Ансамбль жұмыс жоспары

Мақалада музыкалық ансамбльдердің тек арнайы музыкалық білім беретін мектептерде ғана емес, кез келген жаста кәсіби білім алуға үйретуші орта ретінде дамуының сұрақтары мен мүмкіндіктері қарастырылған.

Автор: Узалин Ернат

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі таңда музыка мектебінің мәдениеті кең таралуының негізгі базасы болып табылады. Жалпы музыкалық білім беру мектебінің мақсаты – музыканы өз мамандығы ретінде тандайтын дарынды балалардың ғана емес, онда оқитын барлығының дәулетті ету. Оркестрлік бөлімде музыкалық тәрбие беру екі мақсатты көздейді – өз оқуын музыка колледждерде жалғастыра алатын, ой-өрісі кең жақсы аспапшы даярлау, және концерттерде енжар тындаушы ғана емес, көркем өнерпаздыққа белсене қатысатын сауатты музыка сүйетіндерді тәрбиелеу. Оған тек БММ ұстаздары оқушыларың өнерге деген қызығушылық пен адалдығын оята алса, музыка құбылыстарға өз бетімен баға беруді үйретсе, мектеп түлегі тіпті кәсіпқой болмаса да өз шеберлігі мен дағдыларын пайдалана алатындай етіп музыканы сүйюге дағдыландырса ғана қол жеткізуге болады. Көркем өнерпаздық оркестрлері мен ансамбльдерге сараптама жасай отырып, көптеген қатысушылар ұжымға музыка мектепті аяқтаған соң бірден келмегендігін айтуға болады, кейде тіпті ұзақ уақыт аралығынан кейін келген, ал шұғылданудағы кез-келген үзіліс ойнау кейпінің жоғалуына әкеледі, әсіресе әлі бекітілмеген; ұжым жұмысындағы кемшіліктер де осыдан. Көп жағдай бұл БММ ансамбль ойынына тиіс көңіл бөлінбегеннің салдары. Көп мектептерде оркестр және ішекті аспаптар ансамблі жоқ, оқуды бітірген соң балалар өнерпаздық ұжымдарына бара қоймайды, себебі оларға ансамбль және оркестрде ойын мәнері үйретілген жоқ. БММ оқу жылдарында ойнау дағдылары, қажет икемі немесе жұмысқа қабілеттілігінің болмауына байланысты оқушылардың басым бөлігінде мектеп концерттерінде жеке орындаушы ретінде өнер көрсетуге мүмкіндігі болмайды. Оқушылардың жалпы дамуының олардың орындау мүмкіндіктерінен озып түсетін басқа да жағдайлар болады. Бұл оқушыларды қызықтырмайды және өз кезегінде оқуға деген қызығушылығының жоғалуына әкеледі. Ал ансамбль мен оркестрде ойнау әртүрлі денгейдегі оқушыларды тең құқылы орындаушы етеді және партияның қиындығына қарамастан жауапты концерттерде өнер көрсетуге мүмкіндік береді, оқу процессін ынталандырады және оқудағы жетістіктерге жағдай жасайды. Музыкамен ұжымды әуестену мәселесінің музыкалды мектептер өміріндегі орны артып келеді. Ансамбльде аспапшы өзін ұжыммен музыка жасап шығаратын музыкант сезінеді. Ансамбль алдында бірнеше өзіндік тапсырма тұр: оқушылардың өз партиясын және жалпы ойынды тындай білуі, өз үнділігін жалпы үнділікке тең ету, ансамбльдік икемділігіне жету – өз әрекеттерінің ансамбльдің басқа мүшелерінің әрекеттерімен толық жарасуы, өзінде жеке орындаушы және сүйемелдеуші қасиеттерін тәрбиелеу, жылдам әрі толық бір тапсырманы орындаудан екіншісіне ауысуға бейімделу. Ансамбльдік музыка ойнаудың жеке орындаушы жеке орындайтын міндеттерден айырмашылығы – жеке міндеттермен мен тапсырмалардың ұжымдық сипаты. Осыдан бұл жұмыстың басты факторы – жалпының ісіне жеке жауапкершілік. Ансамбль мен оркестрде оқушының музыка мектепте және мамандығы бойынша класта үйренгенінің барлығы қосылады, музыка білімдер мен аспаптық дағдылары тәжірибе жүзінде іске асады. Тәжірибе көрсеткендей, ансамбльде музыкамен айналысумен әуестенетін балалар үлкен жүктемемен жұмыс істеген кезде өз жұмыс