«С» дыбысы және әрпі

Сабақ жоспары

Автор: Жакипова Рахима

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Білімділігі: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету. Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту. Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері, АТК Ұйымдастыру кезеңі: - Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық. Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?! Шаттық шеңбері: Сәлем дейміз достарға, Сәлем дейміз құрдасқа, Сәлем дейміз ұстазға, Сәлем дейміз қонаққа. Айымыз ашық болсын, Туымыз биік болсын. Халқымыз тату болсын, Балалар аман болсын! - Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік. Балалар біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық? - Б дыбысы мен әрпі. - Б дыбысы дауысты ма дауыссыз дыбыспа? - Дауыссыз дыбыс. - Қандай текшемен белгілейміз? - Көк. - Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла!» ойынын ойнағыларың келе ме? - Иә Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің атаған дыбысына тез сөз ойлап, допты кері лақтыру керек. (Б - барабан, балта, бала т. б). - Рахмет. Балалар, қараңыздаршы мынаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Балалар бұл сандық жәй сандық емес секілді. Бұл «Сиқырлы сандық» секілді, себебі қасында әдемі кілті бар екен. Балалар «Сиқырлы сандығымыз» құлыптаулы екен. Балалар бұл әдемі сиқырлы сандығымызды ашу үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешімін тапсақ, сиқырлы сандығымыз ашылды. Жұмбақ. 1. Затыңды аман сақтайды, Ішіне адам батпайды. (сандық) Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Сиқырлы сандығымыз ашылды. Балалар, бұл не? Балалар: Сағат. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл сағат. Сағат адамға не үшін қажет? Балалар: Уақытты білу үшін. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Сағат сөзін бәріміз бірге айтайықшы? Балалар: Сағат. Тәрбиеші: Сағат сөзін айтқанда басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? Балалар: «С» дыбысын. Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі. Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «С» дыбысынан басталатын сөздер айтылады. «С»дыбысы жайлы түсінік беру. «С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады. - Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астына қойып «С»дыбысын айтайықшы. Барлығы бірге «С» дыбысын қайталап айтады. -«С»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды). - Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? - Көк текшемен белгілейміз. -«С» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы. - Сағат, сәбіз, сырға, сақина, сабын. - Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады. - Са - ғат - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Сә - біз – екі буыннан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Ойын: «Сиқырлы буын». Ойын шарты: сөздің алғашқы буыны бар, екінші буынын суретке қарап тауып айту. Мысалы: са - бын, са - ғат, са - дақ. Дәптермен жұмыс: №1 тапсырма. Сан, тас сөздеріне дыбыстық талдау жасап, тиісті текшелермен белгілеу. №2 тапсырма: Суреттерден «С» дыбысы қай сөздерде кездеседі? Сәйкестендір. №3 тапсырма: Суреттегі заттарды ата. Сызба бойынша буынға бөл. Сергіту сәті. (бейнежазба) Тіл ұстару жаттығулары: Са - са - са - ұстап алдым маса. Се - се - се - сынды неше кесе. Ес - ес - ес - пышақпен нан кес. Ойын «Дыбысты анықта». Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «с» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады. - Балалар, «С» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік. Ойын: «Кім тез ойлайды?». Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі - с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды. Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау. Ортаға келіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы. Сау - саламат болайық!