Биологиядан оқытудың заманауи үлгілері

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады.

Автор: Кирбасова Индира Нуртасовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Бүгінгі дәуір – жаһандану дәуірі. Сондықтан білім беру жүйесі де бір орында тұрып қалмай үздіксіз жетіліп, оқытудың түрлі заманауи оқыту тәсілдері қолданылу үстінде. Яғни білім беру үрдісі - әлеуметтік құрылымның маңызды бір элементтерінің біріне айналуда. Сондықтан барлық дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі күн санап артып, адамның болашағы да оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болары сөзсіз. Қазіргі уақытта біздің республикамызда білім берудің жаңадан жасалған жүйесі әзірленіп, әлемдік білім беру үшін күнделікті сабақты үнемі қалыптасқан дәстүрлі формада өткізгеннен гөрі оқытудың сан-алуан жаңа технологиясын, жаңаша әдіс-тәсілдерін сондай-ақ дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу өте тиімді болып отыр. Яғни, осы бағытта білім берудің әртүрлілігі, құрылымы ғылымға, тәжірибеге негізделіп жасалған жаңа да тың идеялар мен жаңа технологиялар бар. Сондықтан да оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алу өте маңызды. Бүгінде оқытудың озық технологияларын жан-жақты меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу тіпті де мүмкін емес, себебі, сабақ барысында қолданылған жаңа технологиялардың әрбіреуі әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы әбден мүмкін. Жұмыстың мақсаты: оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыруда оқытудың заманауи үлгілерінің маңызын талдау. Міндеттері: - жаңа технологияларды қолдану барысындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты нәтижелерін салыстыру; - пәнді оқытуда жаңа технологияларды қолдану барысындағы оқушы нәтижелерін жыныс ерекшеліктеріне байланысты салыстыру; Деңгейлік курс бағдарламасын мектептегі тәжірибе кезеңінде жүзеге асыру барысында зерттеу сыныптары ретінде 6-7 сыныптарды таңдап алдым. Курс барысында меңгерген сабақ өткізудің заманауи технологиялары мен сабақ барысында жүзеге асырылатын оқытудың жеті модулін қолдана отырып іс-тәжірибемді жүзеге асырдым. Сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру басты мақсатым болды. Әр сабақтың оқушылар үшін қызықты, тартымды, қажеттіліктеріне сәйкес болуы – жас ерекшеліктеріне сай оқытудың маңызды ұстанымы. Пәнді оқытуда қолданған жаңа технологиялардың маңызын анықтау мақсатында тоқсан аралығында зерттеу сыныптарының нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалды. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау, АКТ, диалогтік оқыту, деңгейлеп оқыту, саралау технологияларын, Блум таксономиясын қолданып, оқушы білімін жан-жақты жетілдіруге жағдай жасау басты мақсатым болды. Заманауи технологияларды қолдану арқылы өткізілген сабақтардан кейін кері байланыс нәтижесінен оқушылардың білім нәтижелерінің I-IV тоқсан аралығында ілгерілегені байқалды. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады: 2016 – 2017 оқу жылындағы 6-7 сыныптардың І және ІV тоқсандағы қорытындысын салыстыру Сондай-ақ, бұл оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру негізі болып табылады. Оқытудың мұндай түрі оқушылардың зейінін тұрақтандыруға және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сонымен қатар оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар ұйымдастырылды. Күнделікті сабақ өту барысында деңгейлік ерекшеліктері әртүрлі оқушыларды бір топқа бөлу қарастырылды және осы оқушылар үшін деңгейлік сұрақтар дайындалды. Оқушыларды мұндай тәсіл арқылы топтастыру оқушылардың когнитивтік дамуына байланысты жүргізілді. Когнитивтік даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Осыған сәйкес дайындалған тапсырмалар есте сақтау, қабылдау, қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бунақденелілердің даму жолдары Тапсырма 1 Биологиялық ұғымдар НТОЭЛООМИЯГ __________________ МАГОИ __________________ ЛСНЕДРӘІ __________________ ҚШЫҚУРА __________________ АРУТ УМАД ___________________ АҚТРЫМҰЖ ___________________ Тапсырма 2 Даму жолдары 1. Инелік 2. Маса 3. Көбелек 1 2 3 А. Тура даму В. Шала түрленіп даму С. Толық түрленіп даму Тапсырма 3 Даму сызбанұсқасын жаса Тура даму: Шала түрленіп даму: Толық түрленіп даму: Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар теориялық материалды өздігінен зерттеу, қабылдау, есте сақтауға жұмыс жасайды. Осы тапсырмаларды теориялық материалды қолданып орындағанда осындай қабілеттердің дамуы жоғарыдағы диаграммада көрсетілген. Мысалы материалды қабылдау қыздарда жоғары деңгейді көрсетті. Ал, ұлдардың қабылдауы әркелкі байқалды. Есте сақтау жағынан да қыздарда ерекшелік бар. Зерттеу тақырыптың қызығушылық тудыруына байланысты әркелкі байқалды. Тәжірибе барысында ескерілген тағы бір мәселе – пәнді оқытуда жаңа технологияларды қолдану барысындағы оқушы нәтижелерін жыныс ерекшеліктеріне байланысты салыстыру. Сабақ процесінде пәнді оқуда қыз балалардан гөрі ұл балалардың анағұрлым белсенділіктері жоғары болды. Оның себебін биология пәнін оқытуда түрлі зерттеу жұмыстарының, атап айтар болсақ, зертханалық тәжірибелік жұмыстар, биологиялық диктанттар, зерттеу құралдарын пайдалану, АКТ құралдарымен жұмыс оқушы қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызды. Дегенмен, 7 «А» сыныбына қарағанда 6 «А» сынып ұлдарының белсенділіктері анағұрлым жоғары екеніне көз жеткіздім. Оны келесі диаграмма арқылы байқауға болады: Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделіп отырғаны бізге мәлім. Осы орайда әрбір ұстаз озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау ХХ ғасырдың басында белгілі ақын Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деп бекер айтпаса керек. Осы орайда биология пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді әрбір сабақтарда пайдаланған өте тиімді болмақ. