Мектепке дейінгі балалардың көптілдіктерін дамытуда ойын технологияларын қолдану

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясында Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» туралы айтылған.

Авторы: Ахметова Гүлсара Тумарбековна, Несипбаева Ажар Ертисбаевна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясында Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» туралы айтылған. Көптілді білім беру – көпқырлы мәселе. Педагогтың негізгі мақсаты – көптілді және көпмәдениетті құзыреттілікті игерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, көптілді тұлғаны қалыптастыруға атсалысу. Балаларды тәрбиелеуде тіл ерекше орын алады, өйткені тіл - адамдардың өзара түсіну, қатыныс құралы болуымен қатар, қоғам мен табиғаттың, адамның рухани айнасы. Әр ұлт өкілі өзінің ана тілін құрметтесе, басқа тілді меңгеруіне еш бөгет болмайды, керісінше, ол адамды адамгершілікке, көрегенділікке, мейрімділікке, өз ұлтының, елінің, жерінің азаматы болуға жетелейді. Сондықтан үш тіл білу – қазіргі заман талабы. Мектепке дейінгі жас тілдерді меңгеруге өте қолайлы кезең екені психологтармен дәлелденген. Сондықтан Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Балаларда көптілдікті дамыту келесі әрекеттер арқылы жүзеге асады: 1. Ұйымдастырылған оқу әрекеті: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі. 2. Дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды сабақтан тыс, күн тәртібінде қолдану. 3. Әлеуметтік- толыққанды тілдік ортаны қалыптастыру. 4. Құзіреттілікті дамытатын инновациялық технологияларды қолдану. 5. Тілдерді меңгерту мақсатында ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау. Әлемдегі педагогтардың бәрі тілдерді меңгертудің оңтайлы жолдарын іздейді. Осы мәселені жүзеге асыруда жаңа педагогикалық технологияларды еңгізу – негізгі (басты) шешім болып табылады. Балалардың дамуын зерттей келе, басқа әрекеттерге қарағанда психикалық процестер ойын барысында жақсы дамитыны байқалады. Сондықтан да, шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады. Ойын барысында бала не істеу керек, не айту керек екені туралы шешім қабылдау керек. Осы мәселелерді шешу арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті келесі функцияларды орындайды: · көңіл көтеру, қызығушылықтарын арттыру; · коммуникативтік: қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерту; · ұлтаралық коммуникация: барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту; · әлеуметтендіру: қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне еңгізу. Ойын арқылы үйрету- екі жоспарды жүзеге асырудың айқын үлгісі: педагогикалық мақсатты көрсетпей, нәтижеге ойын түрінде жету. Ойын- үлкендердің балаларды тәрбиелеудегі қолданылатын, заттармен түрлі әрекеттер жасауға, қарым-қатынас жасауға үйрететін әрекет түрі. Балалардың сөйлеу белсенділіктерін жақсартуға арналған педагог пен балалар бірлесіп жасайтын қандай әрекет түрін таңдау қажет? Баланың сөйлеу белсенділігін арттыратын және қалыптастыратын қажетті базис- ол ойын әрекеті. Толыққанды көптілдікті дамыту сабақтан тыс жоспарланған педагогикалық жұмыссыз іске аспайды. Бағдарлама мазмұнын бекіту және қайталау түрлі ойындар арқылы жүзеге асқаны жөн. Сонымен, балабақша педагогтары көптілдікті еңгізу мақсатында келесі ойын технологияларын қолданады. • Қимыл-қозғалыс ойындары (мәтіні бар). • Ойын- драматизация • Сюжеттік ойындар • Саусақ ойындары • Үстел-үсті және дидактикалық ойындар Мақсаты: • Айналадағы құбылыстар мен заттар негізінде балалардың үш тілде сөздік қорын толықтыру, белсендендіру, нақтылау; • Дамытушы, көптілдік ортаны құру(көрнекілік құрал арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту); • Үш тілдегі көркем әдебиет шығармалары мен көрнекілікке сүйеніп құрылған арнайы ұйымдастырылған диалогтар арқылы тіл дамыту. • Қолдың ұсақ моторикасын және жалпы моториканы дамыту. Үш тілде мәтіні бар қимыл-қозғалыс ойындары. Осы ойындарда өлең мен тақпақтар қолданылады. Айтылатын өлең сөздері ойын барысын нақтылап, балалардың әрекеттерін, тәртіптерін қадағалайды. Ойынға қатысты қолданылатын мәтіндер балалалардың зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамытады, жинақылыққа тәрбиелейді. Педагог өлең, тақпақтарды айта бастайды, балалар үш тілде сөздерді жалғастырып айтады. Ойында қайталау барысында балалар өздігіменен ойын сөздерін айтуға тырысады. Қимылдарға қатысты айтылатын нақты сөздер, сөзұйқастар, дыбыстарға еліктеу балалардың үш тілде жатталатын сөздерді меңгеруде тиімді әдіс болып табылады. Бірлесіп жасалатын әрекет барысында балалардың сөйлеу белсенділігін арттыру қажет. Сұрақ-жауап әдісі де тілге үйретудің тиімді әдісі болып саналады. Педагог балаларға үш тілде жауап қайтарға көмектеседі. Ойын- драматизациялар. Драматизация барысында балаларды кейіпкердің атынан сөйлеуден басқа, оның бейнесін қимылмен, мимикамен көрсетуге үйрету керек. Драматизация балалардың сөз қорын үш тілде байытып, грамматикалық құрылымын жетілдіреді. Үш тілде сюжеттік ойындар. Сюжеттік ойындар шет тілдерін үйретудегі тілдік жағдайды ұйымдастыратын құрал болып табылады. Рөлдік ойындар негізінде ойын сюжеті мен берілген рөлдерге қатысты ұйымдастырылған тілдік қарым-қатынас бар. Рөлдік ойындардың үйрету мүмкіншілігі оның қарым-қатынас моделі екендігінде. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлауы, қойылған сұраққа жауап іздеу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау машығы дамиды. Рөлдік ойындар ұжымдық жұмыс қағидасына сүйенеді, әр баланы шығармашылық әрекетіне жетелейді, сондықтан тілдерді үйретуде қөп ықпал жасайды. Ойын барысындағы қуаныш сезімі, қызығушылығы- балаға басқа тілдегі сөздерді ұялмай, еркін айтуға көмектеседі. Сюжеттік ойындарды келесі санатқа бөлуге болады: • Лексикалық ойындар; • Грамматикалық ойындар; • Фонетикалық ойындар; • Шығармашылық ойындары. Рөлдік ойындардың бір нұсқасы –ол заттармен ойнау. Осы ойындарда балалар ойыншықтар, кітап, тұрмыстық заттар қолданады. Көркекілік құралдар нақты қарым-қатынас жағдайдың барын көрсетіп, тақырыпты меңгеруге көмектеседі. Тілдік қарым-қатынас тақырыптары отбасы мүшелері, мамандықтар, айналадағы құбылыстар, киім, күн тәртібі, мерекелер жайлы болуы тиісті. Балаларға ойынды ұсыну алдында, оқыту процесіне сәйкес оның мақсатын айқындап, ағылшын, орыс тілінде берілетін лексика-граммматикалық материалды нақтылау қажет. Ойынды ұйымдастыруды жоспарлау кезінде педагогтар түрлі өмірлік жағдайларды қолданады. Мысалы, «Мамандықтар» тақырыбы бойынша қызықты да пайдалы «Кітапхана» ойынын өткізуге болады. Тақырып бойынша лексиканы меңгертіп, кітапханаға барған жағдайды ойын түрінде көрсетіп, жаңа меңгерген сөздерді қолданады. Рөлдік ойынды нақты қарым-қатынас жасау моделі деп санауға болады. Шет тілін үйретуде басты мақсат –қарым-қатынас жасау. Сюжеттік –рөлдік ойындар бойынша әдістемелік құрал шығарылып, қолданылады. Саусақ ойындары. Баланың тіл дамуының деңгейі қол