Білім беру жүйесінде жаңаша көзқарасты қалыптастыру

XXI ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүние жүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Білім саласын дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет

Автор: Жумасаева Роза Абдуалиевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

XXI ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүние жүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Білім саласын дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді» қолдану. Біріншіден- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру; Екіншіден-жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізу; Үшіншіден- ойлау қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру; Төртіншіден- оқушылардың сауаттылығына баса назар аудару. Бұлай білім беру, оқушының білімге деген құштарлығын қалыптастырады. Ж. Аймауытовтың оқушы жастарға арналған «... өзіңде қандай талант, зеректік, қандай қабілет барлығын білуің қажет. Дәлдеп айтқанда, әр адам өзін-өзі тану қажет. Өзін-өзі танымаған адам өзгені тануға шорқақ болады» - деген тұжырымның бүгінгі мұғалімге де, оқушыға да қатысы бар. Қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін білім беруде мұғалім жаңашыл болу керек. Яғни білім беруде құзыреттілікті дамыту қажет. «Құзырет»- оқушының жеке мақсатындағы табысты іс- әрекеттеріне қажетті білім дайындығына деген әлеуметтік сұраныс. Оқушының құзыреттілігі: құндылық, оқу- танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммунативтік, өзін-өзі дамыту болып табылады. Оқушылардың мектептен алған білімдерін болашақта пайдалана алатындай тұлға қалыптастыру керек. Өмірде болып жатқан өзгерістерге, немқұрайлы қарамай шын мәнінде өмірде болып жатқан даралықтарды анықтап, өзін қоршаған адамдарға шанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қарау сезімін бойына сіңіру-үлкен абыройлы іс. Осы жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақта рет-ретімен қолданып, оқушыларды ақпараттандыруымыз керек. Қазіргі білім жүйесіндегі басты міндет- сын тұрғысынан ойлайтын тұлға даярлау. Сыни ойлайтын бала тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымының өзі сыни ойлай алуы қажет. Сыни тұрғыдан ойлау қызығушылықты ояту, ойын дамыту, жаңа ұғымды түсіну, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтыруы болып табылады. Кез-келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіріп өткізу, дұрыс бағалау әрбір мұғалімнің міндеті. «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңа табатын өнер» Ж. Аймауытов. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сабақта АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті, модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, пәнге деген қызығушылығын жоғарылатуға көмектеседі. Мұғалімнің еңбегі үнемі шығармашылық ізденісті, әдістемелік шеберлігін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың таным белсенділігі мен ойлау кабілетін, ізденісін дамыту үшін, сабақтың әр түрлі типтерін ұйымдастырып, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып отыру керек. Балаға білім мен тәрбиені жас шамасына, жаратылысына қарай беру керек. «Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы», - дейді Мағжан Жұмабаев өзінің «педагогика» атты ғылыми публицистикалық оқулығында. Дарынды баламен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Бала бойындағы дарындылықты көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Кез-келген бала дарынды бола бермейтінін бәріміз білеміз. Әр адамның бойында дара ерекшелігі болады. Міне соны тек аша білуіміз керек. Дарынды, талантты оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз - нағыз ұстаз. Дарынды оқушыны таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата-ана – оқушы –ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз: Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. Мәтін бойынша мақал құрастыру. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы) Өлең, мақалдар құрастыру. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу. Кейіпкерге мінездеме беру. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу. Рөлге бөліп оқыту. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус) Диалог-ертегі. Образға кіру. Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек ету қажет. Ал дарынды ұрпақ - ел ертеңі екенін үнемі жадымызда ұстайық. Білім беру кезінде баланың жас ерекшелігіне де қарау керек. Мысалы сыныптағы балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Олардың білімді қабылдауы біреуі тез, біреуі орташа болуы, біреуі кеш деген сияқты. Сондықтан оларға сұрақ қоюда болсын, білім беруде болсын жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дайындаймыз. Қабілеті жоғары оқушыға күрделі тапсырма береміз. Себебі, ол дарынды деп қараймыз. Сұрақ қою кезінде де осы бағытты ұстауымыз керек. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Қорыта келе XXI ғасыр білім беру жүйесінде жаңаша көзқарасты қалыптастыру ең маңызды құндылықтар мен бағыттарды айқындайтын ғасыр болып отыр. Сондықтан жаңа көзқарас қажеттілігі – өмір талабы. Елбасының жолдауында «өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтың міндетіне айналуы керек»- деген сөзі мұғалімдер қауымына жаңа міндеттер жүктейді