Математика еліне саяхат ойын

Балалар математикадан қзықты тапсырмаларды ойын арқылы ойнайды.

Автор: Бекетова Лаззат Женисовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: математика пәніне деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктері мен іздемпаздықтарын арттыру. Міндеттері: Білімділік. Математикалық білімдерін дәстүрден тыс практикалық міндеттерді қолдануын қалыптастыру. Дамытушылық. Ойлау қабілеттерін: жүйелеу, бақылау, жоспарлау дамыту. Тәрбиелілік. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыруды, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Коррекциялық міндеттер: түстерді ажыратып, нысан арасындағы байланысты және қарым-қатынасты, заңдылықтарды айқындап, жинақтап, салыстырып және орнықтыру қабілеттерін дамыту; Көрнекі құралдар: геометриялық пішіндердің суреттері, жұмыс дәптері. қарындаштар, фломастерлер, ақ парақты қағаз, Математика елінен Білім ханшасынан хат, сандар құрамы, сандарды салыстыруға арналған карточкалар, нүктелерді қос карточкалары, санауыш таяқшалар, тосын сый (жұлдызшалар), магнитті тақта. Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Ұйымдастыру-шылық-оятушылық Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме, балалар?. Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. Ұйымдастыру-шылық – ізденушілік 1 бөлім. Ойын жағдайы өткізу: Тәрбиеші: Балалар, бүгін таңертең маған почташы мына хатты берді, біздің топқа арнап жазылған екен. Кане бәріміз бірге оқиық. Хат: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерге Математика елінен Білім ханшасы хат жазып отырмын. Мен сендерді Математика еліне шақырамын. Бірақ жол өте алыс, Математика еліне келу үшін көп білу керек. Ол үшін сендер бірнеше тапсырмаларды орындау қажет. Егерде тапсырманы орындасаңдар сыйлыққа ие боласыңдар» Тәрбиеші: Балалар, сендер Математика еліне барғыларың келеді ме? Тәрбиеші: Ендеше саяхатқа дайындалайық, ол үшін бірінші тапсырмамызды орындайық. Тәрбиеші: Балалар, дұрыс жауап беру үшін, ең алдымен мұқият аяғына дейін тыңдау қажет: - 1- ден 20- ға дейін тура сана; - 1- ден 20- ға дейін кері сана; - 1- ден 20- ға дейін арасынан бір сан тастап кетіп тура және кері сана; - 1- ден 20- ға дейі арасынан екі сан тастап кетіп тура және кері сана; - 4 үлкен, бірақ 6- дан кіші санды ата; - 6 үлкен, бірақ 8- ден кіші санды ата; - 5- тің оң жағындағы санды ата; - 4, 7, 9 санының көршілерін ата; - егерде жол кең болса, адам жүретін соқпақ жол... (тар) болады; - сызғыш ұзын болса, ал қарындаш... (қысқа) болады; - кітап жуан болса, ал дәптер... (жұқа) болады; - апта күндерін ата; 2 бөлім. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер саяхатқа өте жақсы дайындалған екенсіңдер. Ал саяхатқа немен барамыз? - Оны білу үшін, парақтағы нүктелерді ретімен қосу қажет. Ол кезде саяхатқа немен баратынымызды білетін боламыз. Тапсырманы орындамас бұрын мен жұмбақ жасырайын. Жұмбақ: Өзі алып, бірақ құс емес Аспанда ұшады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар, біздің зымыран аспанға көтерілуі үшін келесі тапсырмаларды орындауымыз қажет: - Тақтада бернеше есептер берілген, соның шешімін табуларың қажет 8+1= 7+2= 4+5= 2+7= 6+3= 8-4= Тәрбиеші: Осы сандардың ішінде біреуі артық. Оны қалай табуға болады? Тапсырманы қалай орындайсыңдар? Балалар: Ең бірінші есепті шешіп, сосын артық санды табамыз. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Біздің зымыран ұшуға дайын. Ал кеттік ұшамыз. 