Коучинг "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері: диалогтік оқыту"

Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды.

Автор: Жанузакова Шынар Кадыловна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Тақырыбы: 1-сабақ: Диалогтік оқытудың мәні. 2-сабақ: Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі Жалпы мақсаты Мұғалімдер тиімді педагогиканың бөлігі ретінде оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдеріне талдау жасайды. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс істеу арқылы Күтілетін нәтиже Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдайды. Түйінді идеясы Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ақпарат көзі интернет материалдары. Ресурстары Слайд-таныстырылым, постр, түрлі-түсті маркер, стикер.  Сабақтың барысы Коучинг сессияны өткізу кезеңдері Коуч пен койчингке қатысушылардың атқаратын іс-әрекеті Сәлемдесу • Коуч коучингке қатысушылармен амандасып, бүгінгі коучингтің табысты өтуіне сәттілік тілейді. Топқа бөліну. Активити Мақсаты: Мұғалімдерді коучинг тақырыбына енгізу. Нәтижесі: жұмыс атмосферасына бейімделеді. • 1. Коучингке қатысушылар екіге бөлінген фигуралардың жартысын тауып, ішіндегі суреттерді жұптастыру арқылы 2 топқа бөлініп отырады. №1-топ: , № 2-топ: , № 3- топ бойынша отырады. 3 мин • • 2. Топтық рөл бөлінеді. 3 мин. • Музыка ойнайды. Осы уақыт аралығында жұптар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат жинаулары тиіс. • Музыка аяқталған соң әрбір қатысушы өзі жинаған ақпаратпен таныстырады. • Ең көп ақпарат жинай алған қатысушы мадақталады. Стратегия: миға шабуыл. Мақсаты: Қызығушылығын ояту. Нәтижесі: Ресурспен жұмыс. Мақсаты: Мұғалімдерде диалогтік түсінік туралы ұғым қалыптастыру. Нәтижесі: Диалогтік оқытудың мәнін түсінеді. Слайд. 1. АКТ. «1 жастағы балалар арасындағы диалог» бейнематериал ұсынылады. 4 минут 2. Сонымен, жаңа ғана сіздер әріптестеріңіз туралы ақпаратты жинау үшін не істедіңіздер? Әрекетіңізді атап шығыңыз: -сұрақ қойдыңыз, жауап алдыңыз, сөйлестіңіз. 2. Бүгінгі коучинг қандай тақырыпта болады деп ойлайсыз? 1. Жауап: Диалогтік оқыту. 3. Коуч қатысушылары тақырып пен мақсатты айқындайды. Слайдтан коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі көрсетіледі. 2 мин. 4. Топтар ресурспен жұмыс істеп постер құрайды. 10 минут 5. Слайдтан диалогтік оқыту туралы шағын теориялық ақпарат беріледі. 2 минут Жетекші сұрақтар: 5 минут -Cіз білетін диалогтан айырмашылығы? -Оқушыға қалай ықпал етеді? -Сіз үшін осы диалогтың түрлері тиімді? -Өз сабақтарыңызда диалогтың түрлерін қалай қамтамасыз етіп жүрсіз? -Тиімді диалог деп сіз нені айтасыз? -Оқушыларды диалог арқылы қалай дамытуға болады? Практикалық бөлім Топтық жұмыс Стратегия: «айырмасын тап» Мақсаты: оқыту мақсатындағы диалог пен күнделікті қолданатын қарым-қатынас диалогын ажырата алады? Күтілетін нәтиже: диалогтік оқыту негізінде әңгіме түрлерінің айырмашылығын, ерекшеліктерін ажырата алады. Қалыптастырушы бағалау: Топтық жұмыс: Мақсаты: диалогтік оқытудың кумулятивті әңгіме түрін біледі. Нәтиже: Кумулятивті әңгіме, оның барысын біледі. Слайд. