндіреді. ІІІ-топқа: Биологтар тобы: Қима суреттер бойынша өсімдіктертің өсу ретін постерге орналастыру және оны қорғау Шешуі: бөлме гүлдері Берілген тапсырманы, тақырыпты топта талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін постерге жазып, екі оқушы шығып ортаға қорғайды.. 1-топ: Барлығы-80 гүл Қазтамақ -36 гүл Алоэ – 21 гүл Эухарис -?гүл Шешуі: 1) 80- (36+21) =23 (80-36) -21= 23 (80-21) -36 =23 Жауабы: 23 эухарис гүлі бар. Мысалы: 2-топ: (мазмұны) «Қызыл кітапта «бөлме гүлдері туралы 90 бет жазылған. Бала І күні 25 бетін, ІІ күні 20 бетін оқыған болса, ІІІ күні неше бетін оқыған? Шешуі: 1) 90- (25+20) =45 (90-25) -20= 45 (90-20) -25 =45 Жауабы: ІІІ күні 45 бетін оқыған. Мысалы: 3-топ: (мазмұны) Мектептің терезелерінде 96 гүл қойылған. І қабатта 32 гүл, ІІ қабатына 40 гүл қойылған болса, ІІІ қабатқа неше гүл қойылған? Шешуі: 1) 96- (32+40) =24 (96-32) -40= 24 (96-40) -32 =24 Жауабы: ІІІ қабатқа 24 гүл қойылған. «Бағдаршам»-ды көтеріп, 1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ -1-топты бағалайды. Жұмбақтың шешуі: бөлме гүлдері 1-топқа: ……….. гүлдерді ваннаға салып, ыдыстары жартысына дейін батқанша су құйып, 30-40 минутқа қояды. ………… ыдысының сыртынан пакет кигізеді. ………... есігін ашық күйінде қалдырады. ……….. гүл әдемі қалпында сақталады. 2 топқа: 3-топқа: Топ мүшелері қима суреттер бойынша өсімдіктертің өсіп- жетілу ретін постерге орналастырады және оны қорғайды. АКТ Жинақтау 5мин Шығармашылық тапсырма «Не бірінші?» ойыны: Сабақ, қоңырау, есеп Түн, күн, ұйқы Күнделік, жалқаулық, кекілік Жапырақ, сабақ, тамыр Қаңтар, желтоқсан, ақпан Шана, ойын, қар Айырманың мәні, азайғыш, азайтқыш Мәтін, мазмұны, оқу Компьютер, ғаламтор, оқушы «Буриме» әдісі Оқушылардың мақсаты берілген өлеңді толықтырып, қиыстырып, өлеңді ұйқасымен жеткізу І –топ үшін: Гүлдерді....... __баптаймыз, Теріп......... __ақтаймыз. Қыста ........ тосапты, Ыдыстарын....... босатты. ІІ –топ үшін: Ара........ __ үгіріп, Қоңызды........ __ үлдірді. Ою ......... садаққа, Ие ........... атаққа. ІІІ-топ үшін: Жалаң ............... ---ұмырсқа, Жүгіріп................ ---ұмысқа. Қарап .................. шараға, Тола .................... араға. Түйін сөз - Бөлме гүлдері туралы кім түйінді ойлар айта алар екен? Оқушылар тез жауап болатын бірінші сөзді айтып береді. Буриме ұйқастарын толықтырып жазып, әр топ оқушылары оқиды. Оқушылардың мақсаты берілген өлең жолдарын толықтырып, қиыстырып, өлеңді ұйқасымен оқып, жеткізеді. 1-топ: Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап өз үйіне өзінің орналастырған жөн. Гүлді сәбиіңді баққандай күтсең, ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. 2-топ: Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл- күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласың. 3- топ: Біз мектебіміздің әрдайым гүлдеп, жайнап түрғанын, өзге білім ордаларына үлгі болғанын қалаймыз! Бағалау 2 мин Мұғалім әр топ басшыларының бағалау критерийлерін тыңдайды, бағалау парақшаларын көреді. Шкала: 6-8ұпай -«5» 4-5ұпай -«4» 1-3ұпай -«3» -Топ басшысы оқушыларды бағалау критерийлерін пайдаланып ұпайларын оқиды. -Десткрипторға қарап, оқушы өз бағасын біледі. -Жинаған житондарын санап, бір топ белсенді топ атағын алады. Рефлексия 2 мин «Үш көмекші» әдісі Кері байланыс а) «Үш көмекші» әдісі, оқушыларға стикер толтыруды ұсыну ә) «Көңіл –күй аралы». Шабыт аралы Білімділер аралы Қуаныш аралы Дымбілмес аралы Өкініш аралы Қанағаттану аралы Ұсынылған стикерді толтырады, іледі. «Көңіл –күй аралы» әр оқушы өз күйін стикер жолақпен аралдарға іледі. АКТ