Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу

Бұл мақалада орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу туралы айтылады. 1-сыныпта жаңарту бағдарламасы бойынша жұмыс істеу. Орыс тілінде оқытатын мектептерде қаза

Автор: Уразалиева Жанар Кихматовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Қарқынды өзгерiп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе. Ал XXI ғасырда әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізуде. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етіп отыр. Әлем осылай жылдам өзгеруде. Оқу барысындағы білім сапасы жоғары және өмірде қолдана алатына көз жетіп, егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт-бағдар алуда. Қазіргі таңда жаңа оқытудың негізгі мақсаты-балаға білім бере отырып, оның ойлау қабілетін дамытуға, ойын ашық айтуға, өмірге бейім, сабаққа деген белсенділігін арттыру, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу негізін қалау, өздігінен шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп атап көрсеткен. Мұғалім оқушылардың бойына, сенім, парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті –тұлға. Сондықтан біз өзгеруіміз керек, өйткені оқу үздіксіз жүріп жатқан үдеріс, ал оны тоқтату мүмкін емес. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қолға алынған. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар көп ұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларды табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіре алады. Қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасы осы талаптарға сәйкес тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі қолдануы ерекшеліктері туралы білімді меңгеруге қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде оқушылар сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық тіркестерімен толықтырып, оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың көмегімен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп қазақ және орыс мәдениетін, сондай-ақ басқа да халықтардың мәдениетін түсініп, құндылықтарын бағалауды үйренді. Қазақ тілін оқу барысында жаңаша даму тенденциялары, әсіресе жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдер арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік кешендерді қолданды. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында1 сынып оқушыларымен жаңартылған білім беру құрамымен, жаңа педагогикалық тәсілдері мен оқытудың белсенді формалармен жұмыс істедім. Жаңартылған мазмұны бойынша сабақтарда келесі сұрақтар қарастырылады: - Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер; - Критериалды бағалаудың негізі; - Жаңа үлгі бойынша сабақ жоспарлауы; - Білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру. Білім бере отырып,тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әртүрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,сауатты,өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті тұлға болып саналады. Сыни ойлау-ашық қоғам негізі. Сыни ойлау дегеніміз-әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап,белгілі-бір қорытынды шығарып,өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Нағыз сабақ-ол әрқашан диалог,іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қазақ тілі сабағында «Топтау», «Ойлану», « Жұпта талқылау», «Әлемді шарлу» т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылып жатқанына, ал бағалау тәсілдері оқушыларға қажетті және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне көзіміз жеткілікті. Жалпы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық нақты етіп бере білу жолында. « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тіл дамыту жұмыстарында көмегін көптеп тигізері анық. Сыни тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді,негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді,ойлауды дамытады,қызығушылықты артттырады,кез келген сабақты,кез келген сабақты меңгереді,оқушы өзін-өзі тәрбиелейді. Жаңалыққа жаны құмар мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс деп есептеймін. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Сол себептен алдымызда тұрған өзгерістерді енгізіп, 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жұмыс барысында болдық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан дүниесін сенім мен тілектін шуағымен нұрландыра түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ алды мұқият дайындығы, жүйелі жоспары, дұрыс ұйымдастыруы шеберлігі-нәтижелі білім берудің кепілі.