Саңырауқұлақтар

Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға дағдыландыру. Эстетикалық талғамын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Автор: Оразбаева Бакытгуль Кумаровна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға дағдыландыру. Эстетикалық талғамын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды қаламыз Құлпырайды даламыз Балалар біз бүгін саңырауқұлақтармен танысамыз. Саңырауқұлақтар 2 түрге бөлінеді. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамдылар жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Оны өсімдік еті деп атап бағалы тағамдар қатарына қосады. Жеуге жарамды саңырауқұлақты улы саңырауқұлақтан ажырата білу керек. Саңырауқұлақтар жауыннан кейін қаптап кетеді. Олар қайың, емен, шыршаның түбінде өседі. Олардың түрлері: ақ саңырауқұлақ, қозықұйрық, көңқұлақ. Саңырауқұлақ 2 бөліктен тұрады: қалпағы, аяғы. Енді балалар В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін айтып берейін. Бір күні құмырсқа жаңбыр астында қалады. Қайда тынығуға болады? Қараса, алаңқайда кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Ол жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылады. Жауын сіркіреп тұр. Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып көбелек келеді: -Құмырсқа, құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы! Құмырсқа: - Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сыйып тұрмын, - дейді ол. Түк етпейді, көңіл сыйса жер тарлығы оқа емес! Құмырсқа көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізеді. Жаңбыр тіпті қатты жауа бастайды. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп тышқан келеді: - Кіргізіңдерші мені, үстімнен су сорғалап тұр, -дейді тышқан жалынып. – Сені қайда кіргіземіз? Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр? Тышқан: - Сығылысып көрейікші?! Үшеуі сығылысып саңырауқұлақтың астына паналайды. Ал жаңбыр болса тоқтар емес. Саңырауқұлақтың қасына секіріп торғай келеді: - Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады. Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? - Орын жоқ, сені қайда кіргіземіз? Торғай: -Өтінемін жылжып көріңдерші?! - Жарайды, кіре ғой. Құмырсқа, көбелек, тышқан жылжып саңырауқұлақ астына торғайды кіргізіп алады. Жаңбыр тоқтап, күннің жарқыраған көзі ашылады. Саңырауқұлақтың астындағылар бәрі қуанып, жүгіре алаңқайға шығады. Құмырсқа ойланып қалады. Басында біреуінің өзі әрең сыйып, келе-келе бәріне пана болған саңырауқұлақтың сырын ұға алмай дал болды. – Сендер қалай ойлайсыңдар? Енді сұрақ қоямын: Орманда кенеттен не басталды? Саңырауқұлақтың астына нелер жиналды? Жаңбырдан кейін не болды? Ендеше біз сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті Биік болып өсеміз Жапырақтай жайқалып Табиғатты сүйеміз Денемізді тік ұстап Билеп-билеп аламыз Ендеше жұмысымызға кірісейік. Педагог саңырауқұлақтың суретін қалай салу керектігін көрсетеді. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Тіреумен тіреп ақырын, Көтеріп тұр шатырын Ол не? (саңырауқұлақ) Орманнан алып келген қазанбасты, «Жейміз» - деп анам күліп, қазанға асты (саңырауқұлақ) Балалардың жұмыстарын талдау және жақсы жасағандарын мадақтау. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.