1 аялдама: Есеп құрастыр Тәрбиеші: Білім ханшасында түрлі аңдар мен құстар бар екен. енді осы аңдар мен құстарды құрастырып есептер құрастыру керек. Есепті құрастыру үшін оның недент құралғанын есімізге түсірейік? Тәрбиеші: Енді балалар, сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті. 1 дегенде тұрайық 2, 3, 4 алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Біз шынығып алайық Тәрбиеші: Келесі аялдама: Геометриялық пішіндер. Санауыш таяқшалар арқылы геометриялық пішіндерді құрастыру: - 5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрышты құрастыр. - 7 таяқшадан 2 бірдей шаршыны құрастыр. - 7 таяқшадан 3 бірдей үшбұрышты құрастыр. - 9 таяқшадан шаршы және 4 үшбұрыш құрастыр. Тәрбиеші: Келесі аялдама: Сандардың құрамы. Сендердің алдарыңда әр сандардың үйшіктері тұр. Сол үйшікті толтыруларың керек. Тәрбиеші: Келесі аялдама: Коррекциялық жаттығу: Жоғары- төмен қарайық 10- ға дейін санайық Оңға қарай қараймыз Солға қарай қараймыз Жыпылықтап көзімізді Бір ашып, бір жұмамыз Көзімізге күш жинап Бір демалып қалайық Тәрбиеші: Келесі аялдама: Сандарды салыстыр. Сендер «көп», «аз» немесе «тең» деген таңбаларды қойып шығуларың керек. Балалардың қызығушылықтары оянады. Балалар хатты зейін қойып мұқият тыңдайды. Ия. Барғымыз келеді. 1-20 дейін тура және кері санайды 1-20 дейін бір сан тастап тура және кері санайды 1-20 дейін екі сан тастап тура және кері санайды Ол 5 саны Ол 7 саны 5 оң жағында 4 саны 3-4-5, 6-7-8, 8-9-10 Тар болады. Қысқа болады. Жұқа болады. Балалар өздерінің пікірлерін айтады. Балалар ойланып жұмбақтың шешуін табады. Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды кезекпен қосып, жұмбақтың шешуін табады. (зымыран) Балалар келесі тапсырманы орындауға дайын екендерін айтады. Балалар тақтадағы есептердің шешімін орындайды. Бұнда барлық есептер қосу амалдарында орындалған, ал соңғы есеп алу. Есепті құрастыру үшін: оның шарты-------сұрағы------шешімі------жауабы болады амалы. Балалар үстелдің үстіндегі тапсырмаларды орындайды. Балалар қимылдар жасап, бойларын сергітеді. Балалар геометриялық пішіндерді атап шығады. Таяқшалардан аталған пішіндерді құрастырады. Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын атап, үстелдің үстіндегі парақшаларды толтырады. Балалар көздерімен жаттығулар жасайды. Жоғары- төмен қарайды 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 деп санайды Оңға сосын солға қарайды, Көздерін жыпылықтатады. Көздерін жұмып, ашады. Балалар алдарындағы параққа «көп», «аз» және «тең» таңбаларын қойып, тапсырмаларды орындайды Рефлекстік түзету Сұрақтар мен тапсырма: Бүгін сендерге оқу қызметі ұнады ма? Кім айтады, Математика не үшін қажет? Оқу қызметінде қандай тапсырма қиындық туғызды? Ал қандай тапсырма оңай болды? Математика туралы тағы да білгілерің келеді ме? Жарайсыңдар. Сендер бүгін өте ақылды, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендерге Білім ханшайымы мына жұлдызшаларды тапсыруды ұсынды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. Балалардың пікірлрі тыңдалады. Балалар қиындық туғызған тапсырмаларды атайды. Балалар жұлдызшаларды алып Білім ханшайымына алғыстарын айтады. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Математикалық ұғымдар, есептер шығара, есептер құрастыра, салыстыра, 1-ден 20-ға дейін тура және кері сана біле, геометриялық пішіндерді ажырата, құрастыра, саның құрамы туралы біледі. Қандай түсініктерді игерді: Математика елі, Білім ханшайымы, есептердің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы деген түсініктерді игерді Меңгерген дағдыларын мен іскерліктері: Ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.