моторикасының қалыптасуымен байланысты, егер де, моторикасы жас ерекшеліктеріне сай болса, тіл дамуының деңгейі де жасына сәйкес келеді. Сондықтан да ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындарды сабақтан тыс қолдану ықтимал. Саусақ ойндарын қолдану арқылы тілдерді меңгертуге болады. Ойын сөздерін баламен бірге жатталып, қимылмен көрсетіледі. Саусақ ойындарын мазмұны бойынша топтастыруға болады: Сюжеттік саусақ ойындары- балалар белгілі бір тақырып бойынша сөздерді меңгеріп, заттарды бейнелейді. Мысалы, көлік, жиһаз, жануарлар, құстар, өсімдіктердің атын үш тілде атап, көрсетеді. Дыбыстық гимнастика мен саусақ ойындары. Саусақтарымен қимылдар жасап, дыбыстарды айтады. Үстел-үсті мен дидактикалық ойындар. Тілдерді үйретуде келесі ойындарды қолдануға болады: Саяхат-ойындары –баланың қызығушылығын арттырып, айналадағы заттарды атауға баулиды. Ойын-ұсыныстар– балалардың алдына мақсат қойылады, келесі әрекетті балаларлар ойланып сөзбен айтып, жоспарлайды. Бір-бірін тыңдап, ақылдасады. Ойын-сұхбаттасу. Қарым-қатынас жасауға негізделген ойын түрі. Сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Асықтарды қолдану арқылы балалардың бойларына халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын дарыта отырып, ағылшын, орыс тілдерін меңгерту, олардың денсаулығын нығайтып, ой қа білетін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке тәрбиелеу мақсатында балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақытта көптеген ойындар өткізіледі. Сенсорикалық эталондарды қалыптастыруда асықты қолдану өте тиімді. «Асықтарды түсі бойынша топтастыр», «Түрлі көлемді заттарды жаса», «Пішінді құрастыр», «Аталған түсті тауып бер» ойындары арқылы қойылған мақсаттар жүзеге асады. Санау дағдаларын қалыптастыруда асықтар кеңінен пайдаланылады: «Нешінші?», «Саны бойынша топтастыр», «Асықты санап ал» ойындары ұйымдастырылады. Асықтардан үлгі бойынша түрлі бейнелер жасауды үйретуге болады. Шығармашылықтарын дамыту мақсатында, өздігіменен ойдан шығарып сюжетті суреттер құрастыру ұсынылады. Балалардың аса қызығушылықпен қатысатын ойындар қатарына үстел-үсті театры жатады. Әр түрлі ертегілер арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырып және олардың үш тілде сөйлеуде тілдері дамытылады, сөздік қорларын байытылады. Баланың қиялын, есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыруға ықпал етеді. Балалар асықта жасалған кейіпкерлер, атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсете алады. Сахналауға арналған ертегіні талдап, жаңадан еңгізілетін сөздерді балаларға жеке жұмыс арқылы меңгерту қажет. Ойын технологиларының әдіс-тәсілдері: Жұмыс тәжірибесінің түзету-дамыту бағыты. Ойын әдістері мен тәсілдерінің жинағы, барлық әрекеттерді жоспарлануы дидактикалық қағидаларға негізделген, сонымен қатар жүйлілікке, педагогикалық жағдайға сүйенеді: балалардың даму деңгейі мен жас ерекшелігі. Ойын барысын құру кезінде сөйлеу үлгісі, сөзге деген зейінділік, баланың тіл дамуының деңгейі ескерілу керек. Ойынды жоспарлау кезінде сабақта өтіп жатқан тақырыптар ескеріледі. Ұсынылған ойындар мен жаттығулар балаларға шет тілді үйретуге ықпалын тигізеді. Ойындар күн тәртібінің кез келген қолайлы уақытында өткізіледі(таңертең, серуен кезінде, ұйқыдан соң, кешкі уақытта). Ойындар баланың қоршаған орта туралы түсінігін молайтып, сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. Ойындарды барлық балалармен, шағын топпен де өткізуге болады.