Үй жануарлары

Оқушылардың үй жануарлары жайлы білімдерін кеңейту мақсатында «Мекенін тап», «Топтастыру» ойынындары ұйымдастырылып, оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін көрсетіп, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигіз

Автор: Ергалиева Бакытгул Багадатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Оқушыларды үй жануарларының түрлерімен таныстыру. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды үй жануарларының түлерімен таныстырып, олардың дыбысталуы және пайдасы жайлы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: . Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 3. Түзете-дамытушылық: Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттері, үн таспа, слайд, жануарлардың мүсіндері. Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Нәтиже I. ПДК Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Шаттық шеңберіне жиналу: -Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, бәріміз келген қонақтармен амандасайық. -Сәлеметсіздер ме! -Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. -Жарайсыңдар, балалар! -Көңіл-күйлерің қалай? -Енді жақсы көңіл-күймен біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастайық. Оқушылар сабаққа дайындалады. Оқу құралдарын дайындайды. Қонақтармен амандасып, шаттық шеңберіне жиналып, қатысады. II. Негізгі бөлім Өткен сабақты қайталау -Балалар біз өткен сабағымызда қандай жануарлар жайлы айттық? -Жабайы жануарларға нелер жатады? -Олар қайда мекендейді? -Олар өз азықтарын тауып, жей ала ма? Оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Жабайы жануарларды атап, олардың мекен ортасын айтады. Қызығушылығын ояту Үн таспа тындау. (Үй жануарлардын дауыстары) -Балалар бұл ненің дыбыстары? (Үнтаспадан кезек-кезек үй жануарларының дыбыстары тыңдатылады) -Сонымен балалар қандай жануарлардың дыбыстарын ажыратып, таптық? -Енді назарымызды тақтаға аударып, дыбыстарын тапқан, жануарларымызды бәріміз бірге атайық. -Бұл жануарлар қайда мекендейді? –Орманда мекендейді ме? -Иә балалар бұл жануарлар адамның жанында өмір сүреді. Адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін, азықтарын дайындап береді. Ендеше біз оларды үй жануарлары деп атаймыз. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз үй жануарлары жайлы болмақ. Оқушылар үнтаспадан мұғалімнің көмегімен үй жануарлардың дыбыстарын тыңдап, ажыратады. Сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап береді. Жаңа сабақ Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін оларды үй жануарлары деп атайды. -Енді балалар назарымызды слайдқа аударып, үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін білейік. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға шегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Мысық үйді тышқаннан қорғайды. Осылардың бәрі адамдарға тегін қызмет етпейді. Олардың қызмет үшін адамдар оларды асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды. Оқушылар мұғалімнің үй жануарлары туралы баяндамасын тыңдайды. Слайдқа назарларын аударып, үй жануарларының адамға пайдасымен танысады. Суреттен үй жануарларының пайдасын білсе, мұғаліммен бірге айтып отырады. Сөздікпен жұмыс Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе, ит, мысық, үй жануарлары. Мұғаліммен бірге сөздерді қайталайды «Үй жануарын тап» ойыны Шарты: Оқушыларға бірнеше үй жануары және жабайы жануардың суреті салынған конверт беріледі. Сонымен қатар алдарына үй жануарының нобайы салынған қағаз ұсынылады. Оқушылар алдарынды қандай үй жануарының нобайы екенін тауып, конверттен сол үй жануарын тауып, нобайдың үстіне жабыстырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен нобайы салынған үй жануарын анықтап, сол үй жануарын конверттен тауып, нобайдың үстіне жабыстырады. Сергіту сәті. Жазда атамның аулына Барып едім қыдырып, Бір қошақан алдымнан Шықты ойнап, секіріп. Ақ маңдайлы айма екен Шекер ме екен бал ме екен. Кеттім оны сағынып, Қошақаным қайда екен. Атам оған жем берді Әжем су берді Қошақаным тойып ап Тастан-тасқа секірді Оқушылар музыка әуенімен бірге мұғаліммен ілесіп, тиісті қимылдарды жасайды. Саусақ жаттығуы Екі бұзау кездесіп Ән айтты бірігіп –му-му-му Екі құлын кездесіп Ән айтты бірігіп –ио-ио-ио Екі қозы кездесіп Ән айтты бірігіп мә-мә-мә Оқушылар мұғаліммен бірге ілесіп, саусақ жаттығуын жасайды. Дәптермен жұмыс 1. Сиырдың суретін бастыру. 2. Бастырған сиыр суретін суретін бояу. 3. Сиыр мүйізі тәріздес үлгіні бастыру. Оқушылар мұғалімнің көмегімен үй жануарларының суретін бастырып, бояиды, дәптердегі үлгіні бастырады. «Мекенін тап» ойыны Шарты: Тақтада орман мен үйдің суреті ілінген екі конверт ілініп тұрады. Оқушылардың алдына жабайы және үй жануарларының суреттері беріледі. Оқушылар үй жануарларын үйдің суреті тұрған конвертке, ал жабайы жануарларды орманның суреті тұрған конвертке салу керек. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ойынға қатысып, жануарлардың мекен ортасын анықтайды. Топтастыру Оқушылардың алдарына жабайы жануарлар мен үй жануарларының мүсіндері беріледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен үй жануарларын бір бөлек, жабайы жануарларды бір бөлек топтастырады. Бекіту. -Бүгінгі сабағымызда не жайлы айттық? -Қандай үй жануарларын білеміз? -Олардың адамдарға қандай пайдасы бар? -Адамдар оларға қандай қамқорлық жасайды? Оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп, үй жануарларын, олардың адамға пайдасын айтады. III. Қорытынды. Рефлексия -Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін қандай болды? Бүгінгі біздің сабағымызда өте жақсы қатысқан оқушыларға алтын түсті жұлдызша береміз. Ал жақсы қатысқан оқушыларға күміс түсті жұлдызша береміз. Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін смайликтерге стикерлер жабыстырып бағалайды.