Кәсіптік білім беру саласының негізгі бөлімі болып саналатын, өндірістік оқыту сабағында жаңа технологияны қолдану ерекшеліктері және оның білім сапасына әсері

Заман талабына сай оқытудың озық технологияларын меңгермейінше салауатты да жан-жақты маман болу мүмкін емес. Олүшін к кәсіптік шеберлігін көтеруде әрбір педагог өз пәнінің аясында қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуі және мұны

Автор: Андирханов Ерден Амангельдинович

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Заман талабына сай оқытудың озық технологияларын меңгермейінше салауатты да жан-жақты маман болу мүмкін емес. Олүшін к кәсіптік шеберлігін көтеруде әрбір педагог өз пәнінің аясында қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуі және мұны саналы түрде сезінуі тиіс. Практика жүзінде бірнеше оқыту технологиялары қолданылады. Осылардың ішінде менің өндірістік оқытуда қолданатыным-модульдік технология. Бұл технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өзбетімен жұмыс істеуіне, жүйелі білім алуына жол ашады. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырмны орындап, мәселені шешуіне, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Бұл технологияда оқушы жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Модульді оқытудың мақсаты-оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету. Модульдік оқыту технологиясында оқытудың әртүрлі белсенді формаларын-топтық және жеке топтық формаларын қолдануға мүмкіндіктер береді. Мен өндірістік оқыту сабағын оқу кестесі бойынша бір апта бойы топты екі шағын жеке топқа бөліп оқытамын. Өндірістік оқыту сабағын осылай жүргізу-алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастыруда жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуде және мамандықтың қыр-сырын меңгеруде тиімді нәтиже береді. Ақпараттық және жаңа оқыту технологиясының тиімділігі тек қана оқытушының кәсіби біліктілігіне, қабылданған формалар мен әдістерге ғана емес, сонымен бірге оқыту құралдарына да байланысты. Оқыту технологиясының ажырамас бөлігі-оқу үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін оқыту құралдары болып табылады. Осыған орай өз білімімді тереңдетіп, іскерлік шеберлігімді арттыру үшін, оқушыларға әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін, олармен шығармашылық жұмыс жүргізіп, пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын ояту үшін ақпараттық және жаңа оқыту технологиясының тиімді әдістерін күнделікті сабақтарымда пайдаланамын. Сабақтың сапалы берілуі үшін қазіргі талаптарға сай дидактикалық материалдар, оқыту құралдары болу керек. Әрбір тақырыптарға арналған көрнекті материалдар мен мамандықтар бойынша мағлұмат беретін толық нұсқаулар мен кәсіби сипаттама жазылған стендтер бар. Сонымен қатар еңбек әдістері көрсетілген нұсқаулық технологиялық карталар да бар. Бұл нұсқаулық-технологиялық карталар оқу үрдісінде оқушыларға өндірістік жұмыстың сапалы орындалуы мен тездігі үшін, оқу құжаттарының мәнін түсінуге, техникалық ойлау қабілетін дамытуға, кәсіби шеберлігін көтеруге көмектеседі. Оқушылар оқу үрдісінде осындай карталарды өздері құрастырады. Өндірістік оқуда техника және еңбек қауіпсіздігіне қатаң назар аударамын. Бұның барлығы оқушылардың өзіндік шығармашылық, танымдық әрекеттерін, белсенділігін, сабақтың сапасын арттыруға көмектеседі. Әрбір сабақтың басында кіріспе нұсқау беремін, онда орындалатын жұмыстың мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, жұмыстың орындалу реті және негізгі ережелермен таныстырамын. Нұсқау беру кезінде жұмыс орнында өзін қалай ұстау, жұмыс орнын ұйымдастыру, жабдықтау керектігі туралы айтып, оқушыларға құрал-жабдықтарды қалай қолдану туралы, қауіпсіздік техникасы және техника еңбек қауіпсіздігі ережелерімен нұсқау беремін. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде тақырыпты ашу үшін плакаттарды пайдаланып, өндірістік жұмыстың орындалу реті мен еңбек әдістерін көрсетемін және тақырыпты пысықтау кезінде карталық тапсырмалар, тест сұрақтарын қолданамын. Өндірістік оқытуды жоғары дәрежеде ұйымдастыру-оқушыларға мамандығы бойынша жақсы кәсіби дағдыны қалыптастыру мүмкіндігін береді. Өндіріс орындарына оқушылар өндірістік практикадан өту үшін жұмыс мөлшерін орындауды, шығармашылықпен ізденіп жұмыс істеуді, құрал-жабдықтарды қалай пайдалану және жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек екендігін, техника қауіпсіздік ережелерін және еңбек дағдылары мен әдістерін біліп барады. Оқушыларым практика кезінде ұйымшылдығы мен тәртібі, ұжымда жұмыс істей алу қабілетімен көрінеді Мұның барлығы оқушылардың кәсіби дайындығының сапасын көрсетеді. Менің өндірістік оқыту сабағында оқушылардың алдына қоятын басты мақсатым: -алғашқы еңбек дағдыларына икемделу, тәртіпті сақтау; -ұқыптылық, жинақтылық зейінінің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы; -ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез-келген жағдайды талдап, салыстыра білуі; -кәсіпке деген қызығушылығын арттырып, тынымсыз еңбек етуін үйрету. Өндірістік оқыту сабақтарын өткізу кезінде бірқатар пробемалар да туындап жатады, олар; -заман талабына сай құрал-жабдықтардың жетіспеуі; -дидактикалық материалдардың аздығы; -жаңа маркалы техникалардың жетіспеуі. т. б Жас маман ретінде колледждің материалдық-техникалық базасы мен оқу үрдісі заманға сай жалғасын табады деп сенемін.