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп атақты А. Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде биология пәніне тиімді жақтары өте көп [1]. Сабақ барысында бұл әдіс тәсілдердің баланың қызығушылығын оятып, білімін жетілдірері қайсы екен деген ойлар келеді. Саралай келе әрбір сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықталып көз жеткізіледі. Бұл қолданыстан әрбір ұстаздың ұтылғанынан ұтқаны көп болды деп айтуға негіз бар. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы болуы қажет. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол ұстаздың шеберлігіне байланысты. Жалпы оқытудағы ұстаздың өз міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту болғандықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отыру тиімді. Неге? Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын толығымен қамтамасыз етеді. Мұғалім баланың бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне нақты баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Ал осы процес сабақ барысында жүзеге асуы үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылып, оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны абзал. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана – сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді [2]. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік – экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей. Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [3]. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Сондықтан, заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің ең өзекті де өткір мәселелерінің біріне айналып отырғаны даусыз. Заманауй білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес. Яғни,заманауи технологияны меңгеру ұстаздың оқу-тәрбие үрдісін жүйелі түрде ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі таңда білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне өзінің әсерін береді. Ғалымдар биологияны — XXI ғасыр ғылымы деп танығандықтан, ол жаңа ақпараттық технологияларыменз өте тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде болып отырғандықтан, бұл пәнді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі орасан зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Саралап қарайтын болсақ, оқушылар биология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздігінен меңгере алады. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Биология пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Сондай –ақ, пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды және қорытындылауды қажет етеді. Кей жағдайларда оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді, айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сутеттер т. б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы. Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысу қажет. Себебі,оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеу керек. Ал ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта жиі қолдану қажет. Биология сабағын өтуде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасалып, оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткізілсе, және сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп қолданылса сабақ өз сапасын бермек. Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек. Мысалға, биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік берері сөзсіз. Қорытынды Биологиядан оқытудың заманауи үлгілері оқушының сабақ барысында әлеуметтік өзара іс-әрекеттер арқылы білім алуында маңызды рөл атқарады. Біріншіден: ассоциациялар арқылы нұсқаулық беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең – кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді. Ассоциативті оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашады. Екіншіден: оқушылар белсенді зерттеулер – зерделеу, эксперимент, басқалардың жетекшілігімен зерттеу, тапсырмаларды орындау, ойлау арқылы түсінік пен дағдыларды құра отырып білім алады. Әлеуметтік – сындарлы оқыту дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек түсінуге әкеледі. Үшіншіден: оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Осы әдістер: оқушының белсенділігі; күтілетін қажетті нәтижелерге сай зияты; қажетті іс-әрекеті; өзара ықпалдасуына жеткізеді. Оқытудың заманауи үлгілерін биология сабағында жүйелі қолдану не үшін маңызды? Білім алу теориясы мұғалімдер үшін тікелей нұсқау бермегенімен, оқу мүмкіндіктерін ұлғайту үшін білім алу ортасын қалай құру туралы нақты қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік ашылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 1. К. Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 2. Б. А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 3. С. Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88 4. Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. -1998 5. Арынгазин К. Становление новой образовательной парадигмы // Вестник КарГУ. — 1997. — №3 6. Кулев А. В. Биологические задачи исследовательского характера // Биология в школе. — 2009. — № 6. Сілтемелер: 1. Аужанова Н. Б. Внеклассная работа по биологии. Учебное пособие. –Алматы: Даир, 2008. – 240 б. 2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б 3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010. 6-б 4. Аужанова Н. Б. Дидактические игры по биологии и экологии. Методические рекомендации. – Алматы: Даир,2008. – 88 бб