Хан Тәңірінің мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев

Студенттерге М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан түсінік бере отырып, ақын өлеңдерінің мәнін ашу

Автор: Надирова Фариза Ерболсыновна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерге М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан түсінік бере отырып, ақын өлеңдерінің мәнін ашу. Дамытушылық: Ақиық ақынның шығармашылығы арқылы студенттердің ой-өрістерін арттыра отырып, қазақ зиялыларымен таныстыру. Ақын шығармашылығына тоқтала отырып, студенттердің сөздік қорын дамыту және өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу; Тәрбиелік: Ақын лирикасымен танысу арқылы отансүйгіштікке, мейірімділікке, жақсы мен жаманды саралай келе шыншылдыққа тәрбиелеу; Сабақтың типі: ұжымдық Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру әдісі, сұрақ - жауап, ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлау, сатылай кешенді талдау, талдау – жинақтау. Сабақ көрнекілігі: ақынның өмір жолы мен шығармашылығына құрылған презентация, ақын кітаптарынан көрме. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) Ұйымдастыру кезеңінен кейін, студенттерді топқа бөлу: І топ. «Күзгі таң» ІІ топ. «Жас жүрек» ІІІ топ. «Жас қайың» II. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин.). Әр топтан үйге берілген тапсырмалар сұралады: 1. Ә.Нұрпейісов өскен орта? 2. «Қан мен тер» триологиясының басты кейіпкерлері? 3. Жазушының ағылшын тіліне аударылған шығармалары? III. Жаңа сабақ (25мин.). I. Қызығушылығын ояту. Ақиық ақын туралы бейнефильм көрсету арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру. Осыдан кейін студенттерге арнайы дайындалған слайд-презентацияның көмегімен М.Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығынан дерек беретін сұрақтар беріледі. “Мен Мұқағалидың тірлігінде емес, өлгеннен кейін-ақ бақытты қазақ болғанына қуанамын. Оның аты,өлеңі жалпы жақсы қазақтарды біріктірді, әлі де біріктіруде. Оның үлкен бақыты – осы.” Бексұлтан Нұржекеұлы І.Білу сатысы. Толықтыру тестісі. 1-топқа. Мұқағалидың шын аты -Мұхамедқали. 2. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. 3.Анасы - Нағима, әкесі - Сүлеймен . 4.Ақынның алғашқы өлеңдері аудандық «Советтік шекара» газетінде жарияланған. 5. Алғашқы жинағыАппосианат деп аталған. 2-топқа. 1. Ақын әжесі Тиынға арнап , «Ақ кимешек көріне» деген өлеңін шығарған. 2.Таңдамалы жинағы 1964 жылы шыққан. 3. 1949 жылы наурызда ақын жары Лашын Әзімжановамен бас қосқан. 4.Екеуінің тұңғыш қыздары Ләззат суық тиіп, ауырып, алты айлығында қайтыс болған. 5.Артында екі ұл - Жұлдыз. ,Айбар , екі қыз - Алмагул , Шолпан қалды. 3- топқа. 1.Ақын шет тілдер институтында оқыған. 2. Қазақ әдебиеті газетінде , Жұлдыз журналында қызмет істеген. 3. «Ильич» атты алғашқы поэмасы 1964 жылы жарыққа шықты. 4. Көптеген өлең, поэмаларымен бірге «Қош махаббат» атты пьесасы бар. 5.Талантты ақын 1976 жылы 27 наурызда ауруханада көз жұмды. ІІ. Түсіну сатысы. Өлеңді мәнерлеп оқып , түсіну. Әр топқа ақынның өлеңдері таратылып, студенттер өз беттерімен өлеңді оқып, өлеңнің құрылысымен таныстырады. ІІІ. Шеберлік сатысы. Сергіту сәті. Кімге арнаған өлеңі? Ол туралы не білесің? Әр топқа слайд презентация арқылы ақынның өлеңдерінен шумақтар беріледі және сол өлең шумақтары арқылы өлең жолдарының кімге арналғанын айта отырып, қазақ зиялыларымен таныстыру. І топ. «Күзгі таң» 1.Іздесең , қателік көп менде, Сен бірақ түңілме , жек көрме! Лайсаң , жауындар,дауылдар, Болмай ма күншуақ көктемде. (жары - Лашын Әзімжанова) 2.Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай – өлең шырылдап бара жатты, Аузында ажал дейтін сұрапылдың. (Төлеген Айбергенов) ІІ топ. «Жас жүрек» 3. Мен –дағы сол жақтанмын,ауылданмын, Ауылдың ауруымен ауырғанмын. Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса, Алматы мені солай қабылдады. (Орыс ақыны - Сергей Есенин) 4.Сәнімен емес,Әнімен оған қымбатты. Қырық мың ғалам , Қырық мың түрлі үн қатты. Көзімен көрмей әлемнің мына бояуын, Көңілімен ғана керемет сазын тыңдапты. (композитор Бетховен) ІІІ топ. «Жас қайың» 5. Қарлығаш көмей құрбым-ау, Бір бұрау емес , мың бұрау. Қай күні , қандай Анадан, Бағына елдің тудың – ау?! (Бибігүл Төлегенова) 6.Тұрғызбастай тұмшалап қаралықты, Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты. Кеше біздер жылатып тастап кеткен, Ойнатып жүр сәбилер балалықты. (Оспанхан Әубәкіров) V. Қолдану сатысы. Сәйкестендіру тестісі бойынша әр топқа ақынның өлең жолдары беріледі, сол өлең жолдарынан әдеби-теориялық ұғымдарды табады. І топ. «Күзгі таң» А. Кейіптеу. Ә.Анафора. Б. Теңеу. 1.Қызым болсаң,қырымда құралайсың, Ұлым болсаң,ұлы бір мұрадайсың. 2.Қос уыс бұрым арқада, Қос жылан болып жүреді. 3.Раушан гүліне сен серік едің, Раушан арасынан көріп едім. ІІ топ. «Жас жүрек» В. Эпитет. С. Метафора. Д. Ассонанс. 1.Ақынды ақын оятпаса болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол-қайғы. Ақынды ақын сүйемесе болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы. 2.Кереметі-ай , мына жарық сәуленің! Қайта маған оралар ма әл-демім? 3.Керімсал менің кең өлкем, Жетемін саған мен ертең. Аймалап мені қарсы алар, Желпуіш – самал, жел – еркем. Саялы салқын көлеңкем... ІІІ топ. «Жас қайың» Е.Аллитерация. Ж.Синекдоха. З. Эпитет 1.Әже,сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. ...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса,нені көрем? 2. Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйра құмдар – бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар , бусанып терлегенім. 3.Кім күтсін, кім жақтасын онда мені, Күтетін бір махаббат болған еді. Күте – күте күдерін үзген шығар, Күреңіткен мына күн сол ма тегі?! Жаңа сабақты бекіту (5 мин.). Ақынның өлеңдерінен атаулы сөздерге және өлең тақырыптарына сатылай кешенді талдау. VІ. Жаңа сабақты қорыту (5 мин.). VІІ. Бағалау (2 мин.). Үйге тапсырма (1 мин.). Ақынның бір өлеңін жатқа айту.