Топтық жұмысы арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Қазақстан тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге көтерілген жағдайда білім беру жүйесі одан әрі дами бастады. Білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай үйлесімді болуы тиіс. Білім мектептен бастау алады. Ал мектептегі негізгі тұлға – мұғалім

Автор: Есенгалиева Айгуль Ерболовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Қазақстан тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге көтерілген жағдайда білім беру жүйесі одан әрі дами бастады. Білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай үйлесімді болуы тиіс. Білім мектептен бастау алады. Ал мектептегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім - оқушыларға бағыт-бағдар беруші тұлға. Бүгінгі таңға дейін күнделікті сабаққа дайындалып, үй тапсырмасын тексеріп, сабақ түсіндіріп, жаттығулар орындап, бекітіп келдік. Қазіргі жаһандану заманында білім саласына үлкен өзгерістер енді. Осы өзгерістер негізінде ең алдымен сыныбымдағы оқушыларды қадағалаудан бастадым. Ол үшін мен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастағанды жөн көрдім. Себебі әр түрлі деңгейдегі оқушылар болғандықтан мен сол оқушыларды бір-бірімен одан да жақсы қарым-қатынас орнату мақсатын басшылыққа алдым. Сыни тұрғыдан ойлануға үйретуде проблемалық тапсырмаларды түрлендіріп беруді жөн көрдім. Меңгерген жаңашыл әдіс-тәсілдерді әр сабағымда тиімді қолдана отыра, оқушылардың сабаққа деген назарларын аударып, алға қойған мақсатыма жету үшін жұптық және топтық жұмыстарды атқаруды көздедім. Нәтижесінде оқушылардың кері пікірлері жойылды, оң көзқараста болды. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыра отырып, келесі жұмысыма өзгерісті енгізуімді көздей отыра, мынадай жұмыстарды атқардым. Сабақта белгілі бір тапсырманы беруде, бұрын мен тапсырманы жалпы сыныпқа берсем, енді тапсырмаларды топтарға бөліп, бірін-бірі үйрететін, біріне-бірі ықпал жасайтын жағдай туғызып отырдым. Мысалы, Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі тақырыбында өлеңнің идеясын анықтауда топқа ортақ тапсырма бергенде, топта оқушылар алдымен жеке жұмыс жасады. Содан кейін жұппен, сосын топта талқылады. Нәтижесінде осы тақырып төңірегінде А деңгейлі оқушым «Өзім туралы» өлеңіне кластер жасау арқылы өз ойын нақты, дұрыс дәлелдеп берді. Ал В деңгейлі оқушым осы тақырып бойынша қысқаша жай үстіртін айтып шықты. С деңгейлі оқушым осы тақырып бойынша ойын жинақтай алмай, айтып бере алмай қысылды. Осы іс-әрекет барысында А және В деңгейлі оқушылар өз ойларын еркін айтты, қысылмай, анық, нақты жауап беруге тырысты. Әсіресе, алдыңғы сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетілді. Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылды. Сондай-ақ сабақ үстінде талантты мен дарынды балалар топ ішінде үлгерімі төмен оқушыларға көмек беріп, өздерінен қалдырмай отырды. Топтық жұмыстарда постер, кластер, коллаж, репортаж, интервью жасау кезінде де мен сыни ойлау дағыдыларын дамытуды жүзеге асырдым. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыруда бірінші сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде өлең жолдары арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Оқушылармен сұхбат жүргізу арқылы және кері байланыс әдістерінің қорытындысында өз білімдерін көрсете білді. Қазіргі таңға дейін бағалауым дәстүрлі түрде өтетін, ендігі кезде бағалаудың бірнеше түрін біле отырып, сабағымда бағалау парақшаларын, екі жұлдыз бір тілек, кері байланыс арқылы бағалау түрін қолдандым. Бұрын бағалау парақшаларын көбінесе ашық сабақтарда қолданғанда оқышылар әділ баға қоймай, асырып қоятын. Ендігі кезде оқышыларға әр атқарған жұмыстарын әділ бағалап, күнделікті сабағымызда осындай бағалаудың түрлерін қолданып отырсақ, жақсы нәтижеге жетеміз. Себебі, оқушылар бір-бірін әділ бағалауға үйренеді. Ең алғашқы қадам - әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам - өзгерістер туралы әріптестерінің кеңестері. Егер де келісу мен кеңесу тиімді болса, даму жұмысы жоспар бойынша жүзеге асады. Бұл үдеріс жалпы төмендегідей кезеңдерден тұрады: құндылықтарды анықтау, кәсіби міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құру, атқарылатын жұмыстар жоспарын құру, жоспар құруға арналған кеңестер, зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту, кәсіби білімдердің дамуына әсер ететін қоғамдағы жұмыс. Менің өзімнің тәжірибемнен түйіндегенім көшбасшылықты дамыту іс- тәжірибені жетілдіру жұмыстарынан, өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен шешім қабылдау, бірігіп жұмыс істеу, кәсіби білім мен біліктілікті құруға негізделген. Көшбасшы болу үшін өзіне деген сенімі, адамгершілігі, мол, жан-жақты, сыртқы және ішкі жан дүниесі үйлескен, іскер, еңбекқор, тығырықтан шығудың жолын тез таба алатын, өз ойын нақты жеткізе білетін, сыныптастарын қызықтыра алатын саналы тұлға болу қажет. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды талапты қажет етеді. Осы әрекеттердің негізінде мұғалім жоспар құрау керек. Көшбасшылықты дамыту мектепте жаңа білімді қалыптастырады, кәсіби білімнің дамуына әсер етеді. Осыларды үнемі қолданса өзгерістер мен оқытулар, білім берудің жақсартылған әдістері болып табылады. Көшбасшы болу үшін жан- жақты, өзіне деген сенімі мол, ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі үйлескен, адамгершілігі мол, іскер, еңбекқор, тығырықтан шығудың жолын тез таба алатын, өз ойын жеткізе алатын, сыныптастарын қызықтыра алатын саналы тұлға болу қажет. Егер де осы жұмыс басынан бастап нәтижелі болса, бұл өзгерістер мектепте де кеңінен қолдау табады. Яғни, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Менің ойымша, бірлесе жасаған жұмыстар өз мектебімде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен қатар басқа да ұстаздардың кәсіби білімінің негізін құрауға көмектеседі деп ойлаймын. Білім арқылы ғана ізгілікті бола алады.