Оқыту үрдісінде таным ойындарын қолдану

Таным ойындар – оқытудың неғұрлым белсенді түрі. Таным ойында қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады, сөйлегенде іс-әрекет жасағанда өзін ұстай білуге тәрбиеленеді, балалардың жетістіктерге талпынысы өз-өздеріне сенімі, оқытып тәрбиелеудің неғұрлы

Авторы: Баязова Багдат Тусупхановна, Макулбекова Жанар Ержигитовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Таным ойындар – оқытудың неғұрлым белсенді түрі. Таным ойында қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады, сөйлегенде іс-әрекет жасағанда өзін ұстай білуге тәрбиеленеді, балалардың жетістіктерге талпынысы өз-өздеріне сенімі, оқытып тәрбиелеудің неғұрлым нәтижелі амалдарын іздестіріп педагогтың шеберлігін арттыруға деген ынтасы артады. Таным ойыны – үйретуші, шығармашылық ойыны: рөлін ойнау барысында ұйымдастыруға жаттығады, іс-әркетті талдайды, қорытынды жасайды шешім қабылдайды. 1. Оқыту міндеттерін шешуге барлық топ қатысады 2. Ойын барысында барлық балалардың белсенділігі мен қызығушылығы қамтамасыз етіледі 3. Ойын балалардан тақырып бойынша кең білім деңгейін талап етеді, бұрыңғы өтілген материалдарды қайталауға, пысықтауға, теңірек оқуға мүмкіндік туады әрі білім іскерлік дағдыны кешенді түрде қолдануды меңгереді. 4. Балалар ұжымымен жұмыс істеуді үйренеді. 5. Ойынның маңызды ерекшелігі оқытушының атқаратын қызметі. Ол ойынды жүргізушінің рөлін атқара отырып, өзі де ұжымдық қызметке өзін еркін ұстауға шығармашылыққа жетелейді. Таным ойынды жүргізуді жоспарлағанда мынадай элементтерін бөліп көрсетуге болады: – мақсат–міндет; – ұйымдастырылған жағдай; – рөльдерге бөлу; – ойынды өткізу кезеңдері; – ойынның ережесі Мақсат–міндет ойынға қатысушыны неге үйрету керектігін анықтайды, яғни бала не істеу керектігін біледі, ал ойында қалай істеу керектігін үйренеді. Сондықтан, мақсат–міндетті анықтауға баланың іс-әрекетінің бірізділігіне жүйелігіне көңіл аудару қажет, яғни ойын нәтижесінде оқыту қызметтің бір түрін меңгеріп шығуы керек. Ұйымдастырылған жағдайға қойылатын талап - оқытудағы мәселенің шын болуы қиындық деңгейі. Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болған дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды ойындағы рөльдер – педагогтің нұсқаулар. Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нұсқаулар қойылған мақсатты жүзеге асыратындай болуы керек. Нұсқау белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды көрсетеді. Ойын қатысушыларға қуаныш пен қанағаттану сезімін әкелуі керек. Ойынды өткізу кезеңдері: ойынды өткізу зор әдістемелік және ұйымдастырушылық дайындықты қажет етеді. Ойынды дайындау мен өткізудің мынадай кезеңдерін атап көрсетуге болады. 1) оқу материалының меңгерілу көлеміне қарай, бағдарламаның мақсатын міндеттерін нақтылау; 2) ойын мазмұны негізі болатын қызықты жағдайды таңдау, жоспарын құру; 3) ең жауапты кезең – ойын жағдайының жоспарын құру. Ойын жоспарында мына мәселелер көрсетіледі: - жағдайдың құндылығы; - оқып үйренбек пәннің тарауы; - ойынның тақырыбы; - ойынның мақсаты; - ойынға керекті материалдар; - пәнаралық байланыстар; - ойынның барысы; - қатысушылардың ойындағы рөлі; - жетекшінің міндеті мен қызметі, уақыты. Ойын жоспарында ойнаушыларға арналған ереже беріледі. Оқытушы балаларға алдын-ала ойынның мақсаты, мазмұны туралы түсінік береді. Педагог өзі ойынның ұзақтығын бақылау, қорытынды жасау, қатысушылардың іс-әрекетіне баға беру, жіберген қателер мен кемшіліктерді анықтау, дұрыс шешімге тоқтау туралы жақсылап ойланғаны жөн. Ойынға басшылық жасау оқытушыдан жоғары психологиялық-педагогикалық мәдениет пен шеберлікті талап етеді. Ойын барысында ауытқу болу мүмкіндіктен оқытушы кез-келген жерде тапқырлық көрсетуі қажет. Оқытушының сөйлеу мәдениеті өзін-өзі ұстауы сабырлығы, шыдамдылығы, тапқырлығы, өзгені тыңдай білуі – болашақ педагог үшін таптырмайтын өнеге.