Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері және спорттың бірыңғай классификациясы

Қазіргі таңда жас ұрпақтардың денсаулының мықты болуының басты кепілі спортпен шұғылдану болып отыр. Сондықтан дене тәрбиесі сабағында спорттың бірыңғай классификациясын білудің маңыздылығы артуда.

Автор: Атығаев Бекасыл Бақытұлы

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Әлеуметтік-экономкалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланысты. қоғамдық қатынастардың көрінісінің бір саласы есебінде, ол солжүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсерімен дамып отырады. Дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігі осы байланыстардың нақты негізінің бірі болғандығынан. Слайда қоғамдық өндіріске ол қосымша Жолдак арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім жасауға араласпайды. Бірақ ол осы сфераға өндірістік қатынастардың субъектісі – адам арқылы аралық әсер етеді. Өзінің әртүрлі формалары арқылы дене тәрбиесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің баролық негізгі түрлеріне қатысты. Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік-жеке тұлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағчна отырып, табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Слайда қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігінің қажетті деңгейде ұстауға әлі жеткіліксіз. Өзінің ар найы функциясымен жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалысы белсенділігінің қажеттілігін қатамасыз етуге, сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтан жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті. Тәрбиелік-педагогикалыққызметін жүзеге асыра отырып, толықтай беріледі, дене тәрбиесі мақсаттарына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі де жоғары болмақ, денсаулық деңгейі және адамдардың жасауы да ұзақ болмақ. Жан-жақты жетілген адамджарды қалыптастырудағы денетәрбиесінің орасан зор маңызын ескере отырып үкімет тарапынан қоғамымыздың дамуының әртүрлі кезеңдерінде бұл мәселеге бірнеше рет Назар аударды (бұл орайда 1925, 1929, 1948, 1950, 1966, 1981 жылдарында қабылданған қаулыларды атап кеткеніміз жөн болады). Қаулылардың мазмұнына сол кезеңдегі саяси жағдайды бейнеден, орталықтан қатал асару мен бақылауға бастр Назар аударылды, сонымен бірге сол кездегі дене шынықтыру қозғалысының дамуына үнемі қолайлы ола бер меді. Дене тәрбиесі жүйесі экономикалық қатынастардың дамыған аумағына жатады. Өзінің ұйымдық құрылымы жөнінен күрделі болуына байланысты (мелекеттік және қоғамдық басқарудың қағидаларын байланыстыра жүргізу) қаржыландырудың материалдық-техникалық жағынан қамтылуында да әртүрлі финанытық көздерді өзіне жинақтады: мемлекеттік бюджет, қоғадық қорларды, кәсіпорындар, кәсіподақ, кооперативтьік қоғамдар экономикалық жағынан дене тәрбиесі жүйесі дамыған материалдық және материалдық емес өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі есебінде көрінеді. Материалдық өндірісінің сала қызметкерлерінің затай материалдан формағаие болады: спорт құрылыстары, құрал-жабдық, аяқ-киім, киімдер. Бірақ, бұл сфера адамдардың денесінің жетілдіруіне бағытталған өндірістік емес дене тәрбиесінің бастр сферасына қарағанда қызмет көрсету сипатына ғана ие. Құқықтық негіздер. Елімізді дене тәрбиесінің жүйесі, оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар). Оладың ішінде еліміздің жаңа 1995 жылғы 30 таызында қабылданған конституциясының алар орны ерекше (29 бап). Бұл бапқа Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқылы екендігі бекітілген. №1953 қаулысында спортты және дене тәрбиесін нақтылы жақсарту шаралары бекітілген. Бұлардан басқа да ұйымдар мен мекемелердің дене тәрбиесіменен қамтамасыз ететін, сонымен бірге қызмет көлемін анықтайтын нормативтік құжаттар да бар (олар бала-бақша, мектеп, гимназиялар, колледждер, орта және жоғары оқу орындары). Әдістемелік негіздер. Дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымшылықкөріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теорилық ережелер және он іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады. Бағдарламалық-нормалық негіздер. Тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім беретін мектептерді, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі міндеті көлемін анықтап белгілейді. Спорттың бірыңғай классификациясы. Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғарғы, қортынды сатыфсы болып табылған. Ол елдің барлық спорт ұйымидары үшін спорттың разрядтар мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын, сонымен қатар спорттың әр түрімен спортшының дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлеп талаптарды белгілеген. Спорттық клссификацияның негізгі мақсаты: спорт пен көпшілікті қамту, спортшыларды жан-жақты тәрбиелеу, олардың дайындық сапасын арттыру және осы негізде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету. Классификциядағы спорт түрлері ойнша мөлшерлік талап тар шамамен әрбір төрт жылда байта қаралып отырылады. Спорттық разрядтар мен атақтар арнаулы ережесі және календары бар спорт түрлері үшін ғана белгіленген. Оның құрамына сонымен бірге, әскери қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, біздің еліміздің ұлттық спорт түрлері енгізілген. Спорттың кейбір түрлері үшін разрядтың нормалары мен разрядтық талап тар бірдей енгізілген. Ұйымдастыру негіздері. Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлекеттік өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының бір тұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс дене трбиесі жүйесінің бірыңғай мақсаты. Дене тәрбиесі процесінде, қоғам талабынеа сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді, табиғи күштер мен гигиеналық факторларды, алдан-ала дайындалған жаттығуларының комплекстерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйесінің бар екендігін айқындауға болады. Әрине, бұл процесс жалпы тәрбиенің өзге жақтарынан ты. Балалардың дене тәрбиесі. Бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі деп. білеміз. Мектептегі дене тәрбиесі. Жоғарыда айтып өткендей жалпы педагогикалық жүйенің бастр бөліктерінің бірі. бұл жүйе тек мектеб қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетіндігі айқын, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, секциялық жұмыстарда. Оқушылар дене тәрбиесі мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарды қамту деп. білеміз. Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгіқағидалары “Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде” баяндалған. Көрнекілік принципі. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы емес, бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. әртүрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік принципін іске қосу мынадай жолдармен пайдаланылады. Үйрететін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытуды болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды. Әртүрлі көрнекті құралдарды көрсету арқылы (суреттер, схемалар, фотолар, кинограммалар, бейнемагнитафон жазбалары т. б.) оқытушының бейнелі сөзі (баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т. б.) қозғалыс тәсілінің қиын эементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей қайталау (ойша) кдемоторлық қайталау деп. аталады. Көрнекілік принципті қолданғанда әрбәр адамның жетекші анаоизаторы қайсы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру аналізаторы болуы мүмкін. Көрнекілік принципін қолдану сипати үйрену кезеңіне, жасына және жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип түрлерін кеі пайдалану сабаққа ынталықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді. Жүйелік принципі. Дене қуаты (дайындығы) қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі ақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығулардың жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан да жүйелік принципін қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жату керек. Қортындысынгда көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайныдық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпыне келу процесі жүреді. Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады: 1. Жұмыс кезеңі – бұл кезеңде белгілі-бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды. 2. Жоғары өтем кезеңі. Організм жұмысқа кеткен қуатты аротығымен қалпына келтіреді. 3. Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді. 4. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту кезеңі. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуге тиіс. Реттілік принципі. Қимыл -әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады. Жеңілден-қиынға, қарапайымнан-күрделіге, меңгерген қимыл әрекетке. Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жату қажет. Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет 2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж. 99-101 бет. 3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж. 4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.