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар көрсетіледі: Топтық жұмыс: Стратегия: «Әңгіме- дебат», «Зерттеушілік әңгіме» Мақсаты: Диологтік оқытудың әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрін, айырмасын біледі. Нәтиже: «Әңгіме- дебат», «Зерттеушілік әңгіме» түрін өзектендіреді, сабақта қолдана алады. Слайд. Әңгіме –дебат, Зерттеушілік әңгімеге тән белгілер көрсетіледі. Топтық жұмыс: Төменгі, жоғарғы дәрежелі сұрақтарға мысал жазу. Мақсаты: Сұрақтың екі түрін дұрыс қолдана алуын меңгерту. Нәтижесі: Сұрақтың түрлерін дұрыс қолдану. Топтық жұмыс: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау тәсілдеріне мысал айту Мақсаты: Сұрақ қою тәсілдерін дұрыс қолдануды үйрету Нәтижесі: Сұрақтың тәсілін дұрыс қолдану. Стратегия: «Өрмекші торы» Мақсаты: Диалогтік оқыту туралы алған дағдыларын жинақтап қорыту. Нәтижесі: Диалогтік оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігін бағалай алады. Кері байланыс. • 1-тапсырма. Экран. «Айырмасын тап» 1 қарым-қатынастық диалог. Оқытушылық сипаттағы диалог • Әр топ берілген ұғым туралы пікірлерін айтып, әңгімелеседі. • 1-топқа: Әңгіме –дебат 10 минут • Тақырыбы: «Біздің ата-әжелеріміздің бізден жақсы өмір сүрді» ҚБ: -Осы әңгімелесу барысында қандай жағдайларды байқадыңыздар? • -Өзіңіз үшін нені түйдіңіз? • -Бұл әдіс-тәсілден нені ұтамыз? • - Әлсіз жағы бар ма? Слайд: Әңгіме-дебат барысында: 1 минут 1. Ой-пікір алшақтығы; 2. әрікім өз шешімінде қалады; 3. Қарым-қатынас иә, бұл солай, жоқ, олай емес деген бағытта жүргізіледі. 4. бірлеспейді, бәсекелестік; • 2-топқа: Кумулятивтік әңгіме: 10 минут «Тамыз педкеңесі» ҚБ: - Осы әңгімелесу барысында қандай жағдайларды байқадыңыздар? Байқалған жайлар санамалап айтқызылады. - Оқушылардың оқуына қандай пайдасы болады? - Әңгіме-дебаттан айырмашылығы неде? Слайд: Кумулятивті әңгіме 1минут 1. Пікір айтылды, барлығы механикалық түрде тыңдап, келістіңіздер. 2. Бір-біріңіздің пікірлеріңізді төзімділікпен тыңдадыңыздар. 3. Идеялар қайталанды, бірақ үнемі бағалана бермейді. Кумулятивтік әңгіме Критерий ұсынылады: 1. Ақылға қонымды мәлімет ұсыну; 2. Сұрақ қою, оны дәлелдеу; 3. Идеяны мұқият бағалау; 4. Келісімге, ортақ шешімге келу, не ұмтылу. III-топқа: Зерттеушілік әңгіме: Тақырып: «Болашақтың адамдары» ҚБ: - Осы әңгімелесу барысында қандай жағдайларды байқадыңыздар? -Зерттеушілік әңгіменің кумулятивті әңгімеден айырмашылығы неде? -Зерттеушілік әңгіменің оқыту үдерісінде тиімділігі неде? Байқалған жайлар санамалап айтқызылады. Слайд: Зерттеушілік әңгіме: 1 минут 1. Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; 2. Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі; 3. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды 4. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді; 5. Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады, ұмтылады. 2-тапсырма: 10 минут Сұрақтың екі түріне диалог құрастыру. Топпен құрастырып, топтар бір-бірімен айырбастап оқиды. ҚБ: -Бұл сұрақтарды оқу үдерісінде қай кезде қолдану ыңғайлы? - Бұл сұрақтар оқушыны неге жетелейді? - 3-тапсырма: Оқушының білімін қолдану үшін сұрақ қоюдың үш тәсіліне практикадан қолданғандарын айту. 10 минут ҚБ: -Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызы қандай? 4-тапсырма. «Өрмекші торы». Екі топ тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды, дұрыс жауабын айтып келесі адамға сұрақ қойып жіпті береді. 10 минут Коучтер қорытынды сұрақ қояды 1. Бұл әдісті сабақтың қай кезеңінде, қандай тапсырманы орындауда қолданар едіңіз? • 2. Бұл әдісті қолдану арқылы біз оқушының қандай дағдыларын дамытамыз деп ойлайсыздар? 5 мин Коучинг қатысушылары кері байланыс жасайды. 3 мин. Рефлексивті экран 1. Бүгінгі сабақтан ұққаным....... 2. Мен үшін жаңалық болғаны........ 3. Мен үшін түсінуге қиын болғаны....... 4. Сәтті шыққаны........ 5. Жетілдіруді қажет ететіні.........