Жыл құстары

Сабақтың мақсаты: Көктем туралы білімдерін кеңейту. Көктемгі құстар туралы түсініктерін шындай түсу. Көктемгі құстардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру. Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағдысын жетілдіріп

Автор: Адилбаева Айгуль Сериковна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: Көктем туралы білімдерін кеңейту. Көктемгі құстар туралы түсініктерін шындай түсу. Көктемгі құстардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру. Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағдысын жетілдіріп, тілін дамыту. Құстарды аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсетіп түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері (қарға,қарлығаш,қараторғай. сауысқан) Сабақтың барысы: - Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайықшы.Сә-ле-мет-сіз-дер-ме! Ал енді балалар қолымызды ұстап «Қуаныш шеңбер» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік. Құстарға біз барамыз, Бірге ән де саламыз, Қуанамыз, күлеміз Асыр салып ойнаймыз. • Балалар, жылдың қай мезгілі? • Көктем мезгілі • Дұрыс айтасыңдар, балалар. • Көктемнің келгенің қалай білдіңдер? • Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады,қар ериді,жер көгереді. • Иә,дұрыс айтасындар. • Балалар көктемнің тағы бір ерекшелігі күн жылына бастағанда жылы жақтан құстар ұшып келеді. • Балалар қалай ойлайсындар, көктемгі құстар қайда өмір сүреді? • Орманда, далада, тауда • Дұрыс айтасыңдар. • Балалар көзімізді жұмайық, бір сәт армандап, ойланайық. • 1,2,3- көзімізді ашамыз • Демалып, тыныстаймыз • Тақтада ілулі тұрған құстардың суреттеріне назар аударыңдар. • Мынау қандай құс? • Бұл қарға • Оның түсі қандай, көлемі қандай? • Қара, үлкен • Ал мынау қандай құс? • Бұл қарлығаш • Қарлығаш қандай құс? • Әдемі, адамға дос, түсі қара-ала • Ал мынау ше? • Бұл қараторғай • Қараторғай қандай құс? • Кішкентай құс,түсі қара • Ал мынау ше? • Бұл сауысқан • Жарайсыңдар балалар. • Ал енді осы құстар туралы қандай тақпақ, жаңылтпаш білесіңдер? • Қане, Әмірхан сен қандай құсты білесің? • Мен қарға туралы тақпақ білемін Әмірхан: Қарға,қарға,қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға қонар қарғалар. • Ал Санжар сен қандай құс туралы тақпақ білесің • Мен қарлығаш туралы айтып беремін Санжар: Адамның досы қарлығаш, Қарның ашты білемін. Тамағыңды берейін, Ұяңа әкеп себейін. • Жарайсың Санжар! тақпағын қандай тамаша. Бағым: Алақай-ау, балақай Қандай жақсы көктемгі ай Гүлге оранды далалар, Келді ауылға көп торғай Ал енді кезекті жаңылтпашқа берейік Жәнібек: Аппақ қарға Қара қарға Ала қарға Қонып отыр. • Жарайсың Айдана! Бекасыл: Қара қарға Ала қарға Аппақ қарға Тоңып отыр - Өте жақсы. Енді көктем туралы біздің балаларымыз тақпақ айтып береді. Мариям: Көктем келді бүгін Күн де төкті нұрын Сайрап барлық құстар Ән салуға құштар. Айым: Көктемде , көктемде Күн нұрын төккенде Көк шыбық былтырғы Көгерді , құлпырды Айсана: Көктем күні шуақты Көктем күні қуатты Мал жағалап суатты Сай- саламен су ақты Айдын: Көктем күні дүркіреп, Жаңбыр жауды күркіреп. Бәйшешектер жайқалып Шыға келді қыр түлеп. • Жарайсыңдар балалар! Балалар біз шаршадық, бәріміз бірге біраз сергіп алайық. Сергіту сәті: Бір, екі, үш, Қанат қағып ұш, Болады сонда сенде күш! - Балалар жарайсыңдар, біздің қонақтарымыз сендерге қуанып, рахметтерін айтып жатыр. Дидактикалық ойын: «Құстарды орналастыру» - Балалар, мына құстарды біз теректің басына орналастыруымыз керек. Балалар құстарды теректің басына орналастырады. Келесі құстардың ұясын құрастыру (тақтамен жұмыс) Өзіндік жұмыс. Жұмыртқаның қабығынан ермексазбен балапанның мүсінін жасау. Қорытынды бөлім: –Балалар, біз сендермен қандай құстармен таныстық? • Қарлығашпен, қараторғай, қарға, сауысқанмен таныстық. • Біз жұмыртқадан қандай мүсін жасадық? • Балапан жасадық • Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? • Иә, ұнады. Рахмет сендерге, сау болыңыздар!