Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер

Студенттерге канықпаған көмірсутектер, олардың атауы, изомериясы (кеңістік изомериясы), химиялык қасиеттері, қолданылуы жөнінде, сондай-ақ алкендердің қасиеттері туралы мәлімет беру.

Автор: Рисбаева Раушана Бидуллаевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Студенттерге канықпаған көмірсутектер, олардың атауы, изомериясы (кеңістік изомериясы), химиялык қасиеттері, қолданылуы жөнінде, сондай-ақ алкендердің қасиеттері туралы мәлімет беру. Дамытушылығы: Изомерия жөнінде алған алғашқы теориялық мағлұматарын, сондай - ак, косылыстарды (ИЮПАК) халықаралық атау жүйесі бойынша атап - үйрену біліктерін дамыту. Тәрбиелілігі: Студенттерді өз ойларын еркін айтып, бір - бірінің пікірін тыңдауға, ұжымдаса бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, сайыс сабақ. Сабақтың түрі. Аралас сабақ. Сабақтың типі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақтың көрнекілігі. Оқу құралдары, презентация, проектор, үлестірмелі карточкалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (3мин) (сәлемдесу, топқа бөлу, түгендеу, сабаққа даярлық жасау.) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: А) «Кім жылдам?» (7мин) (сөзжұмбақ шешу) Сұрақтары: 1.Алкандарды тағы қалай атайды? 2.СН2 тобына айырмашылығ бар қосылыстар? 3.Көміртек саны 6-ға тең болатын алкан? 4.Алкандардың ең қарапайым өкілі? 5.Циклоалкандарды тағы да қалай атайды? 6.Пішіндері әртүрлі орбитальдардын араласып пішіндері бірдей орбиталь түзуі? 7.Sр3- гибридтенудің пішіні қандай болады? 8. СН3, С2Н5, С3Н7 - ……….? Ә) «Формулаларын табыңдар» (6мин) (үлестірмелі карточка арқылы тапсырма беріледі) І топ: 2 - пропилбутан, 1-метил 4-пропилциклогексан; ІІ топ: 2,3-диметилпентан, 1,3-диметилциклопентан; ІІІ топ: 2,2–диметилбутан, 1-метил З-этилциклогексан. ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту: (12мин) (постер қорғау) Алкендер — молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкендердің ең қарапайым өкілі — құрамында екі көміртек атомы бар — этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендердің жалпы формуласын СnН2n (n= 2) деп есептеп, этиленнің молекулалық формуласын табуға болады: C2H2•2=C2H4 ықшамдалған құрылымдық формуласы: CH2=CH2 Алкендердің құрылысы. Алкендердің құрылысын олардың ең карапайым мүшесі—этиленнің (этеннің) С2Н4 мысалында қарастырайық. Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан . Алкендерде көміртек атомдары sр2-гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s-және екі р-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты және бір гибридтенбеген р-электрон орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ-байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталімен қаптасып тағы бір σ-байланыс барлығы бес σ-байланыс [бір sp2 — sp2 (С — С) және төрт sp2— s(С — Н)] түзеді. Гибридтенбеген р- электрон орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) каптасып, екі π-электрондар арасында (С — С) бір π-байланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ-және бір π-байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134 нм, байланыс энергиясы 612 кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі. Алкендердің атаулары мен изомерлері Нормальді алкендерді атағанда көбіне сәйкес алканның -ан жұрнағын -илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен — этилен, пропанға сай — пропилен және т.б. Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сәйкес алканның -ан жұрнағы -ен жұрнағына алмастырылады: алкан — алкен, этан — этен, пропан — пропен жәнет.с.с. Алкендерді халықаралық номенклатура бойынша атауды қарастырайық: 1. Алкеннің құрылымдық формуласынан қос байланысы бар ең ұзын тізбек таңдап алынады. Тізбекті нөмірлеу қос байланыс жақын орналасқан шетінен басталады. 2. Орынбасар байланысқан көміртек атомының нөмірі көрсетіліп, содан кейін орынбасар аталады. Бірнеше радикал болса, әрқайсысының орны мен аты аталады. 3. Ұзын тізбек аталады да, атаудың соңында қос байланысы бар көміртек атомының нөмірі көрсетіледі. Алкендердің радикалдары алкандар радикалдарына ұқсас аталады: СН2 = СН — этенил (винил). ІV. Жаңа сабақты бекіту: А) «Есептер еліне саяхат» (5мин) І топ: 3 моль пропиленнің жануы нәтижесінде түзілген судың массасын табыңдар. ІІ топ: 44,8л этилен жанғанда қандай көлем көміртек диоксиді түзіледі? ІІІ топ: 56г этиленнің жануы нәтижесінде неше моль су түзіледі? Ә) «Виен диаграммасы» (5мин) Б) «Шарөзекті модельдер» (3мин) (Қосылыстардың шарөзекті модельдерін құрастыру) І топ: Этан ІІ топ: Циклопропан ІІІ топ: Этилен V. Студенттерді бағалау. (2мин) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді сәйкесінше бағалау VІ. Үй тапсырмасын беру: Оқулықпен жұмыс – тақырыпты оқу, №2-3есептерді шешу VІІ. Рефлексия: (2мин) «Екі жұлдыз бір тілек» (кері байланыс).