уақыттарын тиімді үлестіреді, ал ол орта мектептегі оқуына әсер етеді. Оркестр немесе ансамль жетекшілері – әдетте бұл оқушымен жұмыс ерекшеліктерін, репертуар тандау, партияларды үлестіру, нәтижеге жету кезінде маңызды болатын олардың техникалық дағдыларын жақсы білетін жетекші педагогтар. Жетекші өз пәнін жақсы білу қажет, балалардың оркестрде ойнауға қызығушылығын арттыра білу қажет. Оның алдында оқушыларға кәсіби дағдыларды бойға сіңдіру, қажет білімдерін жинақтау және байыту бойынша тапсырмалар тұр. Жетекшіден кәсіптік дайындығынан бөлек әсер етудің психологиялық факторларын пайдалану шеберлігі талап етіледі, қызығушылық пен әуестенушілігін ынталандыру, санасы мен есте сақтау қабілетін жұмылдыру. Концерттік өнер көрсетуіне балалардың шығармашылық қайтарымының кульминациясын есептей білу де қажет. Ансамбль жетекшісінің мамандық бойынша педагогтармен тығыз шығармашылық байланысы өте пайдалы, себебі ансамбльдер мен оркестр – олардың ортақ жұмысының нәтижесі, ортақ мәселлерді шешу. Әдетте ансамбль және оркестр жетекшілері оқушыларға партияны өздері үйретеді, бірақ қажет болған жағдайда мамандық бойынша педагогтар жұмысқа белсенді қосылады, өз оқушыларына көмектеседі. Ансамбльде ойнау оқушыларға, мектепке, ақыр аяғында көпшілік арасында музыкалық мәдениетті насихаттау ісіне бағаланбас пайдасын тигізеді. Сонымен қатар әр мектептің оқушылар контингенті, ұстаздар құрамы бойынша ерекшеліктері болады. Сондықтан ансамбль формасын аңықтаған кезде икемді болу қажет. Бұл үшін мүмкіндіктер көп: мамандық бойынша класс ішінде дуэттер, трио құруға болады... Бұл педагогке әр қатысушы мен ансамбльдің ойын сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Ансамбльдік пән оқу жоспары бойынша оқудың үшінші жылында басталады, бірақ педагогтер ансамбльге озат екінші сынып оқушыларын жиі қосады. Мұндай жағдайда қиындығы түрлі денгейдегі партияларды пайдалануға мүмкіндік туады. Мұндай ансамбль әмбебап, репертуар жағынан өте бейімделгіш болады, барлық қатысушыларды еліктіреді, кіші оқушылардың жұмысын ынталандырады. Көп мектептерде сабақтарға бұрынғы шәкірттерін қатыстырады. Шығармамен жұмысты бастамастан бұрын жетекші оны ансамбль үшін жете редакциялау тиіс. Қатысушылар құрамына байланысты нақты және ыңғайлы ерекшеліктер, біртұтас аппликатура, берілген шығармаға тән ырғақты ойластыру, орындаудың толық жоспарын белгілеу қажет. Ансамбль жетекшісі жаттығу-сабақтар кезіндегі оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға қалт етпейтін назар аудару қажет. Мұнда көп қиыншылықтар кездеседі, кішкентай да, үлкен де. Мысалы, ансамбль жетекшісі кезекті сабақты жоспарлауға міндетті: оны қалай бастау керек, бөліктері бойынша және жалпы қанша жұмыс істеу керек. Бірақ сабақ барысы жетекшіден жоспардан ауытқуда белгілі бір икемділікті талап етуі мүмкін (жұмысты жандандыру, назарды күтпеген сұрақтарға шоғырландыру). Бұл жағдайды дайындықта жоспарлаған кезде ескеру керек. Сабақты өткізу бойынша қатал уақыт шектері бар, оларды орындау қажет, себебі төменгі сынып оқушылары ұзақ мерзім қарқынды жұмыс істей алмайды. Шаршаған кезде зейін сейіледі, жұмысты жалғастырудың пайдасы жоқ. Осыдан ансамбль сабақтарын өткізу әдістемесінің маңызды талаптарының бірі: белсенді жұмыс пен демалысты үйлестіру. Қиын жағдайлардың бірі – осы уақытта бос топтың жұмысқа деген зейінін сақтап отыру. Дайындық кезінде зейінді белсендіру үшін оқушыларға басқа дауыс ноталарын орындауды ұсыну пайдалы. Бұл әсересе