Жолың болсын, жас түлек!

Мақсаты: Оқу-тәрбие жайлы нақыл сөздер, балаларды ұстазға деген құрмет сыйын арттыру. Ұстаз еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Автор: Кажыгалиева Эльвира Кажыгалиевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Оқу-тәрбие жайлы нақыл сөздер, балаларды ұстазға деген құрмет сыйын арттыру. Ұстаз еңбегін қадірлей білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, ертеңгілік тақырыбы, шарлар, гүлдер, ленталар Тәрбиеші Айжан: Құрметті ата-аналар, қадірлі балғын түлектер! Бүгін қызығы мол тәрбие мен білім ордасы, ұлықтың мекені «Жолың болсын, жас түлек!» атты балабақшамен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер! Алтын ұя балабақша табалдырығынан ұшқалы тұрған «Қызғалдақ» тобының түлектерін құрметтеп ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар! Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді. Музыка әуені ойнап тұрады. Балалар қатармен билеп сахнаға шығады. Қыздар «Көбелек» биін билейді. Шаттық шеңбері Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам боп шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс! (шарларын ұшырады) Аруна: Құрметті қонақтар, армысыздар Бәріңізде есен-аман, бармысыздар Таусылмайтын ағытып ой арманын Ал достарым ақ жол тілеп сөз бастаған Қайсар: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді біз бастайық Жүздерінен көркем шаттық арайлы Болсын солай әр күнің, әр айың Айерке О: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз (ортаға екі тәрбиеші шығады) Тәрбиеші: Түлектерге үлкен ақ жол тілейміз! Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық Жүздеріңде көркем шаттық арайы Өтсін солай әрбір күнің, әр айың,- дей отырып келесі сөз кезегін балабақшамен қоштасып жатқан достарына арналған тақпақтарын айтып берсін. Адина Жақсы оқып мектепте Тәртіпті боп жүріңдер Жаман қылық көрсетпей Ден қойыңдар білімге Айзере Е Біз ғой әлі бүлдіршін Мектепке әлі барамыз Ақ жол тілеп сендерге Ақ тілекті арнаймыз Аруна: Алдымдағы балалар Мектепке кетіп барады Тақпақ айтып бір-бірден Қимай кетіп барады Бағым Оқисың, білім аласың Болашақ жолын ашасың Балабақшамен қоштасып Сен мектепке барасың Аружан Балабақша есігін Сәби болып аштыңдар Балапандай мәпелдеп Өсірді бізді бақшамыз Қарақат: Қолыма гүл аламын Дайын дәптер, қаламым Таң қалдырып достарымды Мен мектепке барамын Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады Ән айтып, биде билеп жан салады Бұл ұлы мерекеде ән салғанда Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады Ән «Отан ана» Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар Мектепке кетіп барады Тақпақ айтып бір-бірден Қимай кетіп барады, - дей отырып, ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамыз. Інжу Үлкендердей тап-таза Бормен жазып тақтаға Үлгілі бала боламын Жүретіндей мақтана Бекарыс: Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін Айару Қ Балабақшам бесігім Тағы бір той жасайық Ашты мектеп есігін Өзіңменен қоштасып Аңсар: Оқимыз, білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшамызбен қоштасып Біз мектепке барамыз Вальс Білгішбек (Меруерт): Балалар мен сендерге ақ жол тілеп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендер барлықтарың ақылды, саналы білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар. Бізді алда көп білім асулары күтіп тұр. Келісесіңдер ме? Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді Жалқаубек (Балқия): Ой мында не болып жатыр? Кеттік балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар? Далада қызық болып жатыр, кеттік. Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе? Сенде биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе? Жалқаубек (Балқия): Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр. Бар өзіңнің мектебіңе. Балалар менің досым болады. Біз мектепке бармаймыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз. Тәрбиеші: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір. Бүгін балабақшамен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Қане отырып көресің. Білгішбек (Меруерт): Апаймен балалармен ойын ойнап көрейікші. Балалар дайын ба? Ойын «Оқу құралдарын ажыратып салу» Шарты: ортаға екі бала шығып сөмкеге ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын ажыратып салу. Тәрбиеші: Балабақша қызметкерлеріне арналған балалар тақпақтарын тыңдайық. Диас: Гүлдендірген бақшаны Меңгеруші апай жақсы адам Сондықтан да біз үшін Артықсыз сіз басқадан Жайдары жүз, айқабақ Жүреді бізді аймалап Тобымызға жиі кеп, Білгеніңді сұрайтын Р.Айым: Баулап, баптап өсірдіңіз Бұзықтық етсем кешірдіңіз Ұмытпаймыз өзіңізді Психолог апайымызды Ерсұлтан: Әрқашан бізге жалықпай Орыс тілін үйреткен Айтам алғыс тілекті Дамира апай өзіңе Айзере Р: Әлпештеп бізді баптаған Ардақтап бізді мақтаған Естен кетпес күніміз Бізбен өтті әр күніміз Бізге үміт артасыз Шығады әнші, биші деп Алғысымды айтамын Біздің Айжан апайға Алтынай Тәрбиеші мен күтуші Анамыздай біздерге Тек жақсылық тілейміз Рахмет айтып сіздерге Алинур М: Тәтті тағам пісірген Айран, сүтін ішкізген Аспазшы апайлар Сіздерге де мың алғыс Алижан: Күлімдеген жақсы адам Ақ төсекке жатқызған Басымыздан сипаған Балжан апайға көп рахмет Тәрбиеші: Ал Жалқаубек, қалай екен біздің балалар? Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия, жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. 1.Мектепке біз барамыз ба? 2.Кілең бестік аламыз ба? 3.Айтқан тілді аламыз ба? 4.Ақылды бала боламыз ба? 5.Нан жеймін деп жылаймыз ба? 6.Ертеңгісін тұрамыз ба? 7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? 8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 9.Екі алғанда жылаймыз ба? 10.Оқушы біз боламыз ба? Тәрбиеші: Рахмет көп-көп. Балаларымыз көңілді Шақырайық ортаға Тойымызға сән беріп Би билейік жаңаша Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік Би «Бизнесмендер» ұлдар Жалқаубек (Балқия): Ой балалар, апаларың да аналарың да шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек? Тәрбиеші: Олай болса ата-аналармен де «Ия, ия, жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе? 2.Сабақ оқытуға, есепке жүйріксіз бе? 3.Баланы уақытылы тамақтандырасыз ба? 4.Балаңыз қиқарланса төзімділік білдіресіз бе? 5.Сериал көріп жатасыз ба? 6.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деп ойлайсыз ба? 8.Сен оқып, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 10.Бала үшін асулардан асасыз ба? Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекемізге Әліппе келіпті. Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың Әліппе болады. Әліппе (Айша): Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мен сендерді сырттарыңыздан бақылап тұрдым. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Жақсы балалар екенсіңдер. Балалардың тақпақтарына берейік. Амина Қызық күндер өткіздік Балабақша бағында Көп оқыдық көп білдік Ел мен Отан жайында Жігер: Бал күлкілі баламыз Оттай лаулап жанамыз Бейбіт таңда бас қосып Би билеп, ән саламыз Ерасыл Т: Ботақандай бөбек деп Еркелеткен ұл, қызын Анамызды ерекше Қуантамыз біз бүгін Айым Н: Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып балабақшамен Біріншіге барамыз Би «Гүлдер» Жалқаубек (Балқия): Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добыңнан да қызық ойын екен, мен де үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар күзде мектепте кездесейік. Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой. Ән «Біз мектепке барамыз» Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! Дендеріңіз сау, аман-есен мықты болсын! Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын! Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын! Бір ана, бір атаның тірегіміз Бір болсын қайда жүрек тілегіміз Бірлік барда, тірлік бар деген бабамыз Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! Міне балабақшамыздың жүректері лүпілдеп, мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерге барынша көрсетті. Ақ жол тілеймін, сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін балабақша меңгерушісіне және ата-аналарға береміз!