Электрондық кестені есептеулерге қолдану

а)білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен компьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу. ә)дамытушылық - бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерл

Автор: Акмурзина Ляззат Досатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: а)білімділік - сандық ақпаратты электрондық кесте көмегімен компьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу. ә)дамытушылық - бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту. Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру. б)тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, слайд, оқулықтар, фишкалар. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен амандасып, түгендеу, сынып тазалығын тексеру) - Топты қораптан доллар мен теңге таңдау арқылы топшаларға бөліп, топқа ат беру. Топ мүшелеріне әрбір жауап, жұлдызша-«5», төртбұрыш-«4», үшбұрыш-«3» деп бағаланатынын ескертіп өту. II. Үй тапсырмасын тексеру «Құпия сөздің сырын ашайық» III. Жаңа тақырып. Электрондық кестеде есептеп көрсету ІV. Практикалық есептер шығару. V. «Санаға сапар» ой түйіндеу VІ. Үйге тапсырма. Бағалау. II. Үй тапсырмасын тексеру «Құпия сөздің сырын ашайық» Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару және мағынасын айту керек. (Әрбір жауап берген студентке фишка беріліп отырады) К Ұ Я Ш Д И І Т А Ы Қ А Ө Р П Г М Т Б Р Е К А Н Е Т Т Е М А К Е С А Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген. Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады Ұяшық- ячейка- cell; Excel бағдарламасында бағандар мен қатарлардың қиылысын ұяшық деп атайды. Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады; Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады; III. Жаңа тақырып. Электрондық кестеде есептеп көрсету ІV. Практикалық есептер шығару. Студенттерге жаңа материалды түсінгендігін тексеру үшін тапсырма беріледі. (Барлық топ мүшелері жеке-жеке компьютерде тапсырмалар орындайды, бірінші орындаған екі топ студенттері ішінен бір-бір студент шығып интерактивті тақтада орындап көрсетеді). Тапсырма Мақсаты: Microsoft Excel бағдарламасы көмегімен Аудан бойынша салықтардың 6 айлық түсімін есептеу 1. Microsoft Excel бағдарламасын ашыңыз 2. Ашылған терезеге келесі мәліметтерді енгізіңіз 3. Барлығы деген жерге әр айды бөлек бөлек Автосумма көмегімен есептеңез 4. Түскен соманы есептеу үшін аудандарды бөлек-бөлек қосып шығыңыз 5. Орташа түсім, түскен соманы ай санына бөліңіз Аудандар бойынша салықтардың түсуі Аудан Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым 1 258 458 587 256 587 587 2 214 658 2145 1258 654 564 3 584 569 654 256 458 954 4 325 1456 458 1456 658 728 5 569 585 658 585 360 624 6 256 478 874 548 577 559 Барлығы Тапсырма №2. Төменде көрсетілген кестені енгізіп, тоқсан бойынша үлгерім ведомостісінің жылдық қорытындысын есептеу 2015/2016 оқу жылы "5" "4" "3" "2" I тоқсан 96 220 316 50 II тоқсан 52 160 465 17 III тоқсан 34 316 311 15 IV тоқсан 80 313 187 40 Жылдық қорытынды: V. «Санаға сапар» ой түйіндеу Екі топқа жеке тапсырма беріледі. Берілген мәтінде көпнүктенің орнына сөз тауып қою. 1-ші топ 1) Excel бағдарламасы ... үшін пайдаланылады (электрондық кестелерді әзірлеу) 2) Баған мен жолдың қиылысқан жерін ... деп атаймыз (ұяшық) 3) Жұмыс кітабы на формуланы ... белгісі арқылы енгіземіз. (=) 4) Жұмыс кітабы ... бағаннан тұрады 256) 5) Excel бағдарламасында формуладағы ұяшықтардың адресін ... көрсетеді. (ұяшықтың атауы) 2-ші топ 1) Жұмыс кітабы ... жолдан тұрады. (65536) 2) Негізгі үш батырма ... жолына орналасқан (тақырып жолы) 3) Тігінен орналасқан жолақты ... деп атаймыз (баған) 4) Көлденең орналасқан жолақты .. деп атаймыз (қатар) 5) Бағандар ... бас әріптерімен белгіленеді. (латынның ) VІ. Бекіту. Асдасқан сөздер. Екі топқа екі түрлі сөздер таратылады. Сол сөздерден сөйлем құрастыру. Үйге тапсырма. Бағалау. - Әр студенттің жинаған фишкасы бойынша бағалау және топтың жинаған фишкасын санап, жеңімпаз топты анықтап, мадақтау