үзілістегі оқушыларға пайдалы. Оқушылар санасында үзілістер тұтас түзудің үнімен толады. Ұжымды сергіту үшін дайындалып жатқан пъесаның бір эпизодын болсын қарқынмен, жарқын, көрермендер алдындағыдай орындауға болады. Ансамбль сыныбының жетекшісі ауызша түсініктемелерсіз жұмыс істей алмайды. Оның мақсаты – оқушыларын ойын бағыттау, олардың шығармашылық қиялдарын ояту. Партияларды үлестірген кезде баланың намысына тимеу үшін ансамбльдің әр қатысушысының тең дәрежеде екенін түсіндіру қажет. Оқушы өзінің дайындық-сабақта дұрыс зейін қоймауы, жатталмаған партиясы бүкіл ұжымға әсер ететінің толық түсінуі қажет. Ансамбль немесе оркестрде оқушылармен жұмыс тәрбиелік және ұйымдастырушылық сипаттағы бір қатар талаптар қояды. Бұл ең әуелі ұжым алдында жауапкершілік сезімді тәрбиелеу – сабақтарға үнемі қатысу, сабаққа уақытылы келу, аспаптың техникалық күйіне мән беру, ол үшін мамандық бойынша ұстаз шектердің тазалығы, аспапты баптау машиналарын, «көпірлер», т. с. с. үнемі қадағалап отыруы қажет. Балаларға тәртіптің болмауы шығармашылық процеске кедергі келтіретіні, өз серіктерін сыйламауын білдіретінін айтып отыру керек. Саналылық және тәртіптіліктің үлгісі ұстаздың өзі болуы тиіс. Жетекшінің беделі өте маңызды рөл атқарады. Айтарлықтай қиындықтардың бірі – ұжымда таза интонацияға қол жеткізу. Мұнда есту бақылауы маңызды рөл атқарады, оны дамыту қажет. Шығармамен жұмыс басында оқушыға әр фразаны ішкі есту қабілетімен естуді үйрету керек. Оқушы партияны және оның жеке элементтерін ұстаздың қадағалауымен көп рет орташа ырғақпен, тыныш, дірілсіз орындайды. Оқушы үшін фразаны әндетіп және дирижерлік етуі пайдалы. Орындау таза болған кезде берілген фразаны ұстазбен бірге қосылып ойнау керек. Жеке оқушылардың таза интонациясына қол жеткізген соң топпен әр дауыстың интонациясымен жұмыс істе қажет. Барынша мүмкін таза тұтас интонцияға қол жеткізген соң ғана толық ансамбльмен ойнауды бастау керек. Мұнда қатысушыларға өз партияларын ғана емес, басқа партияларды да тындауды үйрету керек. Оқушыларға ансамбль және оркестрде ойнауды үйретудің басынан бастап орындаушылық дағдыларымен қатар беттен ноталарды оқуды үйрету керек. Бұл дағды үнемі дайындық және жаттығулар арқасында келеді. Беттен оқу ептілік, тапқырлық және белсенділікті тәрбиелейді. Нота мәтінін оқу қабілеті ноталарды орындауды ғана білдірмейді, нюанстер, ырғақтың пен кілттің өзгеруін сауатты оқуды білдіреді. Бұл дағды оркестр өмірінде үлкен рөл ойнайды. Концерт – оқу-тәрбие жұмысының маңызды элементі, ұжым ісінің шығармашылық нәтижесі. Ансамбльді өнер көрсетуге дайындау, эстрадада өзін-өзі ұстау, тұрақты зейінді қалыптастыру, барлық әрекеттердің нақтылығы мен дұрыстығы жетекші назарында болу тиіс. Әр қайсысы сахнаға белсенді, сымбатты болып шығу, қозғалыстағы ырғақ пен аралықты сақтау, сахнадағы өз орнын білу, әдемі отыру немесе тұру, шыққан кезде аспапты дұрыс ұстауды қадағалап отыру қажет. Ансамбльде ойнау жас музыкантқа тындаушылардың калың бұқарасымен шығармашылық қатынас жасауға мүмкіндік береді. Әдетте ансамбльдер – есептік концерттердің тұрақты қатысушылары, жалпы білім беретін мектептерде, мекемелерде, еңбекшілер алдында жиі өнер көрсетеді. Әр концерт оған қатысушылар үшін мереке және жақсы орындаушылық мектеп. Ансамбль ойыны орындаушылардың кәсіби шеберлігін дамыту формасы ғана емес, ол міңезді қалыптастырады, балаларды ұжымда жұмыс істеуге баулиды, музыка мәдениетін насихаттау бойынша ортақ іске қатысты етеді.