Қайталау

Математика пәнінен сабақ жоспары

Автор: Абылова Қаракөз Сапарқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі амалмен шығарылтын есептерді пысықтау. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін есептеулер жүргізуде қолданудың тиімділігін үйрету. Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, қарапайым өрнектің мәнін табу және теңдеуді шешуді, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын. Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі, геометриялық фигуралар, ойындар, кестелер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Үй тапсырмасын тексеру: 3, 6–тапсырма Психологиялық дайындық: «Күнді бұлттан шығар» Бұлтқа жазылған тапсырмаларды орындай отырып, күнді шығару. - Сиқырлы күн бар өкпе мен мұңды ерітіп жіберді. Жүрегіміз жылу мен махаббатқа толды. Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық. Бүгінгі жұмыс ұраны: «Білгенімізді қайталаймыз». Ендеше «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесін толтырайық. Біз «Есеп» туралы не білеміз, не білгіміз келеді? Білемін Білгім келеді Үйрендім Жаңа сабақ. 1 - тапсырма Есепті шығару. Екі шығару жолын қарастыру. Барлығы – 5 л т. 2-ыдыста – 3 л т. 1-ыдыста - ? л, ? литр кем Ш: 3-(5-3)=1 (л) Ж: 1-ыдыста 2 литр тосап және ол 2-ыдыстан 1 литрі кем. Кері есептер шығару. 2 - 3 тапсырмалар. Есепті шығару. «Жерге қонған қар қиыршықтары» ойыны арқылы шығарамыз. Әр есепті шығарған сайын қар қиыршықтарын алып отырамыз. Бір стакан сүт - 30 тг. ? теңге тұрады Бір стакан айран - ?, 15 тг қымбат Ш: 30+(30+15)=75 (тг) Ж: барлығы 75 теңге тұрады. 3 - тапсырма Есептерді ауызша талдау. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру. а) Бір стакан сүт - ?, 15 тг арзан ? теңге тұрады Бір стакан айран - 45 тг Ш: 45+(45 - 15)= 75 (тг) Ж: барлығы 75 теңге тұрады. ә) Бір стакан сүт - ? 75 тг ? арзан Бір стакан айран - 45 тг Ш: 45- (75 - 45) = 15 (тг) Ж: 15 тг арзан б) Бір стакан сүт – 30 тг 75 тг ? қымбат Бір стакан айран - ? Ш: (75 - 30)- 30 = 15 (тг) Ж: 15 тг қымбат «Айырмашылық. Ұқсастық. Айырмашылық» кестесін толтыру. Айырмашылық Ұқсастық Айырмашылық Сергіту. Бәріміз бір болсақ, Бәрін де жеңеміз. Күндей боп күлімдеп, Таудай боп өсеміз. 4 - тапсырма. Теңдеуді шешу. «Үйімізді жылытайық» ойыны арқылы орындау. Үйімізге от жағып жылыту үшін, теңдеулерді орындаймыз. 7- тапсырма. «Үкінің тапсырмасы». Бізге оқымысты үкі тапсырмалар ала кепті. Тапсырмаларды тез әрі шапшаң орындағандарға сыйлығы бар екен. Тапсырмаларын орындап, сыйлықтарын алыңдар. 9+1=10 19, 29, 39, 49, 59, 69, 79, 89, 99 19+1 29+1 39+1 49+1 т. с. с. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Үйге тапсырма: 5–тапсырма, 6-тапсырма. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.