Мектепке дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу қажет пе?

Родительское собрания на патриотическую тему

Автор: Джалдыгулова Бакыт Аккожановна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: ата-аналардын отбасында балаларын патриотизмге тәрбиелеудегі жалпы түсініктерін қалыптастыру және өздерін толғандыратын ойларымен бөлісу. ҚР Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқын арналған жолдауында: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» Мотивация: Шақыру- Хабарландыру Құрметті ата-аналар! Сіздің балаларыңыздың шағын орталықта өткізген күндері қызықты да, бақытты болуын қалаймыз. Сонымен қатар балаларымыздың болашақта заман талабына сай білімді, тәрбиелі, өз елінің патриоты болып өсуіне тәрбие беру туралы пікір алмасуға шақырамыз. Бағдарламада: 1.Сөз сөйлеу 2. Сауалнама нәтижесін тамашалау (ата-аналардың жауаптары алдын ала жазып алынған) 3. Музыкалық шашу (балалардың қатысуымен тақырыпқа байланысты тақпақтар мен өлеңдер) 4.Ой бөлісу: «Патриот деп қандай адамды айтамыз?» (ата-аналардың жауабы,слайд арқылы әртүрлі деректерде берілген «патриот» деген сөздің мағынасымен салыстыру) 5. «Қане, ән шырқайық!» ата-аналардын әндерін тамашалау (үй тапсырмасы) 6. «Білгенге маржан» айдары (слайд арқылы құрастырылған суреттерден мақал-мәтелдерді тауып, айту) 7. Рефлексия Алдынала дайындық: -ата-аналардың патриоттыққа тәрбиелеудегі білімдерінің деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді Ата-аналарға арналған сауалнама: - «мектепке дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу қажет пе, сіз қалай ойлайсыз?» - бала алғашқы білімнің уызын ана тілінде алғаны дұрыс па? - өзге халықтын тәрбиесін алған бала өз ұлтының, өз Отанынын жанашыры бола ала ма? - мемлекттік тіл-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі деген ұғыммен келісесіз бе? - музыкалық нөмірлерді дайындау (микрофон, магнитофон...) - мақал-мәтелдердін суреттерін құрастыру - ата-аналарға үй тапсырмасы ( патриоттық тақырыпқа ән жаттау) Жиналыстың жүргізілу барысы: 1.Сөз сөйлеу. - Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгінгі өте маңызды тақырыпта өтетін ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Бала тәрбиесі қашанда өзекті мәселе. Бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат.Ешкім өз бағында қисайған, көріксіз ағаш өскенін қаламайтын сияқты, баласының да қоғамда сүйкімсіз, қисық ағаштай қыңыр болғанын қаламайтыны белгілі.Сондықтан тәрбиенің басы- отбасынан және балабақшадан басталатын болғандықтан, бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жайлы пікір алмасамыз. Жиналысымызды бастамас бұрын, балаларымыздың ән-шашуын қабыл алыңыздар! Ән- шашу (балалардың қатысуымен, Отан, ана тілі, елі, жері... туралы тақпақтар мен өлеңдер) 2. Енді бәріміз экранға көңіл аударайық, сауалнаманы тамашалайық, нәтижесін көрейік (алдынала ата-аналардың сауалнамаға жауаптары жазып алынған, соны экран арқылы тамашалау) Жүргізуші: Әр отбасы баласының тәрбиесіне бей-жәй қарамайтындығы қуантады.Сіздер балаларыңыз нағыз өз елінің патриоты болып өсуін қалайтындарыңыз байқалды. Сауалнамаға шын ниеттеріңізбен жауап бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз. 3. «Патриот деп қандай адамды айтамыз?» - ой бөлісу. - Сұрақ: Патриот деп қандай адамды айтуға болады? (ата-аналардың жауабы) -Рахмет. Енді сіздердің жауаптарыңызды, әртүрлі деректерде берілген осы сөздің мағынасымен салыстырайық (слайд ) Патриоттық құндылық дегеніміздің өзі - елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу,өзінің ана тілін,ділін,салт-дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру,қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты , табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті,ұлтаралық мәдениетті дамыту. Қазақстандық патриотизм дегеніміздін өзі- Мәңгілік Ел! Ол- барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю, бабалардан қалған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және келешек ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз. Ал ұлттық парыз - Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау. «Парыз-ақыл ой ,сезім, ерік-жігер, ар-ождан,абырой,әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтиды ... және де Парыздан артық күш жоқ Парыздан берік сауыт жоқ Парыздан нәзік сезім жоқ, Парыздан қатал қазы жоқ» дейді халық батыры Бауыржан Момышұлы. Ендеше біздің парызымыз – алдымызға келген бүлдіршіндерден әлемдік деңгейде ойлана алатын азаматтар қалыптастырып, елдің намысын басқа халықтардың алдында биікке көтере алатын шәкірттер тәрбиелеу. 5.«Қане, ән шырқайық!» Сіздердің балаларыңыз тамаша әндерін шырқады, енді сіздердің өнерлеріңізді тамашалайық (ата-аналар кезекпен Отан, ана, елім, жерім, қазағым, Қазақстаным,ана тілім, Астана деген сөздер кездесетін әндердін бір,екі шумағын айтады, музыка жетекшісі сүйемелдейді) 6. «Білгенге маржан» - айдары (тақырыпқа байланысты слайд арқылы көрсеткен суреттерден мақал-мәтелдер құрау) «Туған жердің күніде ыстық, түні де ыстық» т.б 7. Рефлексия «Сиқырлы шаңырақ» - ойыны Құрметті ата-аналар мен сіздерге «Сиқырлы шаңырақ» ойынын ұсынамын. Әрқайсыңыз мына шаңырақтын лента түрінде жасалған бір-бір уығын ұстап, бүгін сіздер қандай қажетті ақпарат алдыңыздар, не ұнады, өз пікіріңізді, ұсыныстарыңызды айтасыз. (әр ата-ана шығып бір лентадан ұстайды, өз пікірлерімен, алған әсерлерімен бөліседі, аяғында үлкен шаңырақ болады) Міне , бәріміз Қазақстан деген киелі шаңырақта тату-тәтті бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бақыт не деп сұрасаңыз атадан, Бақыт не деп сұрасаңыз анадан. Бақыт деген сол дер еді ойланбай, Еш жамандық көрмеу туған баладан -деп ақын Қымбат Абильдина жырлағандай, тек балаларыңыздын жақсылығы мен жетістігін ғана көріңіздер. Біз бен Сіз балаларымызды бақытты етуге жалықпайық. Бәріңізге келіп ой бөліскендеріңізге рахмет, алғыс айтамыз!