Заңды білу - заман талабы

Этот материал могут использовать преподаватели в качестве шаблона для проведения уроков с использованием традиционных и не традиционных методов обучения, а также для практического использования знаний предмета студентами колледжа в обыденной жизни. Прив

Автор: Танирбергенова Гулайым Батырхановна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: – студенттерге құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру. 2) дамытушылық: – студенттердің бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналы, таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу. 3) тәрбиелілік: – адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру. Сайыс сабағы: Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сайыс сабақты жүргізуге қалыпты жағдай туғызу) Оқытушының кіріспе сөзі. Сәлеметсіздер ме, студенттер, құрметті қонақтар, шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар. Біз осы күнге дейін сіздермен «Құқық негізі» пәнін аяқтап, артта қалдырдық. Сол себептен сіздердің 1 жарты жылдықтағы білімдеріңізді бағалап, 3 топ арасында сайыс өткізбекпін. Бұл топтар Көкенов Дәурен Асылбекұлы мен менің сабақ берген топтарым. Бүгінгі менің сайыс сабағымның тақырыбы «Заңды білу — заман талабы» деп аталады. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы. Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар жас жеткіншектер. Бүгінгі іскерлік сайысымыздың мақсаты – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Іскерлік ойынымызға үш топ қатысады. Бүгінгі ойын сабағымыздың барысымен танысайық: 1 кезең. Таныстыру (10 ұпай) 2 кезең. Тарихымызды білейік. (20 ұпай) 3 кезең. Ғажайып тоғыздық (10,20,30 ұпайлар) 4 кезең. Ертегілер елінде (10 ұпай) 5 кезең. Сандар сөлейді. (10 ұпай) 6 кезең. Өнерімді бағала. (Әр тапқан жауапқа 5 ұпай 15 ұпай максимум) 7 кезең. Кім жылдам. Капитандар сайысы (1 сұрақ 1 ұпай, 10 сұрақ 10 ұпай) Адам құқықтары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Сол себепті мен сіздердің құқықтан алған білімдеріңізді сынамақпын. Студенттерді «Ақиқат», «Әділет» және «Заңгерлер» деген үш топқа бөлдік. Топтарымызды бағалайтын таразыға салушы әділ қазылар алқасы, Алматы темір жол көлік колледж оқытушылары: 1. __________________________________________ 2. __________________________________________ 3. __________________________________________І кезеңімізді бастаймыз. Сонымен 1 кезең «Таныстыру» деп аталады. Әр топ белсендісі ортаға шығып топ эмблемасы мен ұранын таныстырады. Жарайсыңдар! Онда ІІ кезеңімізге көшсек. 2 кезең «Тарихымызды білейік» деп аталады. Мен 3 топқа да жеке тапсырма берген болатынмын. Біз өз тарихымызды білуіміз міндетті, біздің бабаларымыздың көшпелі салт-дәстүрімен өмір сүргендіктен қазақ даласының, қазақ хандығының заңның тарихын, қайдан шыққанын біліп келулеріңізді айтқанмын. 1 «Заңгерлер» тобы Ата заңымыздың тарихын Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның Ескі жолы туралы мәлімет жинақтырып келулеріңізді айтқанмын. 2 «Әділет» тобы Тәуке ханның 7 жарғысын топтастырып келулеріңізді айтқанмын. 3 «Ақиқат» тобы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктерін саралап, түсініктеме беруге тапсырма берілген. Ал олай болса 1 топ бастасын. Келесі 2 топ, ал келесі 3 топ бастасын. Берілген тапсырмаларды жақсы орындап келгенсіндер. Жарайсыңдар! Сонымен, келесі ІІІ кезеңімізді бастайық. 3 кезең «Ғажайып тоғыздық» деп аталады. Бұл кезеңде 2 кезеңде аз ұпай жинаған топ ұяшықты ашады. 10 ұпай 1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы) 2. Конституцияның 9 бабында не делінген? – (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері ) 3. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп қай бапта айтылған? – (Конституцияның 1 бабында) 20 ұпай 1. Неше жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы президенттікке кандидат бола алады? (40 жаста) 2. Әкімшілік құқық дегеніміз не? – (Бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы) 3. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? (Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)) 30 ұпай 1. Деклорация деген не? (Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі) 2. Қылмыстық құқықтың принциптері? (Заңдылық, әділеттілік, жауаптылық, теңдік, гумманизм, демократизм, интернационализм) 3. ????????????????????????????????? ___________________ тобы белсене ат салысқандарыңыз үшін рахмет! Ал 4 кезеңіміз «Ертегілер елінде» – деп аталады. Бұл кезеңде студенттер халық ертегілеріндегі үзінділерді тыңдай отырып, қай жерде бала құқығы бұзылды немесе сақталды деген сұраққа жауап берулеріңіз керек. Жауабы дұрыс табылса 10 ұпаймен марапатталады. 1-ертегі. «Қырық өтірік» ертегісі. «Тазша бала» ертегісін барлығымызда білеміз. Хан жарлығы бойынша жетім өскен тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме», «өтірік өлең» құрастырып, халқын және ханды риза қылды. Бала құқығы бұзылды ма? Бұл жерде қандай құқық жөнінде айтылған? (Бала құқығы бұзылған жоқ, өйткені бала өз пікірін емін-еркін білдіруге құқығы бар) «ҚР Бала құқығы заңы», 11-бап, 1- тармақ) 2-ертегі. «Ұр, тоқпақ» ертегісі. «Ұр, тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс есегін» алып қалған балаларды «Ұр, тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық жөнінде айтуға болады? Құқық бұзылды ма? (Иә). (Егер бала тәртіп бұзса да, оларды қанау түрлеріне жол берілмейді). 