Орта білім берудегі инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Оқу орнында жұмыс жасайтын кез-келген тұлға «Педагогикалық технология» терминімен таныс. Педагогикалық технология күрделі жүйе, ол педагогикадағы «Қалай оқыту керек?» деген басты сауалға жауап береді

Автор: Мухаметжанова Арайлым Даулетбаевна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқан болатын. Бұл сөздермен келіспеу қиын. Оқу орнында жұмыс жасайтын кез-келген тұлға «Педагогикалық технология» терминімен таныс. Педагогикалық технология күрделі жүйе, ол педагогикадағы «Қалай оқыту керек?» деген басты сауалға жауап береді. Яғни, педагогикалық технологиялар – оқытудың әдіс-тәсілдер, құралдар, жолдарының күрделі жиынтығынан құралады. Осы ұғымнан ары қарай «Жаңа (инновациялық) педагогикалық технология» түсінігі өрбиді. Жалпы, «Инновация» сөзі «жаңа, жаңашыл» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологияларына: модульдік оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативтік технология (АКТ), саралап оқыту, сатылай кешенді талдау, жобалау, деңгейлеп оқыту технологиясы т. б. жатады. Осының ішінен ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталсам. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әр жеке тұлға үшін қажетті де маңызды шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушы тәрбиелеу мен оқыту мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Пән мұғалімдерінің өз пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндауы, оқулықты пайдалануы қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында қызықты да тартымды етіп, бейнелі түрде түсіндіруге арналып жасалған электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Білім берудің кез-келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Кез-келген технологияны іске асырудың құралдары болары анық. АКТ-ны жүзеге асыру үшін келесі құралдар қолданылады: интерактивті тақта, мультимедия, ғаламтор (интернет) кеңістігі, электронды оқулық. Қарап отырсақ, ақпараттық-коммуникативтік технология құралдары қазіргі заманауи техникамен тығыз байланысты. Яғни, оқушылар үшін қызықты да тартымды болмақ. Ал, сабаққа деген ынтасы зор оқушы кез-келген тақырыпты меңгеріп кетуге мүмкіндігі бар деген сөз. Бізге ең керегі осы емес пе? АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Яғни, деңгейлік тапсырмалар баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып орындатылады, бұл оқушыларға жүйелі түрде өз білімдерін толықтыруға жақсы мүмкіндік береді. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге үйретеді, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Демек, сабақтың білімділік те, тәрбиелік те, дамытушылық та мақсаттары жүзеге асырылады деп айтуға болады. Педагогикалық технологияларды таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: - Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы; - Тиімділігі, жүйелілігі; Сабаққа іріктелген жаттығу, тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы өте маңызды. Оның маңыздылығы: оқушылар үшін практикалық құндылығының болуы; оқушылар өмірімен байланысты болуы; олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалуы; оқушылардың қызығушылығын тудыруы; оқытудың практикалық мақсаттарына сай болуы керек. Бұл әрине жаңа технологияларды пайдалануға да қатысты. Сонымен, жаңа АКТ - ны мектепте оқыту үрдісінде пайдаланудың тиімділігі: 1) Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; 2) Ақыл – ойын, логикалық ойлау қабілетін дамытады; 3) Шығармашылық белсенділігін арттырады; 4) Ұжымдық іс – әрекетке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелейді; 5) Тіл байлығын жетілдіреді; 6) Жан - жақты ізденушілігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Қорыта келгенде: Инновациялық технологияны қолданудың нәтижелері: 1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады. 4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар. 5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді 6. Оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. 7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж. 2. Еркебаева Г. Ғ. Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б. 6-9. 3. Смирнова С. А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 4. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. 5. Халықова К. З., Абдулкәрімова Г. А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.