Мен таңдаған мамандық – автомеханик

Мақсаты: «білім алушыларға автомобиль тарихының пайда болуы туралы мағлұмат бере отырып, қоғам өмірінде автокөліктің қажет екенін ұғындыру»

Автор: Алдабергенова Гулнар Мақатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: «білім алушыларға автомобиль тарихының пайда болуы туралы мағлұмат бере отырып, қоғам өмірінде автокөліктің қажет екенін ұғындыру» Тәрбие сағатының өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Өндірістік оқыту шеберінің сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және білім алушылар!!! Бүгінгі «Мен таңдаған мамандық – автомеханик» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер Көрнекті құралдар: Бейнеролик Тәрбие сағытының мақсаты: Білім алушыларға автомобиль тарихының пайда болуы туралы мағлұмат бере отырып, қоғам өмірінде автокөліктің қажет екенін ұғындыру, өз мамандығының мақтанышы болуына тәрбиелеу. Бүгінгі тәрбие сағатымызды дайындау барысында топ мүшелері көп ізденді, сондықтан бүгін сіздер автомобиль тарихынан көптеген қызықты мағлұматтар аласыздар деген үміттемін!! Ал енді сөз кезегін жүргізушілерге берейін. Видеоролик мультик- «Тачки» Жүргізуші 1: Армысыздар, құрметті ұстаздармен білім алушылар! №6- топтың ұйымдастыруымен өтетін «Мен таңдаған мамандық – автомеханик»- атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!!! Жүргізуші 2: Мамандықтың кез - келгенін игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір, себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып, сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Жүргізуші 1: Біз таңдаған мамандықтың қазіргі нарықтық экономика саласында алатын орны ерекше. Алдымен сіздерді, автокөліктің шығу тарихы туралы маңызды деректермен таныстырайық: Автокөлік (гректің «auto» сөзінен аударғанда - «өздігінен», латынның «mobilis» сөзінен аударғанда «қозғалатын» деген мағынаны білдіреді) - өздігінен рельссіз қозғалысқа келетін транспорт, оның өз алдына қозғалысқа келтіретін қозғалтқышы бар, негізінен жер бетімен қозғалысқа келіп, адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін арналған. 1769 - 1770 жж. француз өнертапқышы Жак Кюнью үш дөңгелекті арбаның жабдығын құрастырды. «Кюнью арбасы» тек автокөліктің пайда болуына ғана емес, паровоздың пайда болуына да түрткі болды, себебі қозғалысқа үлкен будың күшімен ғана келді. Жүргізуші 2: XIX гасырдың аяғында өздігінен жүретін автокөлік пайда болды. Бұл кезеңде автокөлік - ең мықты және ешқандай транспорт орнын өзгерте алмайтын. Бұл пайда болған транспорт ең маңызды транспорт болып табылды. 1901 жылы Карл Бенц бірінші болып төрт дөңгелекті автокөлік жасап шығарды. Бұл автокөліктер техникалық қызмет көрсетуі, жөндеуі және жүрісі жайлы, ұзақ жолға төзімді болуымегн ерекшеленді. Видеоролик «Қазақстандықтар электр қуатымен жүретін көліктерге көшіп жатыр» Оқушы: Кәрібай Арыстан Автомеханик – көлік жөндеу жұмысы мен техникалық қызметін жүзеге асыратын қызметкер. Мұнымен қатар, құрал-сайман мен аспаптарға диагностика жүргізіп, оның техникалық күйін бақылайды. Автомобильдерді сканерлейді. Автомобильдің толық әрі уақытылы қызмет көрсетуі, агрегат пен түйіндердің қайта қалпына келтірілуі, механизм мен детальдың реттелуі. Оқушы: Сатбаев Еламан Бұл – өте қауіпті мамандық. Құлап жарақат алады, көздеріне зақым келеді. Ауыр заттарды жиі көтеретіндіктен, сүйегі сынып, бұлшық еттері босаңсиды. Токқа түсіп, терісі тілімденуі мүмкін. Осы секілді денсаулыққа кері әсерін тигізетін тұстары көп. Сол себепті бұл мамандықты екінің бірі игере алмайды. Оқушы: Амір Еламан Автомеханик мамандығына қойылатын талаптар: Күш пен шыдамдылық; көзбен өлшеу; бұлшық еттің сезгіштігі; есте сақтау қабілетінің жақсы болуы; байқағыштық; жылдам реакция таныту; табандылық; тәртіп; ең бастысы, жауапкершілік. Видеоролик «Күн сәулесінен қуат алатын көлік жасалды» Жүргізуші 2: Енді викториналық сұрақтарға жауап берсеңіздер. 1.Әлемдегі ең кішкентай автокөлік? 2.Әлемдегі ең ұзын автокөлік ұзындығы? 3.Ферари компаниясын құрушысы? 4.Ферари компаниясы күніне қанша автокөлік шығарады? 5.Радарды ойлап тапқан адам? 6.Көшелері автокөлікпен толы қала? 7.Ең үлкен автокөлік жүгірісі (пробег) ? 8.Күніне ең көп автокөлік шығаратын компания? Оқушылардың жауаптары: 1. Peel p50 134см ұзындық, ені 99 см 2. 30.5 м 3. Энцо Ферари 4. 14 автокөлік шығарады 5. Роберт Уотсон-Уотт 6. Люксембург 1000 адамға шаққанда 570 автокөлік, ең қызығы ол жерде автокөлік кептелісі болмайды. 7. 5 милион км.Бұл көрсеткіш Мерседес автокөлігіне тиесілі. 8. Тоята, күніне 13000 автоөлік. Оқушы: Берікбол Жастықта әр тараптың басын шалсаң, Қармақты тәуекел деп суға салсаң. Еңбегің еңбектенген кетпес зая, Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң. Оқушы: Берік Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу! Оқушы: Сембай Жандос Білім алушыларға ескерту ережелер: Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын: Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол! Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста! “Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды. Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт Қорытындысы Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз! Өндірістік оқыту шеберінің сөзі: Енді осымен біздің «Мен таңдаған мамандық – автомеханик» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Бүгінгі тәрбие сағатынан білім алушылардың өзінің мамандығын бұданда мақтаныш тұта отырып, «сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай келешекте мемлекетіміздің біліктіде білімді маман иесі болуларыңа тілектеспін!!! Зейн қойып, назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!!!