Кескіндеме пәні бойынша шебер сыныптың маңыздылығы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі қалыптасуда. Білім берудің заманауи жүйесі, халықаралық білім беру стандарттарына сүйене отырып, алғашқы міндеттерінің бірі ретінде қызметтік сауаттылықтың қалыптасуын қарастырады

Автор: Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі қалыптасуда. Білім берудің заманауи жүйесі, халықаралық білім беру стандарттарына сүйене отырып, алғашқы міндеттерінің бірі ретінде қызметтік сауаттылықтың қалыптасуын қарастырады. Нормативтік құжаттарда қызметтік сауаттылықтың қалыптасуы шұғыл түрде дамитын, креативті, жауапкершілікті, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасу жағдайы ретінде қарастырады. Сауаттылықты дамыту аясында келесі біліктіліктерді қамтамасыз етуі тиіс: ұлттық өнер мен әлем халықтарының бейнелеу өнері, Қазақстан халқының көп ғасырлық мәдениеті, бейнелеу өнері және заманауи өнері, кескіндеме туындыларымен таныстыру, көркемдік-эстетикалық талғам мен өнер туындыларын қабылдау мәдениетіне, көркем туындыларды тұтас қабылдау дағдыларын, қоршаған әлемнің сұлулығын көре білу және көркемдік-шығармашылық процестердің жалпы заңдылықтарын анықтай білу біліктерін қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын алуан түрлі шараларды (семинарлар, конференциялар, шебер-сыныптар, конкурстар, көрмелер) өткізу керек. Балалар көркемөнер мектебі мен өнер мектептерінде кескіндемені оқыту, жалпы көркемдік өнер жүйесінің алғашқы сатысы. Онда оқушылардың шығармашылығын ашатын, шеберлік пен бейнелеу сауаттылығының академиялық негізі қамтылған. Сондықтан бейнелеу өнері саласында білікті маман дайындауда, балалар көркемөнер мектебі мен өнер мектептерінде сапалы білім берумен тікелей байланысты. Сондықтан білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқытудың шығармашылық бағыттылығын күшейту, болашақ мұғалімнің шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруға басшылық жасау педагогика ғылымның негізгі мәселелерінің бірі ретінде анықталып отыр. Өзінің шығармашылық ойын ізденіске және балалардың жеке басының қалыптасуының ең күшті жақтарына сүйенетін педагогикалық ықпал етудің тәсілдері мен әдістерін қолдануға бағыттау ұстаз алдындағы келелі міндет. Осы бағытта жылда есеп беру көрмесі мен жеке көрме ұйымдастыру басты міндеттердің бірі. Жақында өткен "Гүлдің нәрі" атты жеке көрмемді атап кетуге болады. Оқытушылардың сапалы білім беру критерияларына ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалары, семинарларға, секцияларға, дөңгелек үстел, шебер-сыныптарды жиі өткізу. Осының ішінде шебер-сынып ерекшелігіне тоқталсақ, оқытушының шеберлік деңгейін анық көрсететін іс-әрекеттің бірі. Педагогикалық тәжрибе барысында ресей халық суретшісі С. Н. Андриякидің шебер сыныптарын атап кетуге болады. Кескіндеме саласында, акварель техникасы бойынша алуан түрлі тақырыпта шебер сыныптарды өткізудің ең жарқын көрінісі. Осы ұстаздың тәжрибесін зерттеп, сабақта жиі қолданып, Қазақстанның болашақ жас суретшілерін таңғажайып бояулар әлемімен осы шебер сыныптар арқылы таныстырғым келеді. Менің де алға қойған мақсаттарымның бірі, өзімнің шәкірттеріммен бірге сурет салып, акварель техникасымен жазу технологияларын түсіндіре отырып, шебер сынып арқылы шеберлігімді жастарға жеткізу. Әдебиеттерде көптеген анықтамалар бар, соның бірінде "шебер-сынып" кәсіби шеберліктің жоғары дамуы мен жаңа технологияларды жылдам меңгерудің амалы деп көрсетілген. "Шебер-сыныптың" нұсқалары: факультатив, элективті курс бағдарламаларының іс-әрекетін көрсету; педагог өзінің іс-әрекетінде қолданылатын жеке жұмыс формаларын көрсету; жұмыстың жеке әдістерімен тәсілдерін көрсету; -іс-әрекеттің инновациялық сәттерін көрсету. "Шебер-сыныптар" шебердің жұмыс тәжірибесін презентациялайтын бір рет қана немесе "шебер-сынып сериялары" бірнеше курс бойынша өтуі мүмкін. "Шебер-сыныптарды" шығармашылық, тәжірибелік іс-әрекеттердің алуан түрін меңгеру көзқарасымен анықтайтын болсақ, сәндік өнер мен бейнелеу өнерінің түрлері бойынша жұмыс жасау қабілетін меңгерудің заманауи тәсілі дерміз. Бейнелеу өнері бойынша "шебер-сыныптар" келесі бағытта болуы мүмкін: сурет салудың дәстүрге жатпайтын техникасы; кескіндеме және графиканың алуан түрлі техникалары; қоршаған орта құбылыстары және заттар әлемі (натюрморт, портрет, табиғат, жануарлар және т. б.). Ал сәндік қолданбалы өнер бойынша бағытын атап кетсек: алуан түрлі материалдарды көркем өңдеу; халық өнері бойынша көркем шығармашылық мәтіні; алуан түрлі көркем материалдармен жұмыс жасау техникалары (гобелен, кілем тоқу, қыш, фарфор, керамика және т. б. техникалары). Шебер-сыныпты ұйымдастыру және өткізу жоспарын қарастырайық. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Дайындық кезеңі: 1. "шебер-сыныптың" тақырыбын, шығармашылық іс-әрекеттің түрін, оны орындайтын техниканы көрсететін бұйымды таңдау; 2. бағдарламаны құрастыру және "шебер-сынып" жоспарын дайындау; 3. теориялық, көрнекілік, әдеби және музыкалық қатарды іріктеп алу; 4. тәжірибелік жұмысқа қажетті материалдарды іріктеу (құралдар, материалдар, станоктар, жұмысқа арналған құрал-саймандар); 5. таңдап алған техника бойына орындалу кезеңдері мен жұмыс жасау тәсілдерін игеріп алдын ала дайындап алу; 6. "шебер-сыныпты" орындайтын автор жайында экспресс-презентацияны орындап, тапсырманы меңгеріп, кезеңдері бойынша және "шебер-сыныптың" тәжірибелік бөлімінің презентациясын орындау; 7. қатысушыларға арналған тарататын әдістемелік материалдарды дайындау: "шебер-сынып" бағдарламасы, аннотациялар, буклеттер, жұмыстың орындалу кезеңдерінің суреттері, видио материалдар. - Титул парағы (мекеме аты, "шебер-сынып" тақырыбы, іс-шараның атауы, автордың немесе шебердің аты, жөні, өткізілу мерзімі, уақыты, өтетін орны) -"Шебер-сынып" жайында жалпы мағлұмат: "шебер-сынып" тақырыбы, "шебер-сынып" мақсаты мен міндеттері; шебер сынып аудиториясы: қатысушылар (кімдер үшін өткізіледі, кімдер қатысады); шебер сыныпты ұйымдастыру мерзімі (ұсынылатын уақыт 1 сағат 40 минут); қатысушылар саны (8-ден 16-ға дейін); шебер сыныпты материалды жағынан қамтамасыздандыру және шеберхана талаптары (қай жерде өтеді, өтетін орынның безендірілуі- дәрісхана, шеберхана, студия, сахна және т. б.); қажетті құралдар- мультимедиа, компьютер және т. б., әдістемелік қатары: презентациялар, оқу құралы, үлестіретін материалдар, материалдар, құрал -саймандар (оқытушы мен оқушыларға арналған); тәжрибелік маңызы мен күтетін нәтижелер. - "Шебер-сыныптың" негізгі бөлімі теориялық және тәжрибелік тармақтардан тұрады. Теориялық бөлімге презентациямен бірге сөз сөйлеу, тәжірибелік бөлімде әр қадам бойынша суреттің немесе фото суреттің жұмыс кезеңдері көрсетіледі. Фото суреттер сапасы жағынан өте жоғары болуы қажет, 520х480 пикселден болуы мүмкін. Фото суреттер рет ретімен безендіріледі, алдымен орындауға арналған дайын жұмыс, екінші сурет жұмыс жасауға арналған құрал-саймандар (олардың нақты талдаулары), одан кейін шебер сыныптың басынан соңына дейінгі кезеңдері. Қазіргі таңда шебер сынып оқытудың және жаңа білім алудың қолайлы түрі болып келеді. Шебер сыныптың артықшылығы, бұл қысқаша теориялық бөліммен жеке жұмыстың үндестігі арқылы тәжірибелік білім мен дағдыға ие болып бекітуге бағытталады. Шебер сынып жоғары біліктілікті дамытудың шағын курсы секілді. Онда мамандар көріп, білгісі келген ақпаратқа ие болады. Шебер сынып - бұл жаңа технологиялармен, авторлық ұсыныстар мен жаңа әдістемелермен танысу мүмкіндігі болып табылады. Осы шебер сыныптың нәтижесін жылда Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің шабыт галереясында өтетін "Жас акварелистер" көрме-сайысын атап кетуге болады. Онда сынып оқушылары үлкен жетістіктерге жетіп көзге түсіп жатады. Ол көрмеде міндетті түрд, е өзім, жетекші және ұйымдастырушы ретінде, суретші- педагог ретінде оқушылармен бірге, көрмеге жұмыстарымды жылда қойып отырамын. Оқытушының педагогикалық іс-тәжрибесінде, баланың қызығушылығын танып білуден, түсінуден бастау алу керек деп ойлаймын. оқушының бойындағы шығармашылық белсенділік, жеке жұмыс жасай білуі мен үшін маңызды. Өнерге, өзі таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілігін, конкурстарға көбірек қатыстыру арқылы, талпыныстарын жәгерлендіріп, жеңімпаз атандырып, шебер сыныптар арқылы дамытамын. Оқу және тәрбие жұмысы, педагогикалық ғылымның жаңалықтарымен байланысты, педагогикалық іс-әрекеттегі жүйелі тоқтам. Білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы және жаңа деңгейге, жоғары жетістікке көтерілуі, жүйелі тоқтамға сүйенумен байланысты. Оқу үрдісінде, алдыңғы қатарлы оқу әдістемесін қолданып, педагогикалық үрдісті басқару, болжам жасау, білім алушының өзін өзі жетілдіруін ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін қолданамын. Білім берудегі жаңа технологиялар, білім алушының мәдени тұлға болып қалыптасуын, бойындағы қызығушылығын нығайта түседі. Ата-аналармен өзара қарым қатынас, білім беру ортасының даму жағдайында, оқушының жеке тұлға болып қалыптасу мақсатында, оқу-тәрбие жүйесін қалыптастырды. Шығармашылық бағытты, ғылыми әдістемелік жолмен ұштастыра білу керек. Сапалы білім беру мақсатында, 2008 жылы "Академиялық кескіндеме" оқулығын жаздым. Кескіндеме бойынша көп жылдық тәжрибенің қорытындысы ретінде ғылыми еңбек. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетніде дизайн мамандығын дайындауда - бір қатар ғылыми әдістемелік кешендер дайындадым. "Түстердің үйлесімділігін меңгеру, дизайнерлік білім беру жүйесіндегі көкейкесті мәселе", "Бейнелеу өнері және дизайн саласында білім беру жүйесіндегі дәстүрлі өнер мен ұлттық өнердің тарихи негіздері", "Кескіндеме пәніндегі қойылымдардың студенттерге сапалы білім берудегі мәні", "Кескіндемеде жалаңаш денені жазудың әдіс тәсілдері" атты ғылыми мақала шықты. 2014 ж. "Кескіндеме" пәні бойынша педагогтерге арналған әдістемелік құрал", Балалар көркемөнер мектептері және өнер мектептерінің білім алушыларына арналған "Композиция" пәні бойынша оқу құралы- жарыққа шықты. 1. Претте, М. К. Как понимать искусство: Живопись. Скульптура. Архитектура. История, эпохи и стили: Пер. с ит. / Претте, М. К., Джорджис, А. Де. - М.: Интербук -бизнес, 2002. - 432с. 2. Пучков А. С., Триселев А. В. Методика работы над натюрмортом: Учеб. пособие для студ. худож. -графич. фак. пед. ин-тов по спец. № 2109 «Черчение, рисование и труд». - М.: Просвещение, 1982. - 160 с., ил. 3. Русский натюрморт/Болотина И. С.. -М.:Искусство, 2000. -63с.:ил.