Дыбыс екпіні

Бұл сабағымда миға шабуыл əдісі сəтті өтті. Оқушылар сұрақтарға толық əрі мазмұнды жауап берді.Оқушылар белсене қатысты.

Автор: Егизбаева Светлана Арабпаевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екенін түсініп, дыбыс екпін түрін меңгерту. Сабақтың міндеттері: 1. Дыбыс екпіні туралы білімдерін кеңейту. 2. Адамгершілікке тәрбиелеу. 3. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. Құрал- жабдығы, көрнекілігі: Слайдтар, қосымша әдебиет, түсті қағаздар, маркерлер, постер, интербелсенді тақта, электронды оқулық Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап «Миға шабуыл», топтық жұмыс, түсіндіру, баяндау, драмалық әдіс, АКТ-ны қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, «Толғаныс» эссе жазу. Оқушылар үшін оқыту нәтижелері Үйренеді: • бірлескен жұмысқа; • топ арасындағы ынтымақтастыққа; • ұжымдық жауапкершілікке; • берілген материалдарға байланысты түсініктерін тереңдетуге; • қиындық тудырған сәттерді анықтауға; Сабақта қаралатын негізгі идеялар: Екпін түрлерін ескере отырып мәнерлеп оқу, екпін түрлерін ажырата білу. І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылар сандық ретпен топқа бөлінеді. І, ІІ топтарға бөлу. 2. Топ ережелерін еске түсіру. Психологиялық дайындық: Оқушылар бір-біріне жүрекше арқылы жылы сөздер, тілектер айтады. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушылар жіңішке және жалпақ сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы сұрақтарды алып, топпен кеңесіп жауап береді. (сұрақ-жауап) ІІІ. Жаңа сабақ Жаңа тақырыпты ашу. «Ой шақыру» Оқушылар интербелсенді тақтадан сөздерді оқиды. Бұл сөздер қалай айтылуына байланысты өздері сабақтың тақырыбын ашады. мысалы: тама-ша-а, жара-а-йсың, ж-жап есікті. Осы сөздердің айтылуына қарай оқушылар бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталатынын айтады. Бірінші топ қуанышты көңіл күйді білдіретін сөздерді жазады. Ал екінші топ реніш, кею, қынжылу сезімдерді білдіретін сөздерді жазады. «Толғаныс» әдісі бойынша әділеттілік тақырыбына қысқаша эссе жазады. Электронды оқулықтан «Әділеттік орнаса» өлеңін тыңдату. Оқулықпен жұмыс. 348-жаттығу. Мәтінді мазмұнына сай дауыс мәнерін сақтап оқу. ІV. Жаңа сабақты пысықтау Оқушылар жұлдызшы туралы ертегіні рөлдерге бөлініп орындайды. Ертегіде қандай екпін түрлері бар екенін табады. Дыбыс екпінінің ерекшеліктерін дәлелдейтін кесте құрастырып, жұмыстарын қорғайды. (топтық жұмыс) Топтық жұмыс. Ой қозғау (ізденушілік тапсырма) 1 топ. Екпін түрлеріне байланысты сөйлемдер құрастыру. Сыйлықтар, ауылға, еңбек ет, тамаша. 2 топ. Оқушы, сызба, жүрек жұтқан, қысқарт, биік шың. (Оқушылар берілген тапсырма бойынша оқулықтан іздеп, жеке, жұппен, топпен ой бөліседі. Сергіту сәті Оқушылар сергіту сәтін орындайды. Қорытынды. Үй жұмысы Топ мүшелері бір-бірін бағалау парақшаларына бағалайды. Кейін өзім суммативті бағасын шығарамын.. Оқушылар сабақ бойынша кері байланысын жазады. Тақырыпты оқу, 156бет 354-жаттығу