Топтық жұмыстың тиімділігі

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Автор: Мезибаева Айнур Асылгазыевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Жалпы мақсат: Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Шағын топтағы жұмыс моделін құру. Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 83-85 Оқу нәтижесі Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі. Тиімді топтық қарым-қатынасқа түсуі. Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтақолданылатынматериалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар,ғаламтор Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Мұғалімге арналған нұсқаулық. Сабақ бойынша мұғалімдердің іс-әрекеті: І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (5 мин) • «Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру. 1. Шеңбер жасату, амандасу. 2. Әр түрлі суреттерді ұсыну. 3. Суретпен байланысты айтқан тілектерін тыңдау. Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады да бір-бірімен қол алысып амандасады. Үстел үстіндегі стикерлерге салынған әр түрлі суретті таңдайды, ол суретті не үшін таңдағанын айтып береді. Сол суреттерге байланысты бір-біріне тілек айтады. ІІ. Топқа бөлу (2 мин) Шағын топқа бөлу. Балалар журналының мұқабасын құрастыру арқылы топқа бөлу. ІІІ. Топ ережесі 3 мин Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істе. Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады. Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру. Қорытындысында өзім 5 Т ережесімен таныстырамын: IV.Тапсырма: Қазақстанда шығарылатын журнал , газеттерді жаздыру Мұғалімдерге флипчарт қағаздары таратылады. Қазақстаннан шығатын газет-журнал атын әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта талқылап, бірлесе жазып шығады. Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады. Бір топ айтқанды келесі топ айтпауы тиіс. V.Тапсырма: Газет шығару • Егер колледжден газет шығатын болса, ол қандай болуы керек? Газет атын қалай қояр едіңіздер? Әр топқа өз ойын флипчартқа жазу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады. • Жұмыстарын өзара бағалау. Әр топ «Мектеп газеті» туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды. Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды. • Жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалайды, яғни стикерлер таратылып ұнаған газетіне дауыс береді. Жеңімпаз топты бағалап шапалақтайды.. VI.Сергіту сәтін өткізу. « » Қорытындылау 1 Баяндама: «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар: 1. Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады; 2. Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады; 3. Өз мүмкіндігін біледі; 4. Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады; 5. Назарын бақылай алады және алаңдамайды; 6. Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады; 7. Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады; 8. Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады; 9. Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады; 10. Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді; Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері: 1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың. 4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді. 6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. 7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады. 2. «Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі неде?» Топ мүшелері 5 саусақ үлгісіндегі қиындыға пікірлерін жазады. Берілген тақырып бойынша флипчартқа жазып, идеяларын қорғайды. VІ. Ақпарат. Видеоролик «Қаздар сабағы». Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады. VІІ. Рефлексия «Тазалық» ойыны түрінде алу. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: Чемодан(суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті) - Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көру VIII.Қорытынды Сөзімнің соңын мынандай бір әнгімемен аяқтағым келіп тұр. «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.