3- ертегі. «Алтын сақа» ертегісі. Сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді. Оқушылар бұл туралы конвенцияда не айтылған? Бала құқығы бұзылды ма? (Иә, бұзылды. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс) «ҚР Бала құқығы заңы», 10 бап, 1-тармақ. 4-ертегі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырылып қалған баланың әкесі Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарды зынданнан шығарды. Бұл жерде ата-анасынан айырылып қалған бала құқығы бұзылды ма? (Иә, бұзылды. Баланы ата-анасынан күштеп айыруға болмайды). «ҚР Бала құқығы заңы», 25 бап, 2-тармақ) Жарайсыңдар! Барлықтарыңда тапсырма бойынша берілген заң тармақтарын жақсы меңгергендерің көрініп тұр. Ал олай болса V кезеңімізді бастайық. «Сандар сөйлейді» кезеңі. Студенттерге тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады. Әр санда жылдар берілген. Сол берілген жылдардың анықтамасын және мәліметін атауларыңыз керек. 1787 жыл - Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 1789 жылы 26 тамыз - Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 1948 жылы 10 желтоқсан - БҰҰ -да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 1959 жылы 20 қараша - БҰҰ -ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 1989 жыл - Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 1993 жылы 28 қаңтар - Егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 1995 жылы 30 тамыз - Референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 2002 жылы 8 тамыз - Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды. 2004 жылы 7 шілде - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. Рахмет, ендігі кезекте VІ кезең «Өнерімді бағала» деп аталады. Бұл кезеңде берілген сөздерді іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Әр сөзді табуға 1 минут уақыт беріледі. Өлім, Конституция, қылмыскер, сот, мүлік, неке, еңбек, нәресте, Гимн сөздері. VІІ кезең Кім жылдам? (капитандар жарысы) 1- топ «Заңгерлер» Сұрақтар: 1. Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993, 1995ж) 2. Қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсететін қылмыстық құқық нормасының элементінің бірі? (диспозиция) 3. ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы) 4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан) 5. ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік) 6. Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективтік жақ, субъективті, субъективті жағы) 7. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент) 8. ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж, 16 желтоқсан) 9. ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым) 10. Азамматрдың құқық құбілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап) Рахмет, сізге қойылған 10 сұрақтың ____ дұрыс жауап бердіңіз. Келесі 2-ші көшбасшымыз дайынсыз ба? Онда бастаймыз. 2- топ «Ақиқат» Сұрақтар: 1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. «constitutio»- құрылғы, өкім) 2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 3. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? (Премьер – Министр (67 бап)) 4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері ұанша? (мың қой) 5. ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық) 6. Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан) 7. Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993 ж, 28 қаңтар) 8. ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ) 9. Мемлекеттің биліктің жүйесі? (Президент, Парламент, үкімет, Сот және БАҚ) 10. Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап) Рахмет, сізге қойылған 10 сұрақтың ____ дұрыс жауап бердіңіз. Келесі 3-ші көшбасшымыз дайынсыз ба? Онда бастаймыз. 3 - топ «Әділет» Сұрақтар: 1. «Құқық» дегеніміз не? (жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) 2. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы) 3. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның) 4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі) 5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз) 6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша) 7. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес) 8. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 9. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж) 10. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап) Рахмет, сізге қойылған 10 сұрақтың ____ дұрыс жауап бердіңіз. Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ-қазылар алқасына уақыт береміз. Ал бос уақытты құр жібермеу үшін Алматы темір жол көлігінің А-2 тобының түлегі Әуелбаев Ермұханның орындауында _________________________ әнін қабыл алыңыздар. Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Сонымен, сайысымыздың нәтижесі белгілі болды. «Заңды білу — заман талабы» атты сайыс сабағымыздың жеңімпазы _____________________, тобы болып анықталды. Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде мен сіздердің өткен тақырыптарды жақсы меңгергендеріңізді байқадым, сол себепті бүгін сіздердің сабаққа белсенді қаттысып отырғандарыңызға алғыс айтамын. Осы қалыптарыңыздан қайтпай еліміздің беделді азаматтары болыңыздар, колледжіміздің мақтаныштары болыңыздар. Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі «Заңды білу — заман талабы» атты сайыс сабағымыз тәмамданды. Білімгерлер бәсекесі – ХХІ ғасырда өз үлестеріңді табуларыңды тілейміз!