Әлихан Бөкейханов - XX ғасыр ұлт көшбасшысы

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Әлихан Бөкейхановтың Алаш қайраткері екенін біледі.(білу,түсіну) Оқушылардың басым бөлігі: Әлихан Бөкейхановтың Алашорда үкіметін құрушы тұлға екеніне сипаттама береді.(қолдану) Кейбір оқушылар: Әлихан Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасайды. Дәлелдер келтіре алады. (талдау, жинақтау) Бағалау критерийлері 1. XX ғасырдың 20-30 жылдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тарихын зерттейді. 2. Ә.Бөкейхановтың және Алаш зиялыларының қазақ тарихындағы орнына баға береді, саяси портретін жасайды. 3. Ә.Бөкейхановтың қоғамдық қызметі және ғылымдағы жолына талдау жасайды . Тілдік мақсаттар Жазылым: Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен танысады, дәптерлеріне түртіп отырады. Оқылым: Алаш қайраткерлерінің еңбектерінен үзінді оқиды. Картамен жұмыс жасайды. Айтылым: Тақырыпты оқып түсінгендерін айтады, сұрақтар қояды. Тыңдалым: Алаш зиялыларының шығармашылық мұралары туралы видеоролик көреді. Өз ойларын ортаға салады. Пән бойынша лексика мен терминология: Алаш партиясы, Алашорда, «Қазақ газеті», құрылтай, «Оян қазақ», Сталиндік лагерьлер, репрессия, автономия, Алаш зиялылары Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: 1917 жылғы Ақпан революциясынан ...... қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін..........құрылған. «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынды. «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар ......

Автор: Мамытов Шакен Галымжанович

Журнал «Просвещение». Выпуск №3(23)