Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны

Бұл сабақтың басты мақсаты жыр алыбы Жамбыл жайында мәлімет беру, дастанның мазмұнын, идеясын тану, білімдерін тереңдету болып келеді. Түсіндіру, талдау, тест, баяндау сияқты әдіс тәсілдер қолданылып, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізілді.

Автор: Кустаева Тамара Сергеевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №3 (5)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: білімділік – жыр алыбы Жамбыл жайында мәлімет беру, дастанның мазмұнын, идеясын тану, білімдерін тереңдету; дамытушылық- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін дамыту, шығармашылық ойлауын арттырып, көркемдегіш сөз құралдарын табуға баулу, мәнерлеп оқу, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтану; тәрбиелік- елін, жерін сүюге, өзіндік пікірін ашық айта білуге,бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу. Түрі: білік пен дағдыны қалыптастыру. Әдісі: түсіндіру, талдау, тест, баяндау. Көрнекілігі: ақынның портреті, интерактивті тақта, карта, гүлдер. Пәнаралық байланыс:тарих, география. Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру . Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру. Ақын портреті үстіне сұрақтар жасырылады.Балалар ұяшықтағы сұрақтарға дәл жауап бергенде ақын портреті ашылады. 1. Мағжан Жұмабаев кім? Ол жайында не білесің? 2. Ақын шығармашылығы жайында не айтасың? 3. Ақынның білімді адамның бойында болады деп көрсеткен қасиеттері. 4. Білімнің адам өмірінде алар рөлі қандай, ол үшін не қажет? II.Жаңа сабақ. Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне шығып, найзагер кісі болған екен.Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуан, ділмар шешендер шыққан. Жамбыл 35 жасында, яғни, 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде атақты ақын Құлманбетпен айтысып жеңіске жетеді. «Айтыстың арыстаны»атанған Жамбыл өткір, уытты жырлармен қатар кең тынысты ұзақ эпикалық туындылар шығарады. Халық эпосы мен ертегілерінің және тарихи жырлардың дәстүрінде ақын «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сынды белгілі поэмаларын туғызды. Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Сәкен Сейфуллин ІІІ.Класстер әдісі. Өтеген батыр (1699-1773)-ХVІІІ ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. «1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып,Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты»деген аңыз да бар. Өтеген батыр-ел арасында аңызға айналған адам.Оны алғаш жырлаған Сүйінбайдың бабасы Күсен ақын.Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда,Тілеміс,Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен.Бұлардың ішінде бізге жеткені-Жамбылдың «Өтеген батыр»дастаны.Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан.Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар. Жиделібайсын жерін картадан оқушы көрсетеді. Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан»басталған.Ықылым заманаларға көз жіберсек,Жиделібайсын жері-осы жер. Әзілхан Нұршайықов. ІV.Композициялық құрылымына талдау. V.Талдау жұмысы. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі және өлең құрылысына талдау. Ө/те/ген// а/ман/-е/сен// кел/ді дей/ді, 11б а А/ра/лап//та/лай жер/ді//көр/ді дей/ді. 11б а Бір жай/лы//қо/ныс із/деп//он же/ті жыл 11б б Ел-жұр/тын//а/ман/-е/сен//көр/ді дей/ді... 11б а 4 тармақты,3 бунақты,11 буынды қара өлең ұйқасы. Теңеу:қойдай шулап,құрдай жайнап. Эпитет:жақсы жер,жақсы қоныс,жабайы арпа,қара шеңгел. Асонанс: Айтады көрген менен білгендерін, Аралап жиһан кезіп көрген жерін. VІ.Төрт жолды өлең. 1.Батыр. 2.Айлалы,қайратты. 3.Қорғайды,жеңеді,аттанады. 4.Біз батырларды құрметтеуіміз керек. 5.Ер. VІІ.Өтеген батырға хат. -Сәлеметсіз бе,Өтеген батыр!Мен сіздей батыр,батыл,ержүрек ,тепсе темір үзетін жігіт болғым келеді.Түсінбегенім:елім деп,жерім деп он жеті жыл жүріп шұрайлы жерді тапқаныңызда,бір сәтте халқыңызды тастағаныңыз қалай?Егер мен сіздің орныңызда болсам,халқымды көндірер едім.Бірақ сіздің ерлігіңізді кейінгі ұрпақ әр кез үлгі етіп есінде ұстайды. Хат жазушы:5-сынып оқушысы . -Сәлеметсіз бе,Өтеген аға?Сіз өз халқыңыз үшін он жеті жыл жырақта жүрдіңіз.Жиделібайсынды тауып,еліңіздің жақсы тұрмыс кешкенін қаладыңыз,ал халқыңыз сіздің тіліңізді алмады.Олар сізге риза болуы қажет еді,өйткені он жеті жыл жақсы қоныс іздеу үлкен шыдам мен төзімді қажет ететін қиын шаруа деп білемін. Хат жазушы:Гүлім . VIII.Философиялық стиль.Өтеген батыр сияқты 17 жыл елің үшін жер кезер ме едің? Оқушының жауабы:Егер мен Өтеген батырдың орнында болсам,қайсар да қайратты мінезіммен елімді Жиделібайсын жеріне көшіруге бар күшімді салатын едім.Шиеленісті шешіп,жұртымды қаһарлы орыс қолына тастап кетпес едім. Әйгерім:-Мен Өтеген батыр секілді он жеті жыл елім үшін шұрайлы жер іздер едім.Әйтпесе елімді орыстар басып алады ғой.Сондықтан Жиделібайсындай жерді табуға күш салар едім. ІХ.Блиц-тест.Оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы үш түрлі гүл арқылы көрсетеді. 1.Жамбыл қай жылы дүниеге келді? А)1846 ә)1847 б)1848 2.Ақынға бата беріп,ақындық өнердің қыр-сырын үйреткен кім? А)Сарбас ә)Абай б)Сүйінбай 3.Ақын ең алғаш кіммен айтысты? А)Сарбас ә)Құлманбет б)Сары 4. «Өтеген батыр»дастанының тақырыбы: А)баю, дәулет жинау ә)жақсы қоныс б)табиғат 5.Дастандағы халық арасына алалық салатын кейіпкерлер: А)Байсары,Ерсары ә)Кендебай б)Толағай. Х.Үйге тапсырма: жырдан үзінді жаттау; туған жерге байланысты сурет салу және мақал-мәтел жаттау. ХІ.Бағалау.