Кәсіби бағыттылық – педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің маңызды компоненті

Бүгінгі таңда педагогикалық колледжді бітіретін түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындыққа жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда оқу орнының қабырғасында өтетін іс-тәжірибе түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу отырып, педагогикалық қарым-қатынастың жолдарын оңтайландыру міндеті қойылып отыр.

Автор: Быдыкова Сауле Кенесказиевна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Бүгінгі таңда педагогикалық колледжді бітіретін түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындыққа жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда оқу орнының қабырғасында өтетін іс-тәжірибе түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу отырып, педагогикалық қарым-қатынастың жолдарын оңтайландыру міндеті қойылып отыр. Жұмысқа енді ғана орналасқан жас мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынасқа даярлауда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеледі, бұрынғы кезде өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасау кезінде педагогтар қауымы өзінің көп жылғы іс-тәжірибесін құрастырып шығарып, мен шығармашыл мұғаліммін дейтін, қазіргі педагогтар шығармашыл негіз – шығармашылық іс-әрекет, уақыт, күш, сапа мен сан көрсеткішінен тұратын біртұтастық құрылым үрдісін көрсетуде. Мұғалім өз пәні бойынша оқушыларға білім беріп қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейді және жеке басын қалыптастырады. Бұл мұғалімнің баланың жас, дара ерекшеліктерін білуді, оған сай әрекетін ұйымдастыруды, олардың қарым-қатынасын, сенімін, көзқарасын, танымын, белсенділігін дамыту әдістемесін білуді қажет етеді. Олай болса, мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болу үшін педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогикалық қарым-қатынас өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. Танымдық біліктілік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі. Танымдық біліктілікті қалыптасыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес т. б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет [1]. Құра білу (конструктивтік) біліктігі–оқу–тәрбие жұмысын моделдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерне сай, оқу–тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретті ұйыдастыра білу, бұл біліктілікті меңгеру үшін интеллектуалдық қабілет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Қарым-қатынас (коммуникативтік) біліктілігі–бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуді, тани білу, өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі қажет. Ұйымдастырушылық біліктілік–бұл мұғалім еңбегінің бөлінбейтін, үнемі жүріп отыратын маңызды саласы. Ұйымдастырушылық біліктіліктің өзіндік белгілері бар, олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, нақтылап объектіге зейін қоя білу, кездесетін кедергіні тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза білу, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға ықпал жасау іс-әрекетінен құралады. Хабарлау біліктілігі – жеке педагогикалық біліктілік болып саналады. Көбіне қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі қарым-қатынас хабарлама материалынсыз болуы мүмкін емес. Информациялық біліктілік оқу-тәрбие процесінің оңтайлылығын арттыруда шешуші орын алады. Оқу-білім материалын терең, жан-жақты білу, оқу әдістерін меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етеді. Бұл біліктілік мұғалімнің дауысты үйлестіре білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылды меңгере білуді талап етеді. Сөйлеу, әңгімелесу, көрсете отырып түсіндіру, пікірлесу тыңдау, сұрақ-жауап айту тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін аудару–мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне қажет біліктілік. Зерттеушілік біліктілік - әрбір педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент жүргізуді жоспарлауды, сонымен қатар мұғалім озат тәжірибені де өзінің тәжірибесіне жинақтауды, оларға теориялық-практикалық негізде талдау жасауды және мектеп өміріне ендіруді қамтиды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, белсенділігі, адамгершілік-ізгілік қатынасы. Педагогикалық зерттеу білігі – бұл педагогикалық құбылыстарды бақылау және талдау біліктілігі және соның негізінде педагогикалық тапсырмаларды шешу; гипотеза ұсыну; эксперимент өткізу және оны талдау; эксперимент нәтижелерін өңдеу және жалпылау; есеп, реферат, баяндама, оқу-тәрбиелік шаралардың жоспарын жасау; әдебиеттерді пайдалану; ғылым жетістіктерін қолдану. Жас мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынасқа түсе білу мәселесі педагогикалық тәжірибенің және олардың кәсіби білігін қалыптастыруда қоғамдық пәндер, психологиялық-педагогикалық пәндер, арнаулы пәндер бойынша білім, біліктілігі және дағдылар жиынтығының орны зор. Болашақ мұғалім кәсіби мамандығының қыры мен сырын, педагогикалық қарым-қатынастың оңтайлы жолдарын таба білу педагогикалық іс-тәжірибеге араласа бастағанда сезінеді. Болашақ мұғалімнің жеке басының педагогикалық дағды іскерлігі мен икемділігін қалыптастыратын басты шара–педагогикалық іс-тәжірибе. Болашақ мамандарды кәсіптік білікке баулу педагогикалық іс-тәжірибеге алдын ала жүргізілген жүйелі дайындықты талап етеді. Педагогикалық іс-тәжірибеге дайындық болашақ мамандардың теориялық, әдістемелік, психологиялық, этикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеушілік, біліктілік іскерліктерін қалыптастыруға бағытталмақ. Осы мәселелерге байланысты қарама-қайшылықтың шешімін табуға болашақ мамандарды дайындауда педагогикалық іс-тәжірибе үрдісінің ықпалы өте зор [2]. Педагогикалық іс-тәжірибе үрдісінде болашақ мұғалімдерді кәсіби білікке баулу нәтижелі болады: егер педагогикалық іс-тәжірибенің кәсіби бағдар беруге арналған міндеті мен мақсаты айқындалып, оны ұйымдастыруға байланысты осы кезге дейін жинақталған алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер ескерілген жағдайда, студенттерді педагогикалық іс-тәжірибеге дайындау кезінде арнайы курстарды оқыту барысында олардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, болжағыштық, диагностикалық, зерттеушілік, дидактикалық біліктерін қалыптастыратындай жұмыс түрлері ұйымдастырылса, онда оларды оқу-тәрбие жұмысында даярлау тиімділігі артады. Педагогикалық колледждерде білім алып жатқан болашақ жас педагогтар мектептерде педагогикалық іс тәжірибенің мына түрлерінен өтеді: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Сыныптан тыс жұмыстардың технологиясы», «Байқау іс тәжірибесіне даярлық», «Баланың мектептегі алғашқы күндері», «Мектептегі байқау іс тәжірибесі», «Диплом алды іс тәжірибе», «Мемлекеттік іс тәжірибе» т. б. Бұндай іс тәжірибелерден өту арқылы болашақ педагогтың мектеп қабырғасына жұмысқа кірген кезіндегі педагогикалық қарым-қатынасқа еркін түсуіне көп септігін тигізеді. Мектептегі тәжірибелерден өтеуде болашақ педагогтар педагогикалық қарым-қатынасқа жан-жақты түседі. Болашақ педагог мамандарды іс тәжірибеге даярлау барысында педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруда колледжде өтетін таныстыру, оқу іс тәжірибесі кезінде мектептің әдістемелік қызметінің негізгі міндеттерін басшылыққа алу қажет: - Мектептің педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығымен таныстыра отырып, ол педагогикалық ұжым қызметінде озық педагогтік тәжірибені өндіру, жалпылау, тарату, жүйелі зерттеу мен үйрену барысын айқындауға даярлық; - Болашақ мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру; - Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдап –игеру жұмыстарын ұйымдастыру; - Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту; - Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге педагогикалық қызметте қиналатын жеке мәселеде оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеріп, диагностикаланған, сараланған ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; - Педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету; - Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру; - Оқу пәндері мазмұнын жаңартуға, өңдеуге әдістемелік ұсыныстар беру; - Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтардың ролін арттыру; - Басқа ғылыми және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжым, мұғалімдер, жас мамандардың ғылыми - әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасуын, өзін-өзі бағалау, білімін көтеру, шеберлігін арттыру жолдарымен таныстыру; - Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт –бағдарын айқындау; - Іс тәжірибе кезінде педагогикалық қарым-қатынас мәселесінде оқушыларды ғылыми–зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарға баулу мен ынталандыру. Сол үшін болашақ жас мұғалімдерді жаңа формацияда оқыта отырып, тәрбиелеп, таңдаған мамандықтарын дұрыс меңгерулеріне баса назар аударуымыз қажет. Жаңа формация мұғалімі деп – педагогикалық дарынды, жаңаға ұмтылатын, кәсіптік білім, білік, дағдыны меңгерген, өзіндік қорытындыға қабілетті, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуда педагогикалық шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды: 1) педагогикалық қарым-қатынасты орнатудағы өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек; 2) интеллектуалды әрекеттің мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруге тиіс; 3) болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс. Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында педагог оқытудың белсенді технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу - тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық өкіліне айналуы тиіс және эксперименттік кәсіби сауаттылықты игерудің де маңызы зор [3]. Болашақ маман білімділік және бәсекелестікке төтеп бере алатын, өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, педагогикалық қарым-қатынасқа даяр ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік т. б. қасиеттер. Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алады. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық іс-тәжірибе негізінде студент–болашақ маман өзінің бейімділігі, шеберлігі, ыңғайлылығы, алған теориялық білімін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда жүзеге асады. Және практиканттар оқу-тәрбие, іс-тәжірибесі үрдісінде ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен шұғылдандынса, олардың шығармашылық белсенділігі шыңдала түседі. Сондай-ақ, мұғалім жаңалық жаршысы ретінде оқытудың тиімді тәсілдерін, озық тәжірибелерді сараптап, шығармашылық ізденіс үстінде болуы керек. Әр жеке адамның өміріндегі кәсіптік-әлеуметтік психологиялық тұрғыдан дамуы, оның оқып білім алуы мен тәрбиеленуіне ұстаздың білігі қажет болып табылады. Осыған байланысты мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжибесін жетілдіріп отыруды талап етеді. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Әлқожаева Н. С. Педагогика. -Алматы:Қазақ университеті, 2006 2. Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005. -123б 3. Никитина Н. Н. Основы профессионально-педагогической деятельности. М., 02. -288с.