Дыбыстың табиғаты, сипаттамалары, таралу жылдамдығы. Ультрадыбыс және оның қасиеттері

Дыбыс, ультрадыбыс туралы ұғым беру. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығымен, ультрадыбыстың қасиеттерімен таныстыру.

Автор: Бектилеуова Саягул Кузембаевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Білімділік: студенттерге дыбыс, ультрадыбыс туралы ұғым беру. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығымен, ультрадыбыстың қасиеттерімен таныстыру. Дамытушылық: студенттерді өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: студенттерді жауапкершілікке, тиянақтылыққа, топпен жұмыс жасай білуге, басқалардың пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: теориялық Сабақтың өткізілу әдістері: оқыту мен оқудағы жаңа әдістер АКТ, СТО: сұрақ-жауап, диалог, миға шабуыл, топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: презентация, үлестірмелі материалдар, постер, проектор Пәнаралық байланыс: музыка, медицина, биология Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру – 3 минут. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару. Топ студенттерін түрлі-түсті стикерлер арқылы топтарға бөлу, топ белсендісін, топ бақылаушысын тағайындау. Студенттердің зейінін сабаққа аудару, «Әрбір күнге арналған рецептіні» оқыту. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 3-5 минут. «СМС әдісі» арқылы үй тапсырмасын тексеру. Әр топ қағазға 2 сұрақ жазып, келесі топқа береді, ал өздері сол топтың дайындаған сұрақтарын алып жазбаша жауап беріп кері қайтарады. Әр топтан 1 студент сұрақтарды оқып, берілген жауаптардың дұрыстығы тексеріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша беріледі (әр жұлдызша 1 балға тең). ІІІ. Жаңа сабақ – 26-27 минут. Топ ережесі таныстырылады. Зерттеу тақырыптары материалдары таратылып беріледі: • Дыбыстың табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы • Дыбыстың қаттылығы, жоғарылығы, тембр • Ультрадыбыс және оның табиғаты, қасиеттері, қолданылуы • Дыбыстың, ультрадыбыстар мен инфрадыбыстың адам ағзасына тигізетін әсері Топтарға түрлі–түсті маркерлер мен плакат беріледі. Плакатты қолданғанда қандай да бір кескіндік ұйымдастырушы тәсілін: Т-кестесі, кластер, Венн диаграммасы, салыстыру кестелері, т.б. қолдану керектігі ескертіледі. Студенттер өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдайды, талқылайды. Өздерінің шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (10-15 минут ішінде). Жұмыс аяқталғаннан кейін плакаттар қабырғаға ілінедіде, әр топ атынан бір спикер шығып жұмысты қорғайды (10-12 минут). IV. Жаңа сабақты бекіту – 3-5 минут. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі: қапшықты әр командаға лақтырамын. Қапшықты қағып алған студент сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, допты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса жауаптың құны 1 балға төмендейді. 1. Акустика бөлімі нені зерттейді? 2. Дыбыс дегеніміз не? 3. Дыбыс тербеліс жиілігі қай аралықта болады? 4. Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы қандай? 5. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі? 6. Дыбыс тоны қандай шамаға байланысты? 7. Ультрадыбыс дегеніміз не? 8. Ультрадыбыстың қолданылу салаларын ата? 9. Инфрадыбыс дегеніміз не? V. Жаңа сабақты қорытындылау – 1-2 минут. Студенттердің жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан студенттерді мадақтау. VI. Үй тапсырма беру – 2 минут. 1. Адам құлағына жағымды 7 дыбыс ( аудио немесе видео жазба дайындау) 2. Домбыраның құрылысымен танысу, домбыра физикасын зерттеу VII. Бағалау